Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2009 жылғы 03 маусымдағы N 6/10 "Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 01-05/1 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2011 жылғы 17 қаңтарда № 877 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі N 01-05/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 21.04.2014 N 01-05/3 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңының 23 бабына, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 37 бабына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2009 жылғы 03 маусымдағы № 6/10 «Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің (Алматы қаласы Әділет департаментінде 2009 жылғы 22 маусымда № 818 тіркелген, «Алматы ақшамы» газетінде 2009 жылдың 23 шілдесінде, «Вечерний Алматы» газетінде 2009 жылдың 09 шілдесінде № 79 жарияланған) қосымшасына, осы шешімге берілген қосымшаға сәйкес толықтыру енгізілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.Ж.Әлияроваға жүктелсін.
      3. Осы нормативтік құқықтық акт, алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік есеппен он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әуезов ауданының әкімі                     Б.Торғаев

Алматы қаласы
Әуезов ауданы әкімінің
2011 жылғы 17 қаңтардағы
№ 01-05/1 шешіміне қосымша

№ 94 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, 6 ықшамаудан,
тел. 226-18-89. № 86 орта мектеп.

Сайлау учаскесінің шекаралары:
6 ықшамаудан: №№ 1а, 21, 22, 23, 24, 25, 26,
26а, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38,
39, 40, 41, 42, 43, 44, 45,45а үйлер,
10-а ықшамаудандағы №№ 2, 3, 4 үйлер.

№ 95 сайлау учаскесi
Орталығы: Алматы қаласы, 6 ықшамаудан,
тел. 226-18-99. № 113 орта мектеп.

Сайлау учаскесінің шекаралары:
7 ықшам аудан: №№ 1, 2, 3, 4, 14, 15, 16, 17,
18, 19, 20, 21, 22, 23, 24,35, 36, 37 үйлер.

№ 96 сайлау учаскесi
Орталығы: Алматы қаласы, 6 ықшамауданы,
тел. 226-18-98. № 113 орта мектеп.

Сайлау учаскесінің шекаралары:
6 ықшам аудан: №№ 4, 5, 6, 7, 8,9,10а, 11, 12,
13, 14, 15, 16, 17, 17а, 18, 18а, 19, 19а,
20, 46, 48, 50 үйлер.

№ 97 сайлау учаскесi
Орталығы: Алматы қаласы, 6 ықшамаудан
тел. 226-18-90. № 86 Орта мектеп.

Сайлау учаскесінің шекаралары:
6 ықшамаудан №№ 1, 2, 3, 3а, 3б, 10, 53, 55, 57,
58, 59, 61 үйлер, 7 ықшамаудан №№ 5, 6, 7, 8,
9, 10, 11, 12, 13, 19а үйлер.

№ 151 сайлау учаскесi
Орталығы: Алматы қаласы, Қалқаман ықшамауданы,
тел. 297-31-69. № 157 орта мектеп.

Сайлау учаскесінің шекаралары:

      Қалқаман–2 ықшамауданы (бұрынғы төменгі Каменка). Қалқаман-2 ықшамауданындағы Тоқсын Құлыбеков көшесінен (жылу трассасы) Қалқаман-2 ықшамауданындағы Ақтамберді жырау (бұрынғы Исатай батыр) көшесінің батыс жағымен, Қалқаман-2 ықшамауданындағы Байзақ батыр (бұрынғы Ильич) көшесінің оңтүстік бойы. Қалқаман-2 ықшамауданындағы Байзақ батыр (бұрынғы Ильич) көшесінің оңтүстік жағымен батысқа қарай, Әуезов көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшамауданындағы Әуезов көшесінің батыс жағымен ауданның оңтүстік шекарасына дейін. Ауданның оңтүстік шекарасының солтүстік жағымен батыс бағытта ауданның батыс шекарасына дейін. Ауданның батыс шекарасымен Қалқаман-2 ықшамауданындағы Әлжаппар Әбішев көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшамауданындағы Әлжаппар Әбішев көшесінің оңтүстік жағымен Қалқаман-2 ықшамауданындағы Әуезов көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшамауданындағы Әуезов көшесінің батыс жағымен Қалқаман-2 ықшамауданындағы Тоқсын Құлыбеков көшесіне дейін (жылу трассасы).

№ 430 сайлау учаскесi
Орталығы: Алматы қаласы, Қалқаман ықшамауданы,
тел. 297-30-58. № 157 орта мектеп.

Сайлау учаскесінің шекаралары:

      Қарғалы өзенінен батысқа қарай, Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Тоқсын Құлыбеков көшесінің оңтүстігімен (жылу трассасы) Қалқаман-2 ықшамауданындағы Ақтамберді жырау (бұрынғы Исатай батыр) көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшамауданындағы Ақтамберді жырау (бұрынғы Исатай батыр) көшесінің шығыс жағымен, оңтүстікке қарай Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Байзақ батыр (бұрынғы Ильич) көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшамауданындағы Байзақ батыр (бұрынғы Ильич) көшесінің солтүстік жағымен Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағымен Қалқаман-2 ықшамауданындағы Тоқсын Құлыбеков көшесіне дейін (жылу трассасы).

№ 473 сайлау учаскесi

Орталығы: Алматы қаласы, Қалқаман-3 ықшамауданы,
Мақатаев көшесі, тел. 381-86-65. № 176 орта мектеп.

Сайлау учаскесінің шекаралары:

      Қарғалы өзенінен, батысқа қарай, Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Байзақ батыр (бұрынғы Ильич) көшесінің оңтүстік жағымен Қалқаман-2 ықшамауданындағы Әуезов көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Әуезов көшесінің шығыс жағымен Әскери қалашықтың қоршауына дейін. Әскери қалашықтың қоршауының солтүстік жағымен, шығысқа қарай, Қалқаман-2 ықшамауданындағы Нағымбек Нұрмағамбетов көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшамауданындағы Нағымбек Нұрмағамбетов көшесімен шығысқа қарай, Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауымен, солтүстікке қарай, Қалқаман-2 ықшамауданындағы Байзақ батыр (бұрынғы Ильич) көшесіне дейін.

№ 428 сайлау учаскесi
Орталығы: Алматы қаласы, Қалқаман ықшамауданы,
тел. 269-00-92. № 7 Қалалық клиникалық аурухана.

Сайлау учаскесінің шекаралары:

      Қалқаман-2 ықшамауданындағы Әуезов көшесінен батысқа қарай, Әлжаппар Әбішев көшесінің солтүстік жағымен ауданның батыс шекарасына (Қалқаман-2 ықшамауданындағы Сәке батыр көшесіндегі №№ 36, 38, 51, 53 үйлерді қоса) дейін. Ауданның батыс шекарасымен Райымбек батыр даңғылына дейін. Райымбек батыр даңғылының оңтүстік жағымен шығысқа қарай, Қалқаман-2 ықшамауданындағы Әуезов көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшамауданындағы Әуезов көшесінің батыс жағымен Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Әлжаппар Әбішев көшесіне дейін.

№ 482 сайлау учаскесi
Орталығы: Алматы қаласы телефоны 269-00-98.
№ 1 Қалалық клиникалық аурухана.

Сайлау учаскесінің шекаралары:

      Алты Алаш ықшамауданы - түгел.
      Әуезов көшесінен Райымбек батыр даңғылының оңтүстік жағымен Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауымен Қалқаман-2 ықшам ауданындағы Тоқсын Құлыбеков көшесіне дейін (жылу трассасы). Қалқаман-2 ықшамауданындағы Тоқсын Құлыбеков көшесінің солтүстік жағымен (жылу трассасы) Қалқаман-2 ықшамауданындағы Әуезов көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшамауданындағы Әуезов көшесінің шығыс жағымен Райымбек даңғылына (Тоқсын Құлыбеков көшесінің солтүстік жағындағы барлық үйлерді қоса) дейін.

      № 490 сайлау учаскесi
Орталығы: Алматы қаласы, Мақатаев көшесі 47,
Қалқаман-3 ықшамауданы. № 176 орта мектеп.

Сайлау учаскесінің шекаралары:

      Қалқаман-2 ықшамауданындағы Нағымбек Нұрмағамбетов көшесінен Қарғалы өзенінің батыс жағалауымен (Достық ықшам ауданындағы Пионерская көшесіндегі және АФЦИНАО үйлерін қоспай) Каменка-3 ықшам ауданының үйлерін қоса отырып, Жандосов көшесіне дейін.Жандосов көшесінің солтүстік жағымен, батысқа қарай Жоғары Каменка поселкесінің шекарасына дейін. Жоғары Каменка поселкесінің шығыс дағымен солтүстікке қарай, Қалқаман-3 ықшамауданындағы Смет Кеңесбаев көшесіне дейін. Қалқаман-3 ықшамауданындағы Смет Кеңесбаев көшесінің солтүстік жағымен Қалқаман ықшамауданындағы Әуезов көшесіне дейін. Қалқаман ықшамауданындағы Әуезов көшесінің шығыс жағымен солтүстікке қарай Әскери қалашықтың қоршауына дейін. Әскери қалашықтың оңтүстік жағымен Қалқаман-2 ықшамауданындағы Нағымбек Нұрмағамбетов көшесіне дейін. Қалқаман-2 ықшамауданындағы Нағымбек Нұрмағамбетов көшесінің оңтүстік жағымен Қарғалы өзеніне дейін.

№ 128 сайлау учаскесi
Орталығы: Алматы қаласы, Ақсай-1 ықшамауданы,
тел. 224-84-19. № 133 орта мектеп.

Сайлау учаскесінің шекаралары:
Ақсай-1А ықшамауданы №№ 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10,
10а, 10б, 17, 18, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 26а,
27, 27б, 28, 28б, 29, 30, 31, 31а, 31б, 32, 33, 34 үйлер.

№ 480 сайлау учаскесi
Орталығы: Алматы қаласы,Ақсай-1 ықшамауданы,
тел. 224-84-19. № 133 орта мектеп.

Сайлау учаскесінің шекаралары:
Аксай-1 ықшамауданы: №№ 11, 12, 13, 14, 15, 15А, 16,
17, 17А, 18, 19, 20,21, 23, 24, 25;
Аксай -1А ықшамауданы: №№ 11, 12, 13, 14.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады