Қазақстан Республикасы Президенттігіне және аудандық Мәслихат депутаттығына № 12 сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін Қызылқоға ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 01 наурыздағы N 28 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 02 наурызда N 4-5-144 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 және 37 баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Қызылқоға ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары аудандық аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен белгіленсін.
      2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Қызылқоға ауданы бойынша № 12 сайлау округі бойынша аудандық Мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары аудандық аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен белгіленсін.
      3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес мемлекеттік органға Қазақстан Республикасы Президенттігіне және Қызылқоға ауданы бойынша аудандық Мәслихат депутаттығына № 12 сайлау округі бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарының талаптарына мен тәртіптеріне сәйкес келісім шарт негізінде орындар белгілеу тапсырылсын.
      4. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және міндетті ресми жариялануға жатады.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Алтыбаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Б. Сәрсенғалиев

Аудан әкімдігінің   
2011 жылғы 1 наурыздағы № 28
қаулысына № 1 қосымша

Қызылқоға ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының ТІЗБЕСІ

р/с

Ауылдық, селолық округтер атаулары

Орналасатын жері

1

Миялы селолық округі

Миялы селосы, "Арман" мәдениет үйінің ғимараты жанына стенд

2

Миялы селолық округі

Миялы селосы, Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің ғимараты жанына стенд

3

Миялы селолық округі

Миялы селосы, № 1 мектеп-гимназия ғимараты жанына стенд

4

Сағыз селолық округі

Сағыз селосы, "Шұғыла" мәдениет үйінің ғимараты жанына стенд

5

Сағыз селолық округі

Сағыз селосы, № 9 орта мектебінің ғимараты жанына стенд

6

Сағыз селолық округі

Сағыз селосы, Кенбай орта мектебінің ғимараты жанына стенд

7

Сағыз селолық округі

Кенбай елді мекені, Т. Жанұзақов атындағы бастауыш мектебінің ғимараты жанына стенд

8

Мұқыр селолық округі

Мұқыр селосы, Мұқыр орта мектебінің ғимараты жанына стенд

9

Мұқыр селолық округі

Мұқыр селосы, Мұқыр спорт мектебінің ғимараты жанына стенд

10

Мұқыр селолық округі

Жамансор ауылы, № 9 теміржол жөндеу мекемесінің ғимараты жанына стенд

11

Мұқыр селолық округі

Кенбай ауылы, теміржол вокзалының ғимараты жанына стенд

12

Мұқыр селолық округі

Тасқұдық елді мекені, бастауыш мектебінің ғимараты жанына стенд

13

Мұқыр селолық округі

Жантерек ауылы, теміржолшылар кеңсесінің ғимараты жанына стенд

14

Мұқыр селолық округі

Соркөл елді мекені, бастауыш мектебінің ғимараты жанына стенд

15

Жангелдин ауылдық округі

Жангелдин селосы, "Жангелдин" мәдениет үйінің ғимараты жанына стенд

16

Ойыл ауылдық округі

Жасқайрат селосы, "Шалқыма" мәдениет үйінің ғимараты жанына стенд

17

Көздіғара ауылдық округі

Қоныстану селосы, "Самал" мәдениет үйінің ғимараты жанына стенд

18

Тасшағыл ауылдық округі

Тасшағыл селосы, Тасшағыл орта мектебінің ғимараты жанына стенд

19

Тасшағыл ауылдық округі

Тасшағыл селосы, "Тасшағыл" өндірістік кооперативі кеңсесінің ғимараты жанына стенд

20

Тасшағыл ауылдық округі

Қоғам елді мекені, фельдшерлік пункт ғимараты жанына стенд

21

Жамбыл ауылдық округі

Қаракөл селосы, "Қаракөл" мәдениет үйінің ғимараты жанына стенд

22

Жамбыл ауылдық округі

Айдын елді мекені, селолық клуб үйінің ғимараты жанына стенд

23

Қызылқоға ауылдық округі

Қарабау селосы, Қарабау орта мектебінің ғимараты жанына стенд

24

Тайсойған ауылдық округі

Тайсойған селосы, Ғ.Сланов атындағы орта мектебінің ғимараты жанына стенд

Аудан әкімдігінің   
2011 жылғы 1 наурыздағы № 28
қаулысына № 2 қосымша 

Қызылқоға ауданы бойынша аудандық Мәслихат депутаттығына № 12 сайлау округі бойынша үміткер кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының ТІЗБЕСІ

Округ атауы

Орналасқан жері

1

Сағыз селолық округі

Сағыз селосы, Кенбай орта мектебінің ғимараты жанына стенд

2

Сағыз селолық округі

Кенбай елді мекені, Т.Жанұзақов атындағы бастауыш мектебінің ғимараты жанына стенд

3

Мұқыр селолық округі

Тасқұдық елді мекені, бастауыш мектебінің ғимараты жанына стенд

Аудан әкімдігінің    
2011 жылғы 1 наурыздағы № 28
қаулысына № 3 қосымша 

Қазақстан Республикасы Президенттігіне және Қызылқоға ауданы бойынша аудандық Мәслихат депутаттығына № 12 сайлау округі бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін орындар белгілеуге жауапты мемлекеттік орган

Мемлекеттік орган атауы

Басшы

Телефон, факс

Адрес

1

Қызылқоға аудандық қаржы бөлімі

Сәлімгереева Құралай Әділшеқызы

8 71 238

2-12-02

Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Т. Карабалин көшесі 26

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады