Аққайың ауданының аумағында шақыру жылы он жеті жасқа толатын және одан үлкен жастағы шақыру учаскесінде бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2011 жылғы 10 қарашадағы N 48 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 30 қарашада N 13-2-141 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 19 маусымдағы N 02.03.03-29/580 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының 2012.06.19 N 02.03.03-29/580 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 37-бабының 8-тармағына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 1718-баптарына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 43-1-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, әскерге шақырылатындарды әскери есепке қою үшін, аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. Аққайың ауданының аумағында 2012 жылдың қаңтар-наурызында шақыру жылы он жеті жасқа толатын және одан үлкен жастағы шақыру учаскесінде бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасы ер азаматтарын тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. «Аққайың ауданының аумағында шақыру жылы он жеті жасқа толатын және одан үлкен жастағы шақыру учаскесінде бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарының тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Аққайың ауданы әкімінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 53 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу өңірлік тарауының тізілімінде 2010 ж.05. 01 № 13-2-111 тіркелді және 2010 ж.01. 07 № 1 «Колос» және № 1-2 «Аққайың» газеттерінде жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. «Аққайың ауданының аумағында шақыру жылы он жеті жасқа толатын және одан үлкен жастағы шақыру учаскесінде бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарының тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Аққайың ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 қарашадағы № 54 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекемттік тіркеу өңірлік тарауының тізілімінде 2010 ж.12. 21 № 13-2-124 тіркелді және 2010 ж.12. 23 № 52 «Колос» газетінде жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік және шұғыл мәселелер жөніндігі орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы шешім Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а.                        Б. Жақанов

      КЕЛІСІЛДІ

      «Аққайың ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            В.В. Гриб

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады