Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 1572 "Орал қаласы бойынша жекелеген санаттағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 3074 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 27 желтоқсанда № 7-1-221 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 14 казандағы № 3304 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 14.10.2016 ж. № 3304 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы"Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласы әкімдігінің "Орал қаласы бойынша жекелеген санаттағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2011 жылғы 7 шілдедегі N 1572 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-211 тіркелген, 2011 жылғы 11 тамыздағы "Жайық үні" газетінде N 32 және 2011 жылғы 12 тамыздағы "Пульс города" газетінде N 32 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін:
      1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
      2) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін.".
      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. С. Сафималиевке жүктелсін.

      Қала әкімі С. Оразов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады