Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 14 ақпандағы "2011 жылы аудан азаматтарының жеке санатын әлеуметтік қолдау туралы" N 57/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі N 132/2 қаулысы. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 19 мамырда N 12-13-127 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі N 35/01-17/820 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 27.09.2013 N 35/01-17/820 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 14 ақпандағы "2011 жылы аудан азаматтарының жеке санатын әлеуметтік қолдау туралы" N 57/1 қаулысымен бекітілген аудан азаматтарының жеке санатына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі Нұсқауға (одан әрі - Нұсқау) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-13-122 тіркелген, 2011 жылғы 17 наурыздағы аудандық N 11 "Трибуна" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      Нұсқаудың 2 тармағы келесі мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
      "32) Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектеріне Жеңіс күніне орай тізімдері берілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      33) Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге тіс протезін орнату үшін өтініш берілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      34) "1941 - 1945 соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған тұлғаларға, "Блокададағы Ленинград тұрғыны белгісі бар тұлғаларға тізім берілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      35) 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтарға тізім берілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      36) концлагердің бұрынғы тұтқындарына тізімі берілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      37) некеге қайта тұрмаған әскери қызметкерлердің жесірлеріне тізім берілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      38) Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметкер мен  ерікті жалдамалы құрамдағы тұлғаларға тізім берілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      39) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің қайта некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) тізім берілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      40) Қазақстан Республикасына және облысқа сіңірген еңбегі үшін зейнеткерлерге ағымдағы айдың 20-на дейін зейнетақысына ай сайын қосымша төлемақы;
      41) жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген қайтыс болған жұмыссыздарға өтініш бергеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде жерлеуге арналған біржолғы материалдық көмек;
      42) 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалары бар отбасыларға сандық спутниктік телеарнасын орнату үшін өтініш бергеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      43) Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге спутниктік телеарнасын орнату үшін өтініш бергеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      44) 2011 жылы туылған үшемдер отбасына өтініш бергеннен кейін күнтізбелік 15 күннен ішінде біржолғы материалдық көмек."
      3 тармағы келесі мазмұндағы азат жолдармен толықтырсын:
      "Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге Жеңіс күніне орай 30000 (отыз) мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге тіс протезін орнату үшін 15 000 (он бес) мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      2000 (екі) мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      "1941 - 1945 соғыс жылдардағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған тұлғаларға, "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға;
      1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтарға;
      бұрынғы концлагер тұтқындарына;
      қайта некеге тұрмаған әскери қызметкерлердің жесірлеріне;
      Ұлы Отан соғыс кезінде әскери қызметкерлер мен ерікті жалданған құрамдағы тұлғаларға;
      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің қайта некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) 2000 (екі) мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмектер беріледі.
      Қазақстан Республикасына және облысқа сіңірген еңбегі үшін зейнеткерлерге ай сайын зейнетақысына 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша төлемақы;
      Қайтыс болған жұмыссыздарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жерлеуге арналған біржолғы материалдық көмек;
      16 жасқа дейінгі мүгедек-балалары бар отбасыларына сандық спутниктік телеарнасын орнату үшін 22 000 (жиырма екі) мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге спутниктік телеарнасын орнату үшін 22 000 (жиырма екі) мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек.
      2011 жылы туылған үшемдер отбасына 150000 (жүз елу ) мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек."
      4 тармағы келесі мазмұндағы тармақшалармен толықтырсын:
      "17) 2 тармақтың 32), 34), 35), 36), 37), 38), 39) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімшесі және аудандық соғыс және еңбек ардагерлер Кеңесінің берген тізімдері негізінде жүзеге асырылады. Тізімде аты-жөні, туған жылы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы, жеке есепшотының нөмірі және төлем сомасы көрсетілуі тиіс;
      18) 2 тармақтың 33) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке бас куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері, мәртебесін растайтын құжат, медициналық анықтама негізінде жүргізіледі;
      19) 2 тармақтың 40) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, азаматтарды тіркеу кітабы, зейнетақы куәлігінің және жеке куәлігінің көшірмелері негізінде жүргізіледі;
      20) 2 тармақтың 41) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер Қазпоштадағы жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен анықтама, қайтыс болғаны туралы куәлік, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке куәлігінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері негізінде жүргізіледі;
      21) 2 тармақтың 42) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, мәртебесін растайтын құжат, мүгедектік туралы анықтама, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері негізінде жүргізіледі;
      22) 2 тармақтың 43) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, мәртебесін растайтын құжат, жеке куәлігінің көшірмелері негізінде жүргізіледі;
      23) 2 тармақтың 44) тармақшада көрсетілген тұлғаларға төлемдер төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке куәлігінің,балалардың туу туралы куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, неке туралы куәліктің көшірмелері негізінде жүргізіледі."
      2. "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы өкілетті органда осы қаулының тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын заңнамада белгіленген мерзімде қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақтылы Қайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады