Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе және Тасқала аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 26 қаңтардағы N 17 қаулысы және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 30 мамырдағы N 32-4 шешімі. Батыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінде 2011 жылғы 24 маусымда N 3063 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес және Қаратөбе аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 232 және Қаратөбе аудандық мәслихатының 2010 жылғы 25 желтоқсандағы N 25-6 "Кейбір елді мекендерді тарату туралы" бірлескен қаулы және шешімі негізінде сонымен қатар, Тасқала аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 400 және Тасқала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 30-1 "Тасқала ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы" бірлескен қаулы және шешімі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе және Тасқала аудандарының кейбір елді мекендері қосымшаға сәйкес таратылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың ұйымдастыру, құқық мәселелері және мәдени саясат бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі            Сессия төрағасы
      Б. Ізмұхамбетов        М. Құлшар
                             Облыстық мәслихат хатшысы
                             М. Құлшар

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2011 жылғы 26 қаңтардағы
N 17 қаулысы мен
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2011 жылғы 30 мамырдағы
N 32-4 шешіміне
қосымша

Батыс Қазақстан облысының
Қаратөбе және Тасқала аудандары бойынша
таратылатын кейбір елді мекендер тізімі

Қаратөбе ауданы бойынша:

      Егіндікөл селолық округіне қарасты "Жігерлен" ауылы;

Тасқала ауданы бойынша:

      Қосшы ауылдық округіне қарасты "Комсомольск" селосы;
      Қазақстан ауылдық округіне қарасты "Жұмалы" селосы;
      Мереке ауылдық округіне қарасты "Жайықбай" селосы;
      Мереке ауылдық округіне қарасты "Карташово" селосы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады