Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 287 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 қаңтарда № 7-5-138 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 26 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2012.01.20 № 26 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңақала аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Барлық ауылдық округтердің әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Л. Хайретдинов

      КЕЛІСІЛДІ:
Жаңақала аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________М. Т. Жумалиев
30.12.2011 ж.

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 287 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі
және мәслихат депутаттығына барлық кандидаттар
үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру
орындары

Ауылдық округ атауы

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орыны

1

Жаңақала

Жаңақала

Мәдениет үйі ғимаратының алдында

2

Бірлік

Бірлік

Ауылдық клуб ғимаратының алдында

3

Ақбалшық

Фельдшерлік пункт ғимаратының алды

4

Үшкемпір

Фельдшерлік пункт ғимаратының алды

5

Жаңақазан

Жаңақазан

Ауылдық клуб ғимаратының алдында

6

Жуалыой

Негізгі орта білім беретін мектеп ғимаратының алдында

7

Жаңажол

Жаңажол

Ауылдық клуб ғимаратының алдында

8

Саркөл

Негізгі орта білім беретін мектеп ғимаратының алдында

9

Кіші Айдархан

Бастауыш білім беретін мектеп ғимаратының алдында

10

Мастексай

Мастексай

Ауылдық клуб ғимаратының алдында

11

Мухор

Негізгі орта білім беретін мектеп ғимаратының алдында

12

Копжасар

Копжасар

Ауылдық клуб ғимаратының алдында

13

Салтанат

Бастауыш білім беретін мектеп ғимаратының алдында

14

Саралжын

Бастауыш білім беретін мектеп ғимаратының алдында

15

Қызылоба

Қызылоба

Ауылдық клуб ғимаратының алдында

16

Жангелді

Бастауыш білім беретін мектеп ғимаратының алдында

17

Айтпай

Бастауыш білім беретін мектеп ғимаратының алдында

18

С. Мендешев

С. Мендешев

Ауылдық клуб ғимаратының алдында

19

Пятимар

Пятимар

Ауылдық клуб ғимаратының алдында

20

Аккус

Бастауыш білім беретін мектеп ғимаратының алдында

21

Борык

Бастауыш білім беретін мектеп ғимаратының алдында

22

Плантация

Бастауыш білім беретін мектеп ғимаратының алдында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады