Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі N 07 "Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2011 жылғы 14 қаңтардағы N 01 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2011 жылғы 17 қаңтарда N 878 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі N 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 18.04.2014 N 01 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» заңының 23 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 37 бабына сәйкес Жетісу ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 07 шешіміне (Алматы қаласы әділет департаментінде тіркелген, 2009 жылғы 14 мамырдағы № 816 нормативті құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілді, «Вечерний Алматы» газетінің 2009 ж. 21 мамырдағы № 58 (11105) және «Алматы ақшамы» газетінің 2009 жылғы 30 мамырдағы № 63-64 (4155) нөмірінде жарияланды) өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
      1) № 1 қосымшаға сәйкес №№ 22, 265, 271, 391, 453, 454 сайлау учаскелерінің шекарасын өзгерту.
      2) № 2 қосымшаға сәйкес 1 қосымшаны шешімде көрсетілген 45 пунктпен толықтыру.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Жетісу ауданы әкімінің аппарат жетекшісі Садвакасова Ж.С. жүктелсін.
      3. Осы нормативті құқықтық акт бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн аяқталысымен әрекет етеді.

      Жетісу ауданының әкімі                  Е.Әлиқұлов

      Аймақтық сайлау комиссиясының
      төрағасы                                А.Жүнісов

№ 1 Қосымша
Аудан әкімінің шешімі № 01
14 қаңтар 2011 ж.

Алматы қаласы Жетісу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
Орталығы-№ 148 мектеп гимназиясы «Құлагер» ықшам ауданы
тел. 239-96-63

1.№ 22 сайлау учаскесі
Орталығы № 109 орта мектебі, Гончаров көшесі 23,
тел. 253-02-77, 241-41-91

      Ниязбеков көшесінен бастап Казаков көшесінің солтүстік жағымен Венецианов көшесіне дейін; Казаков көшесінен бастап Венецианов көшесінің тақ жағымен Федоров көшесіне дейін; Венецианов көшесінен бастап Федоров көшесінің тақ жағымен Гончаров көшесіне дейін; Федоров көшесінен бастап Гончаров көшесінің тақ жағымен Корнилов көшесіне дейін; Гончаров көшесінен бастап Корнилов көшесінің тақ жағымен Рысқұлов даңғылына дейін;Корнилов көшесінен бастап Рысқұлов даңғылының жұп жағымен Ниязбеков көшесіне дейін.

2. № 265 сайлау учаскесі
Орталығы-№ 112 орта мектебі, Ратушный көшесі 131,
тел. 251-65-95, 239-74-50

      Рысқұлов даңғылынан Бөкейханов көшесінің шығыс жағымен Серіков көшесіне дейін; Үлкен Алматы каналына шығу. Үлкен Алматы каналының оңтүстік жағымен Қазыбаев көшесіне дейін; Үлкен Алматы каналынан бастап Қазыбаев көшесінің батыс жағымен (Қазыбаев көшесінің 7Г және Рысқұлов даңғылының 65А үйлерін қоса алғанда) Рысқұлов даңғылына дейін; Қазыбаев көшесінен бастап Рысқұлов даңғылының солтүстік жағымен Бөкейханов көшесіне дейін.

3. № 271 сайлау учаскесі
Орталығы-№ 137 орта мектебі,"Айнабұлақ-2"
ықшам ауданы 65А, тел. 252-48-41

      Северное кольцо көшесінен оңтүстік-шығысқа,қарай ( солтүстік жағы) Айнабұлақ-1 ықш. ауданының № 9,11,12,12А,12Б,13,14,15,16,17,18,19, тұрғын үйлерін қоса алғанда, ары қарай солтүстік-шығысқа қарай (батыс жағы) Айнабұлақ-4 ықш. ауданының № 176,177,178,179,180,181,182,183,184,185, тұрғын үйлерін қоса алғанда, ары қарай Есентай өзенімен солтүстікке қарай (батыс жағы) Северное кольцо көшесінің қиылысына дейін № 37/1, 37/2, 37/3 үйлерін қоса алғанда, Северное кольцо көшесінен, оңтүстік-батысқа қарай (шығыс жағы) № 267 сайлау учаскесінің қиылысына дейін.

4. № 391 сайлау учаскесі
Орталығы-№ 80 орта мектебі, Победа көшесі 26,
тел. 270-39-92

      Есентай өзенінен бастап Боралдай көшесімен батысқа қарай қаланың шекарасына дейін; қаланың шекарасымен солтүстікке қарай Первомайский шолақ көшесіне дейін; Первомайский шолақ көшесімен (екі жағы) шығысқа қарай Есентай өзеніне дейін; Есентай өзенімен оңтүстікке қарай Северное кольцо көшесіне дейін; Северное кольцо көшесімен Боралдай көшесіне дейін; Есентай өзені қиылысымен.

5. № 453 сайлау учаскесі
Орталығы-«Информатика және экономика колледжі»
мекемесі Боткин көшесі 20, тел. 263-93-80

      Райымбек батыр данғылынан бастап Боткин көшесінің шығыс жағымен Борзов көшесіне дейін; Борзов көшесімен (екі жағы) батысқа қарай Гончаров көшесімен (шығыс жағы) Казаков көшесіне дейін; Казаков көшесінің оңтүстік жағымен қалалық зираттың батыс шекарасына дейін; Қалалық зираттың батыс шекарасымен оңтүстікке қарай  Райымбек батыр даңғылына дейін; Райымбек батыр даңғылының солтүстік жағымен Боткин көшесіне дейін.

6.№ 454 сайлау учаскесі
Орталығы-АҚ «Серт», Қазыбаев көшесі 272А,
тел. 234-96-97

      Сұлтан өзенінен Жансүгіров көшесінің батыс жағымен Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылының солтүстік жағымен Қазыбаев көшесіне дейін; Қазыбаев көшесінің солтүстік жағымен солтүстікке қарай Құлагер ықшам ауданының № 12, 13 үйлер арасымен жолға дейін; ары қарай Құлагер ықшам ауданындағы № 4 үйді бойлай Серіков көшесімен № 33А,№ 39, № 13,№ 11 үйлерімен Омаров көшесіне дейін; Омаров көшесімен солтүстікке қарай Сұлтан өзенінің қиылысына дейін.

№ 2 Қосымша
Аудан әкімінің шешімі № 01
14 қаңтар 2011 ж.

№ 491 сайлау учаскесі
Орталығы-№ 21 қалалық емханасы «Көкжиек»
ықшам ауданы 66, тел. 386-35-30, 386-35-41

      Қала шекарасынан (Первомайский шолақ көшесінен) солтүстікке қарай (шығыс жағы) Есентай өзеніне дейін; Есентай өзенінің жағалауымен оңтүстікке қарай Геологтар көшесіне дейін; Геологтар көшесінен бастап (үйлерді қоспай) оңтүстікке қарай Первомайский шолақ көшесіне дейін; Первомайский шолақ көшесі бойымен (үйлерді қоспай) батысқа қарай (солтүстік жағы) қала (аудан) шекарасына дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады