2012 жылы жасы он жетіге толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы N 17 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2012 жылғы 25 қаңтарда N 5-5-135 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімінің 2012 жылғы 23 сәуірдегі N 25 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімінің 2012.04.23 N 25 шешімімен.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. 2012 жылғы қаңтар–наурызда 2012 жылы жасы он жетіге толатын еркек жынысты азаматтарды есепке тіркеуді өткізу «Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде ұйымдастырылсын.
      2. «Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесіне есепке тіркеуді уақтылы және сапалы өткізу мақсатында шақыру учаскесін дайындау және заңнамамен белгіленген өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.
      3. «Абай ауданының медициналық бірлестігі» қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына жасөспірімдерді медициналық куәландырудан өткізу үшін дәрігер–мамандар мен орта буын медициналық қызметкерлерінің қажетті санымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Абай ауданының әкімі                         Т. Мүсәпірбеков
      
      
      КЕЛІСІЛДІ:
      
      Абай ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген
      бөлімінің бастығы:                                 Б. Нұржауов
                                               30 желтоқсан 2011 жыл
      
      Абай ауданының медицина
      бірлестігінің директоры
      міндетін уақытша атқарушы:                       А. Балтақаева
      (келісімі бойынша)                       30 желтоқсан 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады