Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 380 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2011 жылғы 26 қазандағы № 498 шешімі. Қостанай облысы Федоров ауданы Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қарашада № 9-20-201 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 27.11.2014 № 279 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97–бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 380 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-20-183 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 4 қарашада "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
      4–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Уәкілетті орган, өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап, күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлайды, не тұрғын үй көмегін тағайындауынан бас тарту туралы дәлелді жауап береді, оның бір данасы өтініш берушіге беріледі.".
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрайымы                         О. Ковалева

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        С. Сералинова

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Федоров ауданының
      экономика және қаржы
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________ В. Гринак

      "Федоров аудандық
      жұмыспен қамту
      және әлеуметтік
      бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ Т. Волоткевич

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады