Успен аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 шілдедегі "Успен ауданының жерлерді бөлу нобайын бекіту туралы" N 93/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы"

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 қазандағы N 215/41 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 қарашада N 12-12-117 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 85/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 31.07.2017 № 85/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Павлодар облыстық әкімдігінің 2002 жылғы 4 маусымдағы N 132/7 қаулысының күші жойылғанына байланысты, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Успен аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 шілдедегі "Успен ауданының жерлерді бөлу нобайын бекіту туралы" N 93/17 шешіміне келесі өзгерістер енгізісін: (2009 жылғы 28 тамыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-12-76 тіркелген, 2009 жылғы 12 қыркүйектегі N 36, 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 37, 2009 жылғы 26 қыркүйектегі N 38, 2009 жылғы 31 қазандағы N 43, 2009 жылғы 7 қарашадағы N 44, 2009 жылғы 14 қарашадағы N 45, 2009 жылғы 21 қарашадағы N 46, 2009 жылғы 28 қарашадағы N 47, 2009 жылғы 5 желтоқсандағы N 48, 2010 жылғы 5 маусымдағы N 23, 2010 жылғы 12 маусымдағы N 24, 2010 жылғы 19 маусымдағы N 25, 2010 жылғы 26 маусымдағы N 26, 2010 жылғы 3 шілдедегі N 27, 2010 жылғы 17 шілдедегі N 29 "Сельские будни" газетінде жарияланды).

      2 бөлім 5 тарауының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" N 1074 қаулысына сәйкес Ертіс өзенінің жайылмасы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатады.".

      2. Осы шешімді іске асыру үшін бақылау экономика және бюджет бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессиясы төрағасы С. Павленко
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Байғожинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады