Лебяжі ауданының Шақа, Шарбақты, Майқарағай ауылдық округтеріндегі елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 қазандағы N 3/34 шешімі және Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 20 қазандағы N 1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 14 қарашада N 12-9-147 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес, ауылдардың басқару органдарының пікірін ескере отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Лебяжі ауданының:
      1) Шақа ауылдық округінің Шақа, Бәйімбет;
      2) Шарбақты ауылдық округінің Жабағлы ауылындағы зират,  Селезнев боры, Шарбақты ауылы;
      3) Майқарағай ауылдық округінің ескі Майқарағай ауылдық елді  мекендерінің шекаралары белгіленсін.
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджеттік саясат, әлеуметтік сала, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық
      мәслихат хатшысы                           М. Смағұлов

      Аудан әкімі                                А. Құрманова

2011 жылғы 20 қазандағы    
Лебяжі аудан әкімдігінің N 1   
Лебяжі аудандық мәслихатының N 3/34
бірлескен қаулы мен шешіміне  
қосымша           

Лебяжі ауданының Шақа, Шарбақты, Майқарағай ауылдық
округтеріндегі елді мекендердің шекаралары

р/с

Ауылдық округтер атауы

Елді мекендердің атауы

Жоспардағы шекараның барлық көлемі (га)

Оның ішінде

жайылым (га)

құрылыстар (га)

зират

басқа жерлер

1

Шақа





1)

Шақа

169,0

167,4


1,6


2)

Бәйімбет

306,0

275,6

30,24


0,16

2.

Шарбақты





1)

Жабағлы зираты

2,0

2,0




2)

Селезнев боры

4,2

2,5

1,7



3)

Шарбақты ауылы

46,1

46,1




3

Майқарағай





1)

Ескі Майқарағай

117,8

106,5

11,3



Барлығы 645,1 600,1 43,24 1,6 0,16

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады