Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылы тіркеуге алуды жүргізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 10 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 16 қаңтарда N 5-17-161 тіркелді. Күші жойылды (Ұлан ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 07 мамырдағы N 04/04-20-1940 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Ұлан ауданы әкімі аппаратының 2012.05.07   N 04/04-20-1940 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, Ұлан ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылдың қаңтар–наурыз айларында тіркеуге алу жүргізілсін және ұйымдастырылсын.
      2. Тіркеуге алуды жүргізу кестесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. «Ұлан ауданының медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директорына (Ж. Бухатов):
      1) медициналық комиссияны маман–дәрігерлермен, орта дәрігерлік мамандармен, қажетті жабдықтармен, құрал–саймандармен және дәрі дәрмектермен жасақтау;
      2) әскерге шақырылуға дейінгілерді стационарлық тексеру және емдеу үшін ауданның медициналық мекемелерінде қажетті төсек орын санының бөлінуін қамтамассыз ету;
      3) тіркеуге алу аяқталғаннан кейін әскерге шақырылуға дейінгілерді емдеу үшін маман–дәрігерлерді тағайындау;
      4) 2012 жылы тіркеуге алынатын азаматтарды емдеу және медициналық куәландыруды өткізетін емдеу мекемесін анықтау ұсынылсын.
      4. Кенттер мен ауылдық округтерінің әкімдері әскери–есеп үстелінің мамандары мен оқу орындарының әскери басшыларының ілесуімен жасөспірімдердің тіркеуге алу комиссиясына уақытында келуі мен күні туралы хабарлауды қамтамассыз етсін.
      5. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер Департаментінің Ұлан аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Т. Закирьянов) медициналық комиссия жұмысы кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының хабарландыруы бойынша тіркеуден бас тартқан азаматтарды іздестіру және қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің, шақыру учаскесіне жеткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
      6. «Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Б. Саниязов) «Ұлан ауданның білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (К. Окасов) тіркеуге алу кезеңінде әскери–оқу орындарына кандидаттарды іріктеуді жүргізу ұсынылсын.
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Мусинге жүктелсін.
      8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Ұлан ауданының әкімі                       Ж. Муратов

      Келісілген:

      Аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлім бастығы                    Б. Саниязов

      29.12.2011 ж.

      Ұлан ауданының ішкі
      істер бөлімінің бастығы                    Т. Закирьянов

      29.12.2011 ж.

      «Ұлан ауданының
      медициналық бірлестігі»
      КМҚК директоры                             Ж. Бухатов

      29.12.2011 ж.

Ұлан ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 29 желтоқсан № 10
шешімінің қосымшасы

Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру
учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек
жынысты азаматтарды 2012 жылы тіркеуге алуды жүргізу туралы
КЕСТЕСІ

Ауылдық,
кенттік
округтер

Саны

31.01.2012

01.02.2012

03.02.2012

07.02.2012

08.02.2012

09.02.2012

10.02.2012

1

Аблакет

25


25






2

Азов

5




5




3

Айыртау

14







14

4

Алмасай

8







8

5

Асу-Бұлақ

12

12







6

Багратион

12




12




7

Белогор

4

4







8

Бозанбай

20



20





9

Гагарин

6




6




10

Егінсу

5







5

11

Каменка

7





7



12

Молодежный

16







16

13

Огневка

4

4







14

Саратовка

13






13


15

Таврия

31





31



16

Тарғын

8

8







17

Толеген-Тохтаров

14





14



18

Өскемен

12






12



Барлығы:

216

28

25

20

23

52

25

43

      Ұлан ауданы әкімі
      аппаратының басшысы                        А. Рамазанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады