Новоберезовка ауылдық округі елді мекендерінің көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Новоберезовка ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы N 01 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 31 қаңтарда N 5-13-108 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Новоберезовка ауылдық округi тұрғындарының пiкiрiн ескере келе ШЕШЕМІН:
      1. Новоберезовка ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
      Ленин көшесі - «Тәуелсіздік» көшесіне;
      Киров көшесі - «Сакен Сейфулин атындағы» көшеге.
      2. Үштөбе ауылындағы Заречная көшесі - «Кәсен Байкенұлы атындағы» көшеге өзгертілсін.
      3. Майемер ауылындағы Ленин көшесі – «Тайбұға» көшесіне өзгертілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Г. Нурсалхановаға
жүктелсiн.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Ауылдық округ әкiмi                        К. Жексембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады