Атырау қаласы бойынша кейбір нысаналы топтар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 26 қазандағы № 1737 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 20 қыркүйекте № 4-1-147 тіркелді. Күші жойылды - Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 10 ақпандағы № 235 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау қалалық әкімдігінің 2012.02.10 № 235 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 және 7 баптарына сәйкес, қала аумағындағы мүгедектерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру мақсатында қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік түріне қарамастан Атырау қаласы аумағындағы барлық кәсіпорын, мекеме және ұйымдардағы жұмыс орындары жалпы санының:
      мүгедектер үшін үш пайыз мөлшерінде;
      2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін бір пайыз мөлшерінде жыл сайынғы квота белгіленсін.
      2. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аталған нысаналы топтар үшін жұмыс орындарына белгіленген квота бойынша тиісті шаралардың атқарылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А.С. Қарабаеваға жүктелсін.

      Қала әкімі                                 М. Исмұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады