Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін сайлау өткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 наурыздағы N 118 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 4 наурызда N 14-6-130 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы N 257 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011.05.20 N 257 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісімі бойынша) Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін сайлау өткізу кезеңінде үгiттiк баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Ауыл округтерінің әкiмдерi аталған орындарды тақталар, стендтермен жарақтандырып, барлық кандидаттар үшін бірыңғай және бірдей жағдайларда ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Г.Ж.Тағаеваға жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмi                                Т.С.Алиев

       КЕЛІСІЛДІ:

      Қазығұрт аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы

      _____________ С.Сеңгірбаев

      «2» наурыз 2011 жыл

Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 2 наурыздағы
№ 118 қаулысына қосымша

      Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін сайлау өткізу кезеңінде үгiттiк баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі 

Алтынтөбе ауыл округі

«Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Алтынтөбе ауылдық клубының аумағы

Жаңабазар ауыл округі

«Жаңаталап жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

«Жеңіс бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

«Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Тілектес ауылдық клубының аумағы

Жігерген ауыл округі

«Ж.Есіркепов атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

«Өгем бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

Қызылбұлақ фельдшерлік акушерлік пункттің аумағы

Қазығұрт ауыл округі

«№ 11 Кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесінің аумағы

«Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аумағы

Қазығұрт аудандық орталық аурухана ғимаратының аумағы

Қақпақ ауыл округі

Орталық алаңның аумағы

Қарабау ауыл округі

«Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

«А.Оразбаева атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

«Макаренко атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

«Қ.Өмірәлиев атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

Қызылқия ауыл округі

«Айнатас жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

«Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қызылқия мәдениет үйінің аумағы

«Қызылсеңгір жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

«Ынталы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

Рабат ауыл округі

«Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Рабат мәдениет үйінің аумағы

«Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазығұрт ауылдық клубының аумағы

Рабат ауылдық фельдшерлік акушерлік пунктінің аумағы

«Ж.Қаппаров атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

«Еңбекші жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

«Қызылдала жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

Тұрбат ауыл округі

Тұрбат елді мекенінің орталық алаңының аумағы

Шанақ ауыл округі

«Абай атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

«Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Ақжар клубының аумағы

«Т.Тоқтаров атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

Шарапхана ауыл округі

«Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

«М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

«А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

«Талдыбұлақ жалпы негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

«Бақабұлақ бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесінің аумағы

Шарбұлақ ауыл округі

Шарбұлақ дәрігерлік емханасының аумағы

Ақбастау фельдшерлік акушерлік пунктінің аумағы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады