Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 17 шешімі. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 желтоқсанда № 9-16-131 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурызда аудан аумағында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын "Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiне тiркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Науырзым аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) "Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шаралар өткізу ұсынылсын.
      3. "Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келiсiм бойынша) "Науырзым ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттiк мекемесімен бірлесіп: әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеуге оқу орындарына наряд жеткізу; бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқутышыларды әскери оқу орындары жөніндегі анықтамалық материалдарымен қамтамасыз ету; аудандық газет арқылы жұмыс ұйымдастыру, әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыстың басталғаны туралы хабарландыру беруі ұсынылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсiн.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Науырзым ауданының әкiмi                   А. Балғарин

      КЕЛIСIЛДI:

      Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Науырзым аудандық орталық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      ___________________ Д. Абдуллаев

      "Қостанай облысы Науырзым
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________________ Е. Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады