Үгіттік материалдарын орналастыру үшін кандидаттарға орындар мен кездесулер ұйымдастыруға үй-жайлар белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 278 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 27 желтоқсанда № 4-7-138 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 353 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 29.12.2014 № 353 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына барлық кандидаттардың үгіттік басылым материалдарын Мақат ауданы бойынша орналастыру орындары 1 қосымшасына сай белгіленсін.
      2. Мемлекеттік органдар және мекемелер өтеулі түрде келісім шарт негізінде, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттары үшін сайлаушылармен кездесуге үй-жайлар бөлінуін 2 қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ж. Исмагуловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Қайненов
      КЕЛІСІЛДІ:
Мақат аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
22.12.2011 ж.
А.Ерғожиев

  Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 278 қаулысына 1 қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарға үгіттік материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарының тізімі


Поселкелер
Орналасқан жері
1
Мақат поселкесі
Ардагерлер үйі ғимаратының стенд
2
Аудандық аурухана ғимаратының стенд
3
Орталық "Барыс" базары жанында орналасқан стенд
4
Теміржол вокзалындағы стенд
5
Доссор поселкесі
Аудандық аурухана ғимаратында стенд
6
№ 2 кәсіптік-техникалық лицей ғимаратында стенд
7
Доссор поселкесі әкімі аппаратының ғимаратында стенд
8
"Доссормұнайгаз" мұнай және газ өндіру басқарма ғимаратында стенд
9
Ескене поселкесі
"Ескене-жылу" мекемесі ғимаратында стенд
10
Ескене поселкесі әкімі аппаратының ғимаратында стенд
11
Байшонас поселкесі
Досбаев атындағы мектебінде стенд
12
Жаңа учаскедегі № 18 үйіндегі стенд

  Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 278 қаулысына 1 қосымша

Мақат ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарына сайлаушылармен кездесуге үй-жайлар тізбесі


Округ атаулары
Өтетін орны
Тұрғын-үй бөлуге жауапты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар
1
№ 1 сайлау округі
Мақат поселкесі, Шағырова көшесі, М.Баймұханов орта мектебінің акт залы
М.Баймұханов мектебі,
директорыК.А.Таңатарова
2
№ 2 сайлау округі
Мақат поселкесі, Шағырова көшесі, М.Баймұханов орта мектебінің акт залы
М.Баймұханов мектебі,
Директоры К.А.Таңатарова
3
№ 3 сайлау округі
Мақат поселкесі, С.Әлиева көшесі, Л.Шахатов орта мектебінің акт залы
Л.Шахатов орта мектебі, директоры Л.К.Жанғабылова
4
№ 4 сайлау округі
Мақат поселкесі, Теміржолшылар ы/а, Х.Санбаев орта мектебінің акт залы
Х.Санбаев орта мектебі, директоры Б.Исағалиева
5
№ 5 сайлау округі
Мақат поселкесі, Мұнайшы газетінің 60 жылдығы көшесі, № 2 бастауыш мектебінің акт залы
№ 2 бастауыш мектебі, директоры С.К.Телеубаева
6
№ 6 сайлау округі
Мақат поселкесі, Бәйге-төбе ауылы, Бәйге-төбе орта мектебінің акт залы
Бәйге-төбе орта мектебі, директоры Г.С.Қалағанова
7
№ 7 сайлау округі
Доссор поселкесі, Мұнайшылар ы/а, Доссормұнайгаз басқармасының акт залы
Доссормұнайгаз басқармасының, бастығы Т.Тасқынбаев
8
№ 8 сайлау округі
Доссор поселкесі, Мұнайшылар ы/а, Мұнайшылар мәдениет үйі
Мұнайшылар мәдениет үйі,
директоры О.Ф.Раисов
9
№ 9 сайлау округі
Доссор поселкесі, Орталық ы/а, Мұнайшылар мәдениет үйі
Мұнайшылар мәдениет үйі,
директоры О.Ф.Раисов
10
№ 10 сайлау округі
Доссор поселкесі, Жолшылар ы/а, № 2 кәсіптік лицейдің акт залы
№ 2 кәсіптік лицей,
директоры І.М.Таспаев
11
№ 11 сайлау округі
Доссор поселкесі, Орталық ы/а, Б.Қанатбаев орта мектебінің акт залы
Б.Қанатбаев орта мектебі, директоры Г.М.Бектұрлиева
12
№ 14 сайлау округі
Байшонас поселкесі, Жаңа учаскесі, Б. Досбаев орта мектебінің акт залы
Б. Досбаев орта мектебі,
директоры Г.А.Мұқашева

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады