Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 шілдедегі N 344 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 5 тамызда N 14-6-141 тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 118 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 26.04.2019 № 118 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6 – тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Қазығұрт ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келiсiмі бойынша) бiрлесе отырып кандидаттар үшiн үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі 1-қосымшаға сәйкес белгiленсiн.

      2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуi үшiн шарттық негiзде берiлетiн үй-жайлар тiзбесі 2-қосымшаға сәйкес белгiленсiн.

      3. Ауыл округтерiнiң әкiмдерi үгiттiк баспа материалдарын барлық кандидаттар үшiн тең құқықтар қамтамасыз ететiн жағдайда орналастыруды, сайлаушылармен кездесу өткiзу үшiн шарттық негізде берілетін үй-жайларды беру шарттарының бiрдей және тең болуын қамтамасыз етсiн.

      4. Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (С.Сеңгірбаев – келісімі бойынша) сайлау кезеңінде ауыл округі әкімдерімен бірлесіп, бөлiнген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесiн жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ұсынылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы Е.Шорабаевқа жүктелсiн.

      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмiнің
      міндетін атқарушы М. Момынов

  Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң
2011 жылғы 1 шілдедегі
№ 344 қаулысына 1-қосымша

Кандидаттар үшiн үгiттiк баспа материалдарын орналастыратын орындардың тiзбесi

Алтынтөбе ауыл округi

"Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны Алтынтөбе ауылдық клубының аумағы

Жаңабазар ауыл округi

"Жаңаталап жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

"Жеңiс бастауыш мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

"Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны Тiлектес ауылдық клубының аумағы

Жiгерген ауыл округi

"Ж.Есiркепов атындағы жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

"Өгем бастауыш мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Қызылбұлақ фельдшерлiк акушерлiк пункттiң аумағы

Қазығұрт ауыл округi

"№ 11 Кәсiптiк лицей" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

"Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының аумағы

Қазығұрт аудандық орталық аурухана ғимаратының аумағы

Қақпақ ауыл округi

Орталық алаңның аумағы

Қарабау ауыл округi

"Жамбыл атындағы жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

"А.Оразбаева атындағы жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

"Макаренко атындағы жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

"Қ.Өмiрәлиев атындағы жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Қызылқия ауыл округi

"Айнатас жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

"Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны Қызылқия мәдениет үйiнiң аумағы

"Қызылсеңгiр жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

"Ынталы жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Рабат ауыл округi

"Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны Рабат мәдениет үйiнiң аумағы

"Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны Қазығұрт ауылдық клубының аумағы

Рабат ауылдық фельдшерлiк акушерлiк пунктiнiң аумағы

"Ж.Қаппаров атындағы жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

"Еңбекшi жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

"Қызылдала жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Тұрбат ауыл округi

Тұрбат елдi мекенiнiң орталық алаңының аумағы

Шанақ ауыл округi

"Абай атындағы жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

"Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны Ақжар клубының аумағы

"Т.Тоқтаров атындағы жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Шарапхана ауыл округi

"Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

"М.Өтемiсұлы атындағы жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

"А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

"Талдыбұлақ жалпы негiзгi мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

"Бақабұлақ бастауыш мектебi" мемлекеттiк мекемесiнiң аумағы

Шарбұлақ ауыл округi

Шарбұлақ дәрiгерлiк емханасының аумағы

Ақбастау фельдшерлiк акушерлiк пунктiнiң аумағы

  Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң
2011 жылғы 1 шілдедегі
№ 344 қаулысына 2-қосымша

Кандидаттар үшiн сайлаушылармен кездесуге шарттық негiзде берiлетiн үй жайлардың тiзбесi

қ/с

Ауыл округтерiнiң атауы

Елдi мекен атауы

Кездесу өтетiн орын

1

Алтынтөбе

Алтынтөбе

"Ө.Жамалов атындағы жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi

2

Жаңабазар

Жаңабазар

"Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны "Жаңабазар ауылдық мәдениет үйi"

3

Жiгерген

Жiгерген

"Абай атындағы жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi

4

Қазығұрт

Қазығұрт

"Қ.Сәтпаев атындағы мектеп лицейi" мемлекеттiк мекемесi

5

Қақпақ

Қақпақ

"Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны "Қақпақ ауылдық мәдениет үйi"

6

Қарабау

Қарабау

"Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны "Сынтас ауылдық клубы"

7

Қызылқия

Қызылқия

"Комсомол жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi

8

Рабат

Рабат

"Қ.Әбдалиев атындағы жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi

9

Шанақ

Шанақ

"Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны "Ақжар ауылдық клубы"

10

Шарапхана

Шарапхана

"Ы.Алтынсарин атындағы жанында мектеп интернаты бар жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi

11

Шарбұлақ

Шарбұлақ

"Шарбұлақ жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi

12

Тұрбат

Тұрбат

"Т.Тула атындағы жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады