2011 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындары квоталарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 10 наурыздағы N 100/3 қаулысы. Павлодар облысы Железин ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 сәуірде N 12-6-109 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің 2014 жылғы 05 наурыздағы N 1-16/103 хатымен).

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің 05.03.2014 N 1-16/103 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1)-тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналастыруды қажет ететін мүгедектерді жұмысқа қабылдау және жұмыспен қамтылуға қолғабыс көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Железин ауданының мекемелеріндегі жұмыскерлердің жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін 2011 жылға жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін мүгедектерді жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.

Аудан әкімі

Ж. Шұғаев


  Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 10 наурызда N 100/3 қаулысына
қосымша

Мүгдектерді жұмысқа орналастыру үшін
Железин ауданы ұйымдарының тізімі

р/с

Ұйымдардың атауы

Квота бойынша жұмыс орындарының саны

Жұмыс істейтіндердің штат саны

1.

Железин ауданы әкімдігі Железин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Көмек" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1

43

2.

"Железин ауданының Алакөл жалпы білім беру орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

1

45

3.

"Железин ауданының Лесной жалпы білім беру орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

1

59

4.

"Железин ауданының Жаңа жұлдыз селосының жалпы білім беру орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

1

74


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады