Сайрам ауданы Жұлдыз ауыл округі Бадам-2 ауылының шегін өзгерту туралы

Күшін жойған

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2011 жылғы 16 наурыздағы N 45-371/IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы N 1 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 29 сәуірде N 14-10-165 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 31-199/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108–бабының 5-тармағына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Бадам-2 ауылының шегіне Сайрам ауданының арнайы жер қорының жалпы алаңы 50 гектар бір бөлігі қосыла отырып, Бадам-2 ауылының шегі өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауыл аумақтарды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін (А.Турсиметов).
      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                У.Қайназаров

      Сессия төрағасы                            Р.Хайтенов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Т.Тулендиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады