Қазығұрт ауданы бойынша елді мекендердің шекараларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2011 жылғы 1 шілдедегі N 44/330-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімиятының 2011 жылғы 1 шілдедегі N 1 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 8 тамызда N 14-6-142 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 31-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес және ауыл округтері әкімдерінің пікірлерін ескере отырып, Қазығұрт ауданы бойынша елді мекендердің шекараларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Рабат ауылы округіне қарасты Рабат елді мекенінің 194,65 гектар жеріне, қосымша 175,81 гектар жайылым жерлер қосылып, жалпы аумағы 370,46 гектарға;
      Шарапхана ауылы округіне қарасты Шарапхана елді мекенінің 223,6 гектар жеріне, қосымша 118,43 гектар жайылым жерлер қосылып, жалпы аумағы 342,03 гектарға, Жіңішке елді мекенінің 99,7 гектар жеріне, қосымша 38,1 гектар жайылым жерлер қосылып, жалпы аумағы 137,8 гектарға, Майлыошақ елді мекенінің 62,0 гектар жеріне, қосымша 41,52 гектар жайылым жерлер қосылып, жалпы аумағы 103,52 гектарға;
      Шарбұлақ ауылы округіне қарасты Шарбұлақ елді мекенінің 304,4 гектар жеріне, қосымша 42,5 гектар жайылым жерлер қосылып, жалпы аумағы 346,9 гектарға, Ащыбұлақ елді мекенінің 92,92 гектар жеріне, қосымша 90,0 гектар жайылым жерлер қосылып, жалпы аумағы 182,92 гектарға;
      Тұрбат ауылы округіне қарасты Тұрбат елді мекенінің 322,18 гектар жеріне, қосымша 32,8 гектар жайылым жерлер қосылып, жалпы аумағы 354,98 гектарға;
      Қарабау ауылы округіне қарасты Сынтас елді мекенінің 168,96 гектар жеріне, қосымша барлығы 101,55 гектар, оның ішінде жайылым 96,49, егістік 5,06 жерлер қосылып, жалпы аумағы 270,51 гектарға;
      Алтынтөбе ауылы округіне қарасты Қаржан елді мекенінің 449,55 гектар жеріне, қосымша 133,25 гектар жайылым жерлер қосылып, жалпы аумағы 582,8 гектарға;
      Қақпақ ауылы округіне қарасты Қақпақ елді мекенінің 324,5 гектар жеріне, қосымша 70,5 гектар жайылым жерлер қосылып, жалпы аумағы 395,0 гектарға;
      Қызылқия ауылы округіне қарасты Қызылқия елді мекенінің 212,9 гектар жеріне, қосымша 53,27 гектар жайылым жерлер қосылып, жалпы аумағы 266,17 гектарға;
      Жаңабазар ауылы округіне қарасты Жаңабазар елді мекенінің 151,4 гектар жеріне, қосымша 58,17 гектар жайылым жерлер қосылып, жалпы аумағы 209,57 гектарға;
      Көкібел ауылы округіне қарасты Көкібел елді мекенінің 160,8 гектар жеріне, қосымша 81,8 гектар жайылым жер қосылып, жалпы аумағы 242,6 гектар жерлерге ұлғайтылып елді мекендердің шекараларына өзгеріс енгізілсін.
      2. Осы бірлескен аудандық мәслихатының шешімі және аудан әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     К.Қ.Төреқұлов
      
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы           М.М.Момынов
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                  А.Ж.Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады