Азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы N 773 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 19 сәуірде N 14-7-141 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 708 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық әкімдігінің 2012.02.20 № 708 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды, 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Аудандық шақыру комиссиясы осы құрамда бекітілсін:

Аяпов Әкім Серікбайұлы

-

Мақтаарал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);

Алданиязов Есенгелді Әшірханұлы

-

Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Жайлыбаев Сакен

-

Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісімі бойынша);

Мырзалиев Бауыржан

-

Атакент емханасының оташы дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы (келісімі бойынша);

Досымбетова Халима

-

Мақтаарал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақырылушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі инспекторы, комиссия хатшысы (келісімі бойынша).

      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2011.12.14 № 2166 Қаулысымен. 

      3. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығына (Ә. Аяповқа - келісімі бойынша):
      1) әскери қызметке шақырылған азаматтарды дәрігерлік комиссиядан және флюрографиялық тексеруден өткізу кестесін жасау;
      2) аудандық шақыру комиссиясының жұмысы туралы әр аптаның жұма күні аудан әкіміне жазбаша мәлімет беру ұсынылсын.
      4. Жетісай аудандық емханасының бас дәрігеріне (Б.Ақылбековке - келісімі бойынша):
      1) дәрігерлік комиссия құрамын қажетті мамандармен қамтамасыз етіп, комиссия жұмысы аяқталғанға дейін дәрігерлер мен медбикелер негізгі жұмыс орындарынан босатылсын және орташа айлық жалақысы сақталсын. Медициналық комиссиясының жұмысы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктінде өтеді. Жұмыс уақыты күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі;
      2) аудандық шақыру пунктін қажетті құралдарымен дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз етілуін;
      3) дәрігерлік комиссиясының қосымша емделуге жіберілген шақырылушыларды ауруханада стационарлық тексеруден өткізу, қажетті жағдайда емдеу шараларын жүргізу;
      4) әскерге шақыру кезеңінде дәрігер мамандардың біліктілігін арттыру үшін іс-сапарға, қызметті жиналыстарға немесе еңбек демалысына жіберер алдында Мақтаарал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығымен (комиссия төрағасымен) келісуін;
      5) жастарды диспансерлік және амбулаториялық картасы бойынша есепте тұратын әскери қызметке жататын жастардың тізімін Мақтаарал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тапсыру ұсынылсын.
      5. Аудандық ішкі істер басқармасы бастығына (А.Адиловқа - келісімі бойынша):
      1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру қағазына келмеген азаматтарды іздестіріп, дәрігерлік комиссиядан өткізу жұмыстарын жүргізу;
      2) облыстық дәрігерлік комиссияға барып-келу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
      6. Қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдері:
      1) әскери қызметке шақыруды сапалы өткізуді, әскерге шақырылушыларды мезгілінде хабарлауды, олардың өз уақытында шақыру пунктіне келуін;
      2) әскерге шақырылушыларды облыстық жинау пунктіне, Шымкент қаласына аттандыру мақсатында әскери есеп столдарының мамандарын шақыру жұмыстарынан басқа жұмыстардан босатуды және олардың әр сәрсенбі күні сағат 11.00-ге әскерге шақыру жұмыстары туралы есеп беру үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуін қамтамасыз етсін.
      7. Аудандық ішкі саясат бөлімі (П.Есенбеков) әскер қатарына шақыру орындарында жастар арасында әскери патриоттық, интернационалдық тәрбие жұмыстарын жүргізсін.
      8. Ауданның экономика және қаржы бөлімі (Б.Төребеков) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында шақыру жұмыстарын өткізуге қажетті мөлшерде қаржы бөлуді жүзеге асырсын.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұловаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С.О.Тұрбеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Мақтаарал аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімінің бастығы                Ә.С.Аяпов
      28 наурыз 2011 жыл

      Мақтаарал аудандық ішкі істер
      басқармасының бастығы                      А.Қ.Адилов
      28 наурыз 2011 жыл     

      Мақтаарал аудандық ішкі істер
      басқармасы қоғамдық қауіпсіздік
      бөлімі бастығының орынбасары               Б.С.Бекенов
      28 наурыз 2011 жыл

      Мақтаарал аудандық
      емхананың бас дәрігері                     Б.Ж.Ақылбеков
      28 наурыз 2011 жыл

      Мырзакент емханасының
      терапевт дәрігері                          Б.Байжанов
      28 наурыз 2011 жыл     

      Мақтаарал аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімінің әскерге шақырылушылармен
      жұмыс жүргізу жөніндегі инспекторы         Х.Досымбетова
      28 наурыз 2011 жыл

      Мақтаарал гуманитарлық-экономикалық
      және агробизнес колледжінің директоры      Н.Ж.Әліпбеков
      28 наурыз 2011 жыл

      № 14 кәсіптік лицейдің директоры           Қ.Молдабеков
      28 наурыз 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады