Тіркеу жылы он жеті жасқа толатын және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы Қазақстан Республикасы ер азаматтарының Мамлют ауданының аумағында әскерге шақыру учаскесінде тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы N 36 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 15 желтоқсанда N 13-10-146 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 13 қыркүйектегі N 02-08-02-02/828 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімі аппаратының 2012.09.13 N 02-08-02-02/828 хаты)

      Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабына 2-тармағына, Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабы 3-тармағына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. 2012 жылдың қаңтары-наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын және алдында тіркеуді өтпеген ересек жастағы Қазақстан Республикасы ер азаматтарының Мамлют ауданының аумағында әскерге шақыру учаскесінде тіркеуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.М.Бекшеновке жүктелсін.
      3. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Қалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Мамлют ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А. Дүйсекин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады