Сайлау науқандары кезеңiнде үгiттiк баспа материалдарын орналастыруға орындар және кездесу өткізетін үй-жайлар белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 01 желтоқсандағы N 735 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 09 желтоқсанда N 5-17-157 тіркелді. Күші жойылды (Ұлан ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 07 мамырдағы N 04/04-20-1940 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Ұлан ауданы әкімі аппаратының 2012.05.07   N 04/04-20-1940 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне, облыстық және аудандық мәслихаттары депутаттығына кандидаттары үшiн үгiттiк баспа материалдарын орналастыруға орындар және кездесу өткізетін үй-жайлар белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындауын бақылау Ұлан ауданы әкiмiнiң орынбасары Д. Мусинге жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Ұлан ауданының әкімі                       Ж. Муратов

      Келісілді:

      Ұлан аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы              Г. Лутфуллина
      01 желтоқсан 2011 ж.

Қосымша 1
2011 жылғы 01 желтоқсандағы
№ 735 аудан әкімдігінің
қаулымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне, облыстық және
аудандық мәслихаттары депутаттығына кандидаттары үшiн үгiттiк
баспа материалдарын орналастыруға орындар және кездесу
өткізетін үй-жайлар

Округ пен кент атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар

Кездесу өтетін үй-жайлар

Аблакет ауылдық округі

Сағыр ауылының Пушкин атындағы орта мектебінің алдындағы тақта, Мамай Батыр ауылының Ломоносов атындағы орта мектебінің алдындағы тақта, Бестерек ауылының М. Горький атындағы орта мектебінің алдындағы тақта, Желдіөзек ауылының Орталық көшесіндегі № 18 үйінің алдындағы тақта

Сағыр ауылының Пушкин атындағы орта мектебінің акт залы, Мамай Батыр ауылының Ломоносов атындағы орта мектебінің акт залы, Желдіөзек ауылының мамандандырылған емдеу, алдын-алу кәсіпорынның акт залы

Айыртау ауылдық округі

Айыртау ауылындағы «Чингиз», «Назгүл», «Алтай» дүкендерінің алдындағы тақталар, Ново-Канайка ауылының облыстық жүйке ауруханасының алдындағы тақта

Айыртау ауылындағы клуб, Ново-Канайка ауылындағы клуб, Ұзын-Бұлақ ауылындағы жеке меншік үй

Алмасай ауылдық округі

Алмасай ауылының Абай атындағы орта мектебінің алдындағы тақта, Б. Өтепов ауылындағы клубтың алдындағы тақта

Алмасай ауылының Абай атындағы орта мектебінің акт залы, Б. Өтепов ауылындағы клуб

Азовое ауылдық округі

Ново-Азовое ауылының Центральная көшесіндегі тақта, Азовое ауылының Центральная көшесіндегі тақта, Бетқұдық ауылының Центральная көшесіндегі тақта

Азовое ауылының Ново-Азовое орта мектебінің акт залы, Азовое ауылындағы № 9 үй, Бетқұдық ауылындағы № 15 үй

Асубұлақ кенті

Асубұлақ кентіндегі Асубұлақ орта мектебінің алдындағы тақта, Асубұлақ кентіндегі учаскелік ауруханасының алдындағы тақта

Асубұлақ кентіндегі Асубұлақ орта мектебінің акт залы

Багратион ауылдық округі

Привольное ауылының Лут көшесіндегі тақта, Митрофановка ауылының Орталық көшесіндегі тақта

Привольное ауылындағы Привольное орта мектебінің акт залы, Митрофановка ауылындағы Лут атындағы орта мектебінің акт залы

Белогор кенті

Белогор кентіндегі О. Бөкеев атындағы орта мектебінің алдындағы тақта

Белогор кентіндегі О. Бөкеев атындағы орта мектебінің акт залы

Бозанбай ауылдық округі

Бозанбай ауылындағы мәдениет үйінің алдындағы тақта, Алғабас ауылындағы клубтың алдындағы тақта, Екатериновка ауылындағы клубтың алдындағы тақта, Қызылсу ауылындағы «Қызыл-су Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің алдындағы тақта

Бозанбай ауылындағы мәдениет үйі, Алғабас ауылындағы клуб, Екатериновка ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункті, Қызыл-су ауылындағы «Қызыл-су Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жатақханасы

Гагарин ауылдық округі

Гагарин ауылының Орталық көшесіндегі № 43 үйінің алдындағы тақта

Гагарин ауылындағы Гагарин орта мектебінің акт залы

Егінсу ауылдық округі

Ұлан ауылындағы «Дархан» дүкенінің алдындағы тақта

Ұлан ауылындағы клуб, Жанұзақ ауылындағы Башиков атындағы негізгі мектебінің акт залы, Борсақ ауылындағы Алтынсарин атындағы бастауыш мектеп

Каменка ауылдық округі

Тройницкое ауылындағы Тройницкое орта мектебінің алдындағы тақта

Каменка ауылындағы Каменка орта мектебінің акт залы, Тройницкое ауылындағы Тройницкое негізгі мектебінің акт залы

Молодежный кенті

Молодежный кентіндегі «Виктория» кафесінің жанындағы тақта

Аудандық мәдениет үйі

Огневка кенті

Огневка кентінің Панин көшесіндегі № 2 үйінің алдындағы тақта, Огневка кентіндегі пошта бөлімшесінің алдындағы тақта, Смолянка темір жол станция бөлімшесінің алдындағы тақта

Огневка кентіндегі Сейфуллин атындағы орта мектебінің акт залы

Өскемен ауылдық округі

Донское ауылындағы «Пчелка» дүкенінің алдындағы тақта, Макеевка ауылындағы «У Салимы» дүкенінің алдындағы тақта, Восточное ауылындағы «17 лет Октября» атындағы орта мектебінің алдындағы тақта

Донское ауылындағы Тохтаров атындағы орта мектебінің акт залы, Макеевка ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт, Восточное ауылындағы «17 лет Октября» атындағы орта мектебінің акт залы

Саратовка ауылдық округі

Саратовка ауылындағы «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжінің» алдындағы тақта, Ново-Одесское ауылындағы клубтың алдындағы тақта

Саратовка ауылындағы «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжінің» акт залы, Ново-Одесское ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт, Отрадное ауылындағы клуб

Тарғын ауылдық округі

Тарғын ауылындағы І. Айтықов атындағы орта мектебінің алдындағы тақта, І. Айтықов ауылындағы Қ. Қайсенов атындағы негізгі мектебінің алдындағы тақта, Жоғары Тайынты ауылындағы М. Таенов атындағы орта мектебінің алдындағы тақта

Жантас ауылындағы жеке меншік тұрғын үй, Тарғын ауылындағы І. Айтықов атындағы орта мектебінің акт залы, Манат ауылындағы Ақжолов орта мектебінің акт залы, І. Айтықов ауылындағы Қ. Қайсенов атындағы негізгі мектебінің акт залы, Жоғарғы Тайынты ауылының М. Таенов атындағы орта мектебінің акт залы

Таврия ауылдық округі

Таврия ауылының Октябрьская көшесіндегі тақта, Ақтөбе ауылындағы Ақтөбе негізгі мектебінің алдындағы тақта, Пролетарка ауылындағы Пролетарка негізгі мектебінің алдындағы тақта

Таврия ауылындағы клуб, Ақтөбе ауылындағы Ақтөбе негізгі мектебінің акт залы, Пролетарка ауылындағы Пролетарка негізгі мектебінің акт залы

Төлеген Тоқтаров ауылдық округі

Герасимовка ауылындағы клубтың алдындағы тақта, Украинка ауылындағы Украинка орта мектебінің алдындағы тақта

Герасимовка ауылындағы клуб, Украинка ауылындағы Украинка орта мектебінің акт залы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады