Бөрлі ауданының әкімдігінің 2011 жылдың 18 сәуірдегі N 183 "Бөрлі ауданы бойынша жекелеген санаттағы азаматтар үшін жұмыс орнының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы N 1019 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 7-3-119 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы N 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 16.02.2015 N 99 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы 18 сәуірдегі N 183 "Бөрлі ауданы бойынша жекелеген санаттағы азаматтар үшін жұмыс орнының квотасын белгілеу туралы" Бөрлі ауданының әкімдігінің қаулысына (нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде N 7-3-111 тіркелді, 2011 жылғы 25 маусымда N 50 аудандық "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1. тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "1. Бөрлі ауданының келесі адамдары үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін:".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Сидыққа жүктелсін.

      Аудан әкімі                            Б. Шакимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады