Елді мекендердің шекараларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 қыркүйектегі N 47/279 Шешімі және Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 9 қыркүйектегі N 462 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 қазанда N 14-5-118 тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 – бабының 15 - тармақтарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауданның жер қатынастары мен сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес:
      1) Ақбастау ауылдық округі, Ақбастау елді мекен шегі жер көлемінен 89,75 гектар жайылым жер телімі алынып, Ақбастау елді мекеніне 89,75 гектар жер телімі енгізілсін;
      2) Ақбастау ауылдық округі, Жолғабас елді мекен шегі жер көлемінен 7,9 гектар жайылым жер телімі алынып, Жолғабас елді мекеніне 7,9 гектар жер телімі енгізілсін;
      3) Ақбастау ауылдық округі, Тұрақты елді мекен шегі жер көлемінен 19,67 гектар жайылым жер және Ақбастау ауылдық округінің жер көлемінен 13,1 гектар егістік жер, барлығы 32,77 гектар жер телімі алынып, Тұрақты елді мекеніне 32,77 гектар жер телімі енгізілсін;
      4) Алмалы ауылдық округі, Бәйдібек ата елді мекен шегі жер көлемінен 101,35 гектар жайылым жер телімі алынып, Бәйдібек ата елді мекеніне 101,35 гектар жер телімі енгізілсін;
      5) Ағыбет ауылдық округі, Ағыбет елді мекен шегі жер көлемінен 43,4 гектар жайылым жер және Ағыбет ауылдық округінің жер көлемінен 18,5 гектар жайылым жер барлығы 61,9 гектар жер телімі алынып, Ағыбет елді мекеніне 61,9 гектар жер телімі енгізілсін;
      6) Алғабас ауылдық округі, Таңатар елді мекен шегі жер көлемінен 44,5 гектар жайылым жер телімі алынып, Таңатар елді мекеніне 44,5 гектар жер телімі енгізілсін;
      7) Боралдай ауылдық округі, Боралдай елді мекен шегі жер көлемінен 71,0 гектар жайылым жер телімі алынып, Боралдай елді мекеніне 71,0 гектар жер телімі енгізілсін;
      8) Боралдай ауылдық округі, Амансай елді мекен шегі жер көлемінен 15,66 гектар жайылым жер және Боралдай ауылдық округінің жер көлемінен 40,94 гектар егістік жер, барлығы 56,6 гектар жер телімі алынып, Амансай елді мекеніне 56,6 гектар жер телімі енгізілсін;
      9) Боралдай ауылдық округі, Сарыбұлақ елді мекен шегі жер көлемінен 33,74 гектар жайылым жер және Боралдай ауылдық округінің жер көлемінен 2,0 гектар егістік, 3,0 гектар жайылым жер барлығы 38,74 гектар жер телімі алынып, Сарыбұлақ елді мекеніне 38,74 гектар жер телімі енгізілсін;
      10) Бөген ауылдық округі, Екпінді елді мекен шегі жер көлемінен 30,9 гектар жайылым жер телімі алынып, Екпінді елді мекеніне 30,9 гектар жер телімі енгізілсін;
      11) Көктерек ауылдық округі, Кеңес төбе елді мекен шегі жер көлемінен 39,77 гектар жайылым жер және Көктерек ауылдық округінің жер көлемінен 12,82 гектар егістік жер, барлығы 52,59 гектар жер телімі алынып, Кеңес төбе елді мекеніне 52,59 гектар жер телімі енгізілсін;
      12) Жамбыл ауылдық округі, Жүзімдік елді мекен шегі жер көлемінен 33,1 гектар жайылым жер телімі алынып, Жүзімдік елді мекеніне 33,1 гектар жер телімі енгізілсін;
      13) Мыңбұлақ ауылдық округі, Қайнарбұлақ елді мекен шегі жер көлемінен 51,65 гектар жайылым жер телімі алынып, Қайнарбұлақ елді мекеніне 51,65 гектар жер телімі енгізілсін;
      14) Мыңбұлақ ауылдық округі, Мәдениет елді мекен шегі жер көлемінен 19,09 гектар жайылым жер телімі алынып, Мәдениет елді мекеніне 19,09 гектар жер телімі енгізілсін.
      2. Жалпы көлемі 691,84 гектар жайылымдық қосымша жер телімдері Бәйдібек ауданының ауылдық округтеріне қарасты 14 елді мекендердің шегіне қосылып:
      1) Ақбастау ауылдық округіндегі Ақбастау елді мекенінің шегі;
      2) Ақбастау ауылдық округіндегі Жолғабас елді мекенінің шегі;
      3) Ақбастау ауылдық округіндегі Тұрақты елді мекенінің шегі;
      4) Алмалы ауылдық округіндегі Бәйдібек ата елді мекенінің шегі;
      5) Ағыбет ауылдық округіндегі Ағыбет елді мекенінің шегі;
      6) Алғабас ауылдық округіндегі Таңатар елді мекенінің шегі;
      7) Боралдай ауылдық округіндегі Боралдай елді мекенінің шегі;
      8) Боралдай ауылдық округіндегі Амансай елді мекенінің шегі;
      9) Боралдай ауылдық округіндегі Сарыбұлақ елді мекенінің шегі;
      10) Бөген ауылдық округіндегі Екпінді елді мекенінің шегі;
      11) Көктерек ауылдық округіндегі Кеңес төбе елді мекенінің шегі;
      12) Жамбыл ауылдық округіндегі Жүзімдік елді мекенінің шегі;
      13) Мыңбұлақ ауылдық округіндегі Қайнарбұлақ елді мекенінің шегі;
      14) Мыңбұлақ ауылдық округіндегі Мәдениет елді мекендерінің шегі өзгертілсін.
      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
      Сессия төрағасы:                           Н.Алтыбаев
      Аудан әкімі:                               Р.Жолдас
      Мәслихат хатшысы:                          С.Спабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады