"2011 жылы тұқым шаруашылығын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 67 қаулыға өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 11 тамыздағы N 180 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 тамызда N 2552 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2012 жылғы 05 қаңтардағы N 6/74 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2012.01.05 N 6/74 хаты).

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабына сәйкес және «Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 қаулысын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2011 жылы тұқым шаруашылығын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2545, 2011 жылғы 14 мамырдағы № 54 (16530) «Дидар», 2011 жылғы 16 мамырдағы № 54 (19042) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының 2 қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Облыс әкімі                                Б. Сапарбаев

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2011 жылғы 11 тамыздағы
№ 180 қаулысына
қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2011 жылғы 15 сәуірдегі
№ 67 қаулысына
2 қосымша

Тұқым шаруашылықтары сатқан тұқымдарға берілетін субсидияның
қалалар және аудандар бойынша 2011 жылға арналған көлемі

№ р/с

Қалалар, аудандар атауы

Тұқым шаруашылықтарының саны

Субсидия көлемі, мың теңге

1

Семей



2

Риддер



3

Өскемен



4

Аягөз



5

Бесқарағай



6

Бородулиха

4

20381,6

7

Глубокое

4

1632

8

Жарма



9

Зайсан



10

Зырян



11

Катонқарағай



12

Көкпекті



13

Күршім



14

Тарбағатай



15

Ұлан

4

24876,4

16

Үржар



17

Шемонаиха

1

4010


Облыс бойынша

13

50900

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады