Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 42 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әілет департаментінде 2011 жылғы 30 наурызда № 7-4-116 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 89 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2011.06.13 № 89 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында барлық кандидаттарына үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Қайырғалиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 3 наурызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                      Р. Карин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Бөкей ордасы аудандық
      аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      _____________Махимов Мереке Темирбулатович
      14.03.2011 ж.

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 14 наурыздағы
№ 42 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен
тыс сайлауында барлық кандидаттарына үгіттік
баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Ауылдық округтер атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1.

Бисен

Мәдениет үйі ғимаратының алаңы

2.

Мұратсай

Мәдениет үйі ғимаратының алаңы

3.

Орда

Мәдениет үйі ғимаратының алаңы

4.

Сайқын

Мектеп ғимаратының алды

Аудандық мәдениет үйі ғимаратының алды

5.

Саралжын

Мәдениет үйі ғимаратының алаңы

6.

Темір Масин

Мәдениет үйі ғимаратының алаңы

7.

Ұялы

Мәдениет үйі ғимаратының алаңы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады