Орал қаласы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 1195 қаулысы. Батыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінда 2011 жылғы 24 маусымда № 7-1-208 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 988 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 20.03.2015 № 988 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
      2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. С. Сафималиевке жүктелсін.

      Қала әкімі                       С. Оразов

Орал қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 2 маусымдағы
№ 1195 қаулысына
қосымша

Орал қаласы бойынша нысаналы топтарға
жататын адамдардың қосымша тізбесі:

      1. Алты айдан астам жұмыс жасамаған тұлғалар;
      2. 50 (елу) жастан асқан адамдар;
      3. Жеке еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған адамдар;
      4. Жалғыз тұратын адамдар;
      5. Екі жақты келісім бойынша жұмыстан босатылған адамдар;
      6. Алғашқы жұмыс іздеуші адамдар;
      7. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби білім алған жұмыссыздар және колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері;
      8. Асырауында екі немесе одан да көп 18 жасқа толмаған балалары бар тұлғалар;
      9. Ағымдағы жылдың жалпы білім беру ұйымдарының бітірушілері;
      10. Мүгедек балаларды тәрбиелеуші (асырап алушылар, қамқоршы, қорғаншы) ата-аналар.
      Ескерту. Қосымшаға 10 тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 03.10.2014 № 2622 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 03.10.2014 № 2622 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады