Орал қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы N 3091 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 22 желтоқсанда N 7-1-219 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағы негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп, (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес Орал қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. Зачаган, Деркөл, Круглоозерное, Желаев кенттік округ әкімдері, "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары А. Сафималиевке жүктелсін.

      Қала әкімі                       С. Оразов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Орал қалалық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      _____________Абулхатин Ерболат Махамбетұлы
      07.12.2011 ж.

Орал қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 8 желтоқсандағы
N 3091 қаулысына қосымша

Орал қаласының аумағында Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының
депутаттығына барлық кандидаттар үшін
үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін
орындар

N

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Зачаган кенті

"Жазира" дүкенінің алдында

2

Зачаган кенті

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің алдында

3

Деркөл кенті

"Деркөл кенттік округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

4

Круглоозерное кенті

Круглоозерное жалпы орта білім беретін мектебінің алдында

5

Серебряково кенті

"Круглоозерное кенттік округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

6

Желаев кенті

N 14 жалпы орта білім беретін мектебінің алдында

7

Орал қаласы

Достық-Дружба даңғылы, М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің алдында

8

Орал қаласы

Достық-Дружба даңғылы, Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы ғимаратының алдында

9

Орал қаласы

Достық-Дружба даңғылы, М. Мәметова алаңында

10

Орал қаласы

Привокзальная көшесі, В. Чапаев алаңында

11

Орал қаласы

Х. Есенжанов көшесі, "Нефтебаза" аялдамасында

12

Орал қаласы

Карбышев көшесі, "Жастар" мәдениет үйі ғимаратының алдында

13

Орал қаласы

Еуразия даңғылы, "Әмбебап дүкен" сауда орталығы ғимаратының алдында

14

Орал қаласы

Әбілқайыр хан даңғылы, "Қазақстан" кинотеатры ғимаратының алдында

15

Орал қаласы

Әбілқайыр хан даңғылы, "Астана" сауда орталығы ғимаратының алдында

16

Орал қаласы

Әбілқайыр хан даңғылы, "Орал" сауда ойын-сауық кешені ғимаратының алдында

17

Орал қаласы

Жамбыл көшесі, Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының алдында

18

Орал қаласы

Гагарин көшесі, N 2 автобус маршрутының соңғы аялдамасында

19

Орал қаласы

Құрманғазы көшесі, Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті ғимаратының алдында

20

Орал қаласы

Құрманғазы көшесі, "Орал" қонақ үйі ғимаратының алдында

21

Орал қаласы

Құрманғазы көшесі, "Тұрмыс үйі" сауда орталығы ғимаратының алдында

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады