Көкпекті ауданында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарына және Қазақстан Республикасы мәслихаты депутаттарына үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 05 желтоқсандағы N 1324 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 14 желтоқсанда N 5-15-91 тіркелді. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі N 143 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2012.04.16 N 143 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес Көкпектi ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Көкпекті ауданында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарына және Қазақстан Республикасы мәслихаты депутаттарына үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.А. Кемербаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                                Д. Мусин

      Келісілді:

      Аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрайымы              А. Әкімова
      05.12.2011 жыл

Көкпекті ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 05 желтоқсандағы
№ 1324 қаулысына
қосымша

Баспа үгіт материалдарын орналастыруға арналған орындар

      Көкпекті ауылындағы Мәдениет үйі ғимаратының, автобекет ғимаратының, бұрынғы қорғаныс бөлімінің ғимаратының, «Балерке» бала бақшасының, бұрынғы мектеп ғимаратының жанында.
      Ұзынбұлақ ауылындағы селолық клуб ғимаратының жанында.
      Ажа ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
      Шәріптоғай ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
      Толағай ауылындағы селолық клуб ғимаратының, мектеп ғимаратының жанында.
      Преображенка ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
      Черноярка ауылындағы контор ғимаратының жанында.
      Воздвиженка ауылындағы селолық клуб ғимаратының жанында.
      Малая-Буконь ауылындағы селолық клуб ғимаратының жанында.
      Үлкенбөкен ауылындағы селолық клуб ғимаратының және № 12 кәсіби лицей ғимаратының жанында.
      Жансары ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратының жанында.
      Ақтас ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
      Шұғылбай ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
      Мелитополь ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратының жанында.
      Үлгілімалшы ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
      Нұра ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратының жанында.
      Сүлеймен ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратының жанында.
      Қарағандыкөл ауылындағы селолық клуб ғимаратының жанында.
      Мамай ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
      Тассай ауылындағы селолық клуб ғимаратының, мектеп ғимаратының жанында.
      Қайнар ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратының жанында.
      Ақсу ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратының жанында.
      Үшкөмей ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
      Теректі ауылындағы селолық клуб ғимаратының жанында.
      Өрнек ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
      Каменка ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратының жанында.
      Көкжайық ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
      Қарамойыл ауылындағы селолық клуб ғимаратының жанында.
      Ақ-Ой ауылындағы дүкен ғимаратының жанында.
      Биғаш ауылындағы селолық клуб ғимаратының жанында.
      Қарғалы ауылындағы селолық клуб ғимаратының жанында.
      Комсомол ауылындағы селолық клуб ғимаратының жанында.
      Егінбұлақ ауылындағы селолық клуб ғимаратының жанында.
      Палатцы ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
      Песчанка ауылындағы селолық клуб ғимаратының жанында.
      Подгорное ауылындағы селолық клуб ғимаратының жанында.
      Қарақол ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
      Новотимофеевка ауылындағы селолық клуб ғимаратының жанында.
      Новостройка ауылындағы селолық клуб ғимаратының жанында.
      Миролюбовка ауылындағы селолық клуб ғимаратының жанында.
      Раздольное ауылындағы селолық клуб ғимаратының жанында.
      Бастаушы ауылындағы селолық клуб ғимаратының жанында.
      Көкжота ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
      Казнаковка ауылындағы «Жалын» дүкенінің ғимаратының жанында.
      Көкжыра ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
      Белое ауылындағы селолық клуб ғимаратының жанында.
      Қараткөл ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
      Жаңажол ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратының жанында.
      Қойтас ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
      Самар ауылындағы бұрынғы «Заря» кинотеатры ғимаратының және Мәдениет үйі ғимаратының, «Казпочта» ғимаратының жанында.
      Пантелеймоновка ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
      Қайыңды ауылындағы контор ғимаратының жанында.
      Мариногорка ауылындағы селолық клуб ғимаратының жанында.
      Малоросийка ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.
      Московка ауылындағы мектеп ғимаратының жанында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады