2011 жылы жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы N 263 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 5 сәуірде N 14-10-163 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 587 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімінің 2012.02.20 № 587 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабына сәйкес жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу және жұмыссыздар санын азайту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз ететін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Б.Серікбаев) 2011 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
      4. Сайрам аудандық экономика және қаржы бөлімі (Ғ.Аязов) ақылы қоғамдық жұмыстарға жалақы төлеуге қарастырылған қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Халмурадовқа жүктелсін.      

      Аудан әкімі                                У.Қайназаров

      Сайрам аудан әкімдігінің 2011 жылғы
      28 наурыздағы № 263 қаулысымен
      бекітілген

2011 жылға жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз ететін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі

№ р/с

Ұйымдардың тізбесі

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Көлемі (адам)

1.

Ауыл округтері әкімінің аппараттары

Еңбек рыногының негізгі индикатор көрсеткіштерін анықтауға көмектесу

17

2.

Ауыл округтері әкімінің аппараттары

Жолдар құрылысы және оларды жөндеу, көгалдандыру, ағаштар отырғызу, күтіп ұстау, әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салу және жөндеу

175

3.

Ауыл округтері әкімінің аппараттары

Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру

145

4.

Сайрам аудандық ішкі істер басқармасы

Қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсету

17

5.

Ауыл округтері әкімінің аппараттары

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

96

6.

Сайрам ауданы әкімінің аппараты

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

15

7.

Сайрам аудандық экономика және қаржы бөлімі

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

4

8.

Сайрам аудандық жер қатынастары бөлімі

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

8

9.

«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Сайрам филиалы

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

8

10.

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Сайрам аудандық бөлімшесі

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

10

11.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

40

12.

Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

8

13.

Сайрам аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

5

14.

Сайрам ауданының төтенше жағдайлар басқармасы

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

2

15.

«Сайрам әкімдігінің «Сайрам «Болашақ» балалар сауықтыру лагері» мемлекеттік қоммуналдық қазыналық кәсіпорны

Балалар сауықтыру лагері аумағын көріктендіру, көгалдандыру

10


Барлығы:


560

      Сұраныс пен ұсынысқа қарай қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2011 жылға арналған аудандық бюджетте қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
      Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдар жұмыссыздардың жалақысына үстеме ақы белгілеуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады