Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы N 46 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Мағжан Жұмабаев ауданы аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қазандағы N 335 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 27 қазанда N 13-9-142 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы N 50 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2012.01.25 N 50 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 46 «2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Мағжан Жұмабаев ауданы аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 13-9-131 бойынша тіркелген, 2011 жылғы 01 сәуірдегі № 13 «Мағжан жұлдызы», 2011 жылғы 01 сәуірдегі № 13 «Вести» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      «Аудандық шақыру комиссиясының құрамы» (қосымшаға сәйкес) жаңа редакцияда жариялансын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Д. Қабдөшевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                В. Бубенко

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Солтүстік Қазақстан облысы
      әкімдігінің «Мағжан Жұмабаев
      ауданының орталық аудандық
      ауруханасы» шаруашылық
      жүргізу құқығындағы коммуналдық
      мемлекеттік кәсіпорнының
      бас дәрігері                               В.В.Уваров

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Ішкі істер департаменті
      Мағжан Жұмабаев ауданының
      ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            М.К.Асылбеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығының Ум.а    Н.Ш.Сарсымбаев

Мағжан Жұмабаев ауданы
әкімдігінің 2011 жылғы 18 қазандағы
№ 335 қаулысына қосымша

Мағжан Жұмабаев ауданы
әкімдігінің 2011 жылғы
16 наурыздағы № 46
қаулысына қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ

Сарсымбаев Нариман

Шаяхметұлы

қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Бражник Галина Николаевна

аудан әкімі аппаратының бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары

Донова Людмила Николаевна

орталық аудандық аурухананың салауатты өмір салты бойынша медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Комиссия мүшелері:

Нұрпейсов Манарбек Қайыртайұлы

ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Учайкина Галина Васильевна

орталық аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)

Шақыру комиссиясының қандай да бір мүшелері міндеттерін атқару мүмкіндігі болмай қалған жағдайға, резервті комиссия құрамы құрылсын:

Өтеуов Ерлан Сайранұлы

қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери қызметшілерді келісім-шарт бойынша жинау және шақыру бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Қасенова Рауза Ивановна

ауданның ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

Федулова Людмила Геннадьевна

орталық аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Комиссия мүшелері:

Нұрғожин Шегібай Мәруарұлы

ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Воробьева Вера Николаевна

орталық аудандық аурухананың терапевт дәрігері (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады