Сарыкөл ауданының шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 10 шешімі. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 желтоқсанда № 9-17-128 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабы 3-тармағы негізінде ШЕШЕМІН:
      1. 2012 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн (келiсiм бойынша).
      2. "Сарыкөл орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорынның бас дәрiгерiне (келiсiм бойынша) "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiмен (келiсiм бойынша) бiрлесiп тiркеу жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Сарыкөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша) шақыру учаскесiне азаматтарды тiркеу кезеңінде әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарған адамдарды iздестiрудi және ұстауды жүзеге асырсын.
      4. Селолық округтердiң және Сарыкөл кентiнiң әкiмдерi "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің шақыру учаскесiне тiркеуден өту үшiн азаматтардың уақытылы келуiн қамтамасыз етсiн және әскер жасына дейiнгiлердi әскери есепке алуға көмек көрсетсін.
      5. "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бастығына (келiсiм бойынша) "Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң білім бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiмен бірлесіп тіркеу өткізу кезеңінде:
      1) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеудегі нарядты ауданның оқу орындарына жеткізсін;
      2) бастапқы әскери даярлықтың оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары жөніндегі анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін;
      3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмысты ұйымдастырсын, әскери-оқу орындарына кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыстың басталғаны туралы хабарландыру берсін;
      4) тіркеу уақытында әскери-оқу орнына түсуге әскери-кәсіптік бағыттау мақсатында әр әскер жасына дейiнгiлермен жеке әңгімелесу өткізсін.
      6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсiн.
      7. Осы шешiм ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сарыкөл ауданының әкімі                          А. Тұрсынов

      КЕЛIСIЛДI:

      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Қостанай облысының Ішкі
      істер департаменті Сарыкөл
      ауданының ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесiнiң
      (ММ) бастығы
      __________ З. Төлеубаев

      "Қостанай облысы Сарыкөл
      ауданының қорғаныс iстерi
      жөнiндегi бөлiмi" ММ бастығы
      __________ Т. Өтегенов

      "Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң
      білім бөлiмi" ММ бастығының
      міндетін атқарушы
      ____________ Г. Холодило

      "Сарыкөл орталық аудандық
      ауруханасы" коммуналдық
      қазыналық кәсіпорынның
      бас дәрiгерi
      ___________ Ж. Құсаинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады