Глубокое ауданының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 24 наурыздағы N 1044 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 06 сәуірде N 5-9-151 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Глубокое ауданы әкімі аппаратының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 1730-02-10 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Глубокое ауданы әкімі аппаратының 2011.05.12 № 1730-02-10 хаты).

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19, 23-баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру мақсатында, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтемеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Кенттер және ауылдық округтердің әкімдері шақыру пунктіне азаматтардың «Глубокое ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім» ММ бастығының бұйрығында көрсетілген мерзімде немесе дербес шақыру қағазында көрсетілген учаскелік инспектордың жетекшілік етуімен ұйымдасқан түрде жеткізілуін қамтамасыз етсін.
      3. Глубокое ауданының «Медициналық бірлестігі» КМҚК директорына (М.С. Ластаев) ұсынылсын (келісім бойынша):
      1) медициналық әскерге шақыру комиссиясын маман-дәрігерлермен, орта медициналық персоналмен жасақтасын;
      2) медициналық комиссияның жұмысын, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың сапалы тексерілуін, әскерге шақырылушылардың кезектен тыс өтуін, емделуін, тексерілуін бақылауға алсын;
      3) әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге аттандыру күні соңғы тексеруден өткізуге кезекші дәрігер тағайындалсын.
      4. «Глубокое ауданының ішкі істер бөлімі» ММ бастығы (К.Т. Синиязов) (келісім бойынша) қамтамасыз етсін:
      1) әскери қызметтен бас тартқан азаматтарды іздестіру және шақыру пунктіне жеткізілуін;
      2) азаматтарды әскерге шақыру мен әскерге аттандыру кезеңінде шақыру пунктінде тәртіп сақталуын.
      5. Әскерге шақырылатын 1984-1993 жылы туған азаматтарды 2011 жылдың көктем-күзгі медициналық комиссияға келу кестесі бекітілсін.
      6. «Глубокое аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ бастығы (Ф.И. Сатаева) әскерге шақырылатын жастарды әскерге шақырту барысында тәрбиелік шаралардың өткізілуін, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулерді ұйымдастырсын.
      7. «Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бастығы (Б.Н. Кенчимбаев) әскерге шақырылушыларды жөнелту барысында көркем өнерпаздар ұжымының өнер көрсетуін ұйымдастырсын.
      8. «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бастығы (А.И. Павлов) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне жіберілетін әскерге шақырылушылардың дене жаттығуы дайындықтарын тексерсін.
      9. «Глубокое ауданының қаржы бөлімі» ММ бастығы (Қ.С. Карибаев) 2011 жылдың аудандық бюджетінде белгіленген мөлшерде қаржыландыруды уақытында өткізсін.
      10. «Глубокое ауданының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді шұғыл әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Глубокое аудандық әкімдіктің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 594 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 04 мамырында № 5-9-129 болып тіркелген, аудандық «Огни Прииртышья» газетінің 2010 жылғы 14 мамырда № 21 санында жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Н. Пономареваға жүктелсін.
      12. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Глубокое ауданының әкімі                   В. Кошелев

      Келісілген:

      «Глубокое ауданының
      Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» ММ бастығы               А. Чункунов
      2011 жыл 24.03.

      «Глубокое ауданының
      ішкі істер бөлімі» ММ бастығы              К. Синиязов
      2011 жыл 24.03.

      Глубокое ауданының
      «Медициналық бірлестігі»
      КМҚК директоры                             М. Ластаев
      2011 жыл 24.03.

Глубокое аудандық әкімдіктің
2011 жылғы 24 наурыздағы № 1044
қаулысымен бекітілген

2011 жылдың көктемінде және күзінде 1984-1993 жылдары туған
жасөспірімдерді алдын-ала медициналық куәландырудан өткізу
КЕСТЕСІ


р/с

Елді мекендердің, кенттер мен ауылдық округтердің атауы

Өтетін күні

2011 жылдың көктемі

2011 жылдың күзі

1

Алтайский кенті

14.03.2011 ж.

19.09.2011 ж.

2

Белоусовка кенті

29.03.,
30.03.2011 ж.

29.09.,
30.09.2011 ж.

3

Белокаменка ауылы

29.03.2011 ж.

29.09.2011 ж.

4

Бобровка ауылдық округі

17.03.2011 ж.

22.09.2011 ж.

5

Веселовка ауылдық округі

18.03.2011 ж.

23.09.2011 ж.

6

Верхнеберезовский кенті

14.03.2011 ж.

19.09.2011 ж.

7

Глубокое кенті

24.03.,
25.03.2011 ж.

26.09.,
27.09.2011 ж.

8

Калинин ауылдық округі

15.03.2011 ж.

20.09.2011 ж.

9

Киров ауылдық округі

16.03.2011 ж.

21.09.2011 ж.

10

Кожохово ауылдық округі

16.03.2011 ж.

21.09.2011 ж.

11

Краснояр ауылдық округі

15.03.2011 ж.

20.09.2011 ж.

12

Куйбышев ауылдық округі

18.03.2011 ж.

23.09.2011 ж.

13

Малоубинка ауылдық округі

18.03.2011 ж.

23.09.2011 ж.

14

Опытное поле ауылдық округі

25.03.2011 ж.

27.09.2011 ж.

15

Секисовка ауылдық округі

18.03.2011 ж.

23.09.2011 ж.

16

Ушаново ауылдық округі

17.03.2011 ж.

22.09.2011 ж.

17

Фрунзе ауылдық округі

24.03.2011 ж.

26.09.2011 ж.

18

Черемшанка ауылдық округі

28.03.2011 ж.

28.09.2011 ж.


Қосымша күндер

31.03., 20.04.,
18.05., 25.05., 08.06.,
22.06. 2011 ж.

30.09., 11.10.,
26.10., 10.11.,
23.11., 07.12.,
21.12.2011 ж.

      «Глубокое ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі»
      ММ бастығы подполковник                  А. Чункунов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады