Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 97 қаулысы. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 19 сәуірде № 9-17-113 тіркелді

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына және "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 118 қаулысына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыру немесе босатылу құқықтарынан айырылған, жасы он сегізден жиырма жетіге дейінгі еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ жиырма жетіге толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің бекітілген мерзімін өтемеген, оқу орындарынан шығарылған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысын ұйымдастырсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Сарыкөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды жеткізуді қамтамасыз етсін;
      2) аудандық шақыру учаскесінде шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті қолдау жөнінде жұмысты ұйымдастырсын.
      4. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бюджетпен қарастырылған қаражаттар шегінде шақыруды ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Берілген қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Сарыкөл ауданының әкімі                    Қ. Ғабдулин

      КЕЛIСIЛДI

      "Қостанай облысы Сарыкөл
      ауданының қорғаныс iстерi
      жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк
      мекемесiнiң (ММ) бастығы
      _________________ Т. Өтегенов

      "Қазақстан Республикасы ішкі
      істер министірлігі Қостанай
      облысының ішкі істер департаменті
      Сарыкөл ауданының ішкі істер
      бөлімі" ММ бастығы
      ____________________ З. Төлеубаев

      "Сарыкөл орталық аудандық
      ауруханасы" коммуналдық
      қазыналық кәсіпорынның бас
      дәрiгерi
      ________________ Ж. Құсаинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады