Қазақстан Республикасы Президентіне үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 01 наурыздағы N 105 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 11 наурызда N 5-18-110 тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Үржар ауданы әкімі аппаратының 2011 жылғы 13 мамырдағы N 04-12/942 хаты)

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Үржар ауданы әкімі аппаратының 2011.05.13 N 04-12/942 хаты).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Ауылдық округ әкімдері орындарды қалқандар, стендтермен жарықтандырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығына С. Жунусоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Қ. Байсинов

      Келісілді:

      Аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы                    А. Жұматаев
      28 ақпан 2011 жыл

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 01 наурыздағы
№ 105 қаулысына қосымша

ҚР Президентінің үміткерлердің үгіт-насихат материалдарының
орналасу орындары

№ р/с

А/о атауы

Орналастыру орындары

1

Ақжар

Абылайхан даңғылы № 28 «Ғаmilу» дүкенінің қабырғасы

Амангелді ауылы

Ауылдық фельдшерлік акушерлік пункт ғимараты


Қарамойыл ауылы

Ауылдық фельдшерлік акушерлік пункт ғимараты

2

Алтыншоқы

Д. Жұматаев көшесіндегі «Қазпошта» ғимаратының сыртқы қабырғасы


Айтбай ауылы

Гагарин көшесіндегі орта мектеп аумағындағы арнайы орынға


Лайбұлақ ауылы

Школьная көшесіндегі «Оралбек» дүкенінің қабырғасына


Текебұлақ ауылы

Ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункт ғимараты жанындағы арнайы орынға орналасады

3

Қаратұма

Ауыл орталығындағы хабарламалар үшін арнайы орынға, орталықтағы «Анар» дүкенінің қабырғасына

4

Бақты

Алтынсарин көшесі № 1 В үйдегі Б. Сахариев атындағы орта мектебінің және ауылдық клуб жанындағы арнайы орындарда орналасады

5

Көлденең

Ардагерлер көшесіндегі «Мадина» дүкенінің алдындағы арнайы орынға орналасады

6

Салқынбел

Ауылдық мәдениет үйі кіре берісіндегі арнайы орынға, ауылдық пошта ғимараты қабырғасына


Қарабұйрат ауылы

Ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының қабырғасына

7

Қоңыршәулі

Балғабаев көшесі байланыс бөлімшесі ғимаратының алды, Ақтанберді көшесі пошта бөлімшесі ғимаратының алды, Балғабаев көшесіндегі орталық алаң

8

Благодарное

Центральная көшесінің бойындағы «Жастар» үйінің жанындағы арнайы орында орналасады


Қызыл жұлдыз ауылы

Набережная көшесіндегі ескі дүкен алдындағы арнайы орында орналасады

9

Шолпан

Ғ. Құлахметов көшесіндегі «Қасымбай» дүкені қабырғасына, С. Құлахметов көшесіндегі «Маржан» дүкені қабырғасына

10

Елтай

Ауыл ортасындағы «Нұржан» сауда дүкенінің жанындағы арнайы орында орналасады

11

Көктерек

Б. Момышұлы көшесі № 5 үй «Айзада» дүкені сыртында арнайы орын белгіленді


Қайыңды ауылы

Бейбітшілік көшесі № 23 үйдің жанына щит қойылған


Қызылбұлақ ауылы

Орталық көшесі № 19 үйдің жанына щит қойылған

12

Қарабұлақ

Найманбаев көшесі № 28 үй а/о әкімдігінің жанындағы арнайы орында орналасады


Барлық-Арасан ауылы

Абай көшесі № 15 үйдің алдындағы орын,
Абай көшесі № 22 үйдің (бұрынғы ПМК ғимараты) алдындағы орын

13

Жоғарғы Егінсу

Ауыл ортасындағы «Қазпошта» мекемесі ғимаратының алдындағы арнайы орын, Егінсу орта мектебі аумағындағы арнайы орынға орналасады

14

Жаңа Тілек

Ленин көшесі бойындағы «Нұр-дос», «Айерке», «Ерсерік» дүкендерінің қабырғаларына


Тасарық ауылы

Н. Байкенов, С. Сейфуллин көшелеріндегі «Әділет», «Ерзат» дүкендерінің қабырғаларына

15

Қаратал

Жеңіс көшесі № 1 үй Қаратал ОМ алды, Жеңіс көшесі № 1Б «Айбек» сауда дүкенінің қабырғасы


Бекет ауылы

Ауыл тұрғыны Мыстанова Қанипаның Қабанбай көшесі № 4 үйінің жаны, «Байтұрсын» ЖШҚ әкімшілік үйінің алды Бөгенбай көшесі № 8/2


Бұғыбай ауылы

Бұғыбай НМ ғимаратының алдында арнайы орын. Қабанбай көшесі № 1 үй, Наурыз көшесі № 2А үй «Наурыз» сауда дүкенінің қабырғасы

16

Егінсу

М. Әуезов көшесі № 20 үйдің аумағынан арнайы орын


Жанай ауылы

Қ. Рысқұлбеков көшесіндегі Жанай орта мектебінің аумағынан арнайы орын жасалды

17

Қарақол

Әзербаев көшесі № 10 үйі орта мектеп ғимаратының жанында арнайы тақта орналасқан


Сағат ауылы

Заманбеков көшесі № 115 үй фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының алдындағы арнайы орында орналасады


Абай ауылы

Құсайынов көшесі № 45 үй фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының алдындағы арнайы орында орналасқан


Сартерек ауылы

Фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының алдындағы арнайы орын

18

Көктал

«Самал» жастар үйі ғимаратының қабырғасы

19

Көкөзек

Ленин көшесі № 73 үйдегі ауылдық клуб ғимаратындағы арнайы орында орналасады

20

Мақаншы

Қабанбай және Найманбай көшелері қиылысындағы арнайы орын, Қабанбай көшесі бойындағы ескі Мәдениет үйі ғимараты алдындағы орында орналасады

21

Ақшоқы

Ә. Найманбай көшесі № 80 үйдің алдында ауылдық саябақта арнайы орын жасалды, Ә. Найманбай көшесі № 79 үйдің орта мектептің аумағында орналасады


Подгорное ауылы

Орталық көшесі № 5 үйдің ауыл мектебінің аумағында

22

Бестерек

Ардагерлер көшесі № 45 үйдің жанындағы орталық дүкендердің жаны


Қазымбет ауылы

Ауыл орталығындағы «Гауһар» дүкенінің қасындағы орында


Ер Қабанбай ауылы

Ауыл орталығындағы «Гауһария» дүкенінің қасындағы орында

23

Қабанбай

Ауыл орталығындағы «Алакөл» сауда үйі алдындағы арнайы орын

24

Үржар

«Дастархан» автобекетінің қабырғасына, Абылайхан даңғылы 76; «Қуаныш базары» қоршауына, Абылайхан даңғылы 89;
«Нұрсұлтан» сауда үйінің қабырғасына (ЦОН), Абылайхан даңғылы 118; «Артур» сауда үйінің қабырғасына, Абылайхан даңғылы 147;
Тұрмыс қызметін көрсету үйі қабырғасына; Абылайхан даңғылы 142 орналасады


Қызыл ту ауылы

Ауылдық пошта ғимаратының қабырғасына


Бұрғон ауылы

Ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының қабырғасына

25

Қарабұта

Абай көшесінде орналасқан пошта бөлімшесі жанындағы арнайы орында орналасады

26

Науалы

Рахметов көшесі № 17 үйдегі «Науалым» сауда дүкеніне, Рахметов көшесі № 40 үйдегі дүкенге орналасады


Малақ ауылы

Амангелді көшесіндегі ауылдық клуб ғимараты алдындағы арнайы орында

27

Ново-Андреевка

Ауыл орталығындағы «Нұр-Дос», «Тимур» дүкендерінің қабырғасына


Покровка ауылы

Ауыл орталығындағы «Баян сұлу» дүкенінің қабырғасына


Некрасовка ауылы

Ауыл орталығындағы «Әсем» дүкенінің қабырғасына


Благодатное ауылы

Ауыл орталығындағы «Думан» дүкенінің қабырғасына

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады