Уәлиханов ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру және сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 22 ақпандағы N 48 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 24 ақпанда N 13-13-136 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы N 02.12-06-09/362 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының 29.12.2012 N 02.12-06-09/362 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық Заңы 28-бабының 46-тармақтарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Уәлиханов аудандық сайлау комиссиямен бірлесіп (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Президентіне барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін № 1-қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасының Президентіне барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде № 2-қосымшаға сәйкес үй-жай тізімі берілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
      Б. Жолдыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Уәхитов

      Келісілді:
      аудандық сайлау
      комиссияның төрағасы                       Б. Жолдыбаев

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 22 ақпандағы
№ 48 қаулысына № 1-қосымша

Уәлиханов ауданының аумағында Қазақстан Республикасының Президентіне барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Ақтүйесай селолық округі

      Ақтүйесай селосы – округ әкімінің аппараты ғимаратының жанындағы жарнамалық тақтасында

Амангелді ауылдық округі

      Амангелді ауылы – округ әкімінің аппараты ғимаратының жанындағы тақтасында

Бидайық селолық округі

      Бидайық селосы – округ әкімінің аппараты ғимаратының жанындағы тақтасында

Қайрат селолық округі

      Қайрат селосы – округ әкімінің аппараты ғимаратының жанындағы тақтасында

Қарасу селолық округі

      Аққұдық селосы – округ әкімінің аппараты ғимаратының жанындағы тақтасында

Қаратерек селолық округі

      Қаратерек селосы - округ әкімінің аппараты ғимаратының жанындағы тақтасында

Кішкенекөл селолық округі

      Кішкенекөл селосы – № 2 Кішкенекөл орта мектебінің ақпараттық стендте

Көктерек селолық округі

      Мортық селосы – округ әкімінің аппараты ғимаратының жанындағы жарнамалық тақтасында

Қулыкөл ауылдық округі

      Қулыкөл ауылы – Қулыкөл ауылдық клубтың жанындағы тақтасында

Телжан селолық округі

      Телжан селосы – округ әкімінің аппараты ғимаратының жанындағы жарнамалық тақтасында

Чехов селолық округі

      Чехов селосы – округ әкімінің аппараты ғимаратының жанындағы тақтасында

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 22 ақпандағы
№ 48 қаулысына № 2-қосымша

Қазақстан Республикасының Президентіне барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай тізімі

Елді-мекеннің атауы

Қазақстан Республикасының Президентіне барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай

Ақтүйесай селолық округі

1

Ақтүйесай селосы

Ақтүйесай орта мектебінің акт залы

Амангелді ауылдық округі

1

Амангелды ауылы

Амангелді негізгі мектебінің фойесі

Бидайық селолық округі

1

Бидайық селосы

Бидайық орта мектебінің фойесі

Қайрат селолық округі

1

Қайрат селосы

Қайрат орта мектебінің фойесі

Қарасу селолық округі

1

Аққұдық селосы

Аққұдық орта мектебінің фойесі

Қаратерек селолық округі

1

Қаратерек селосы

Қаратерек орта мектебінің акт залы

Кішкенекөл селолық округі

1

Кішкенекөл селосы

№ 2 Кішкенекөл орта мектебінің акт залы

Көктерек селолық округі

1

Мортық селосы

Мортық селолық клубы

Қулыкөл ауылдық округі

1

Қулыкөл ауылы

Қулыкөл ауылдық клубының фойесі

Телжан селолық округі

1

Телжан селосы

Телжан орта мектебінің фойесі

Чехов селолық округі

1

Чехов селосы

Чехов селолық клубтың залы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады