Аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXI сессиясы) 2010 жылғы 5 ақпандағы N 186-4/21 "Әлеуметтік көмекке құқылы жеке санаттағы аудан азаматтарының тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 қазандағы N 279-4/37 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 10 қарашада N 12-6-124 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 ақпандағы N 15-5/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2012.02.29 N 15-5/2 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Железинка аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXI сессиясы) 2010 жылғы 5 ақпандағы N 186-4/21 "Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар ауданның жеке санаттағы азаматтар тізімін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-85 болып тіркелген, 2010 жылғы 6 наурызда аудандық "Родные просторы" газетінің N 10 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      13) тармақшадағы "кәсіптік дайындық және қайта даярлаудан өтуге жіберілген" сөздері "кәсіптік дайындық, қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өтуге жіберілген, өз бетінше жұмыс айналысушылар;"; деген сөздермен ауыстырылсын;
      18), 19) тармақшылар алынып тасталсын;
      25) тармақшада "аз қамтамасыз етілген" деген сөздерден кейін "және өз бетінше жұмыс айналасушылар;" деген сөздермен толықтырылсын;
      келесі мазмұндағы 35) тармақшамен толықтырылсын:
      "35) аудан әкімі және жоғары білім беру медициналық оқу орындарымен қызметтерін көрсету және төлеу үшін үш жақты келісім – шарт жасаған және ауданға қажетті медициналық оқытылып жатқан Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу студенттері.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік–экономикалық даму және бюджеттік тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Аудандық мәслихатының
      сессиясының төрағасы                       Б. Аипов

      Аудандық мәслихатының хатшысы              В. Крутиков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады