2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі N 73 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 17 мамырда N 7-6-123 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 наурыздағы N 52 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2012.03.12 N 52 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың 3 наурыздағы N 1163 Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 11 наурыздағы N 250 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы N 1163 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскери шақыруды кейінге қалдыруға босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссиясы құрылсын.
      3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
      4. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды медициналық және шақыру комиссияларынан өту үшін жеткiзудi және оларды әскери қызмет өткеру үшiн жөнелтудi қамтамасыз етсін.
      5. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңіне техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
      6. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жәнібек аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) медициналық куәландырудан өткізу кезінде дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкiмен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Жәнібек ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткiзудi, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлiмдерге жөнелтiлуi және кетуi кезiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      8. Аталған іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылсын.
      9. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақырудың барысы туралы аудан әкімдігіне дер кезінде мәлімдеп отырсын. Қорытынды ақпаратты 2011 жылдың 30 шілде және 2011 жылдың 27 желтоқсанында тапсыру ұсынылсын.
      10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 сәуірден туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      11. Осы қаулының орындау барысы аудан әкімінің орынбасары Б. Есенғалиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Р. Өтешев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Батыс Қазақстан облысының
      Ішкі істер департаменті
      Жәнібек ауданының ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы,
      полиция полковнигі
      _____________Ерғалиев Төлеуғали Лұқпанұлы
      25.04.2011 ж.

      "Батыс Қазақстан облысы
      Жәнібек ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы, майор
      _____________Мағзомов Арман Төлепұлы
      25.04.2011 ж.

      "Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының Жәнібек
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Мұсағалиев Тимур Қапезұлы
      25.04.2011 ж.

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 25 сәуірдегі
N 73 қаулысына қосымша

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы

      Мағзомов Арман Төлепұлы - "Батыс Қазақстан облысы
                                Жәнібек ауданының қорғаныс
                                істері жөніндегі бөлімі"
                                мемлекеттік мекемесінің
                                бастығы, шақыру комиссиясының
                                төрағасы (келісім бойынша)

      Кушанова Жанар Диясқызы - Жәнібек аудандық ішкі саясат
                                бөлімінің меңгерушісі, шақыру
                                комиссиясы төрағасының
                                орынбасары

Комиссия мүшелері

      Төлеуов Берік Төлепұлы - "Батыс Қазақстан облысының
                                Ішкі істер департаменті
                                Жәнібек ауданының ішкі істер
                                бөлімі" мемлекеттік мекемесі
                                бастығының орынбасары
                                (келісім бойынша)

      Ералиев Марат Ғұмарұлы  - "Батыс Қазақстан облысының
                                әкімдігі денсаулық сақтау
                                басқармасының Жәнібек
                                аудандық орталық ауруханасы"
                                мемлекеттік коммуналдық
                                қазыналық кәсіпорнының
                                дәрігер-хирургі, аудандық
                                медициналық комиссия төрағасы
                                (келісім бойынша)

      Шутанова Айнұр          - "Батыс Қазақстан облысының
      Ерсайынқызы               әкімдігі денсаулық сақтау
                                басқармасының Жәнібек
                                аудандық орталық ауруханасы"
                                мемлекеттік коммуналдық
                                қазыналық кәсіпорнының
                                медбикесі, комиссия хатшысы
                                (келісім бойынша)

Комиссияның резервтік құрамы

      Ниязалиев Габделжалел   - "Батыс Қазақстан облысы
      Қалдыбайұлы               Жәнібек ауданының қорғаныс
                                істері жөніндегі бөлімі"
                                мемлекеттік мекемесі
                                бастығының орынбасары –
                                аумақтық қорғаныс және
                                жұмылдыру дайындығы
                                бөлімшесінің бастығы, шақыру
                                комиссиясының төрағасы
                                (келісім бойынша)

      Ибатов Миранбек         - Жәнібек ауданы әкімі
      Нұрланұлы                 аппаратының ұйымдастыру және
                                кадрлармен жұмыс бөлімінің
                                бас маманы, төрағаның
                                орынбасары

Комиссия мүшелері

      Қуанышқалиев Еркін      - "Батыс Қазақстан облысының
      Сабидоллаұлы              Ішкі істер департаменті
                                Жәнібек ауданының ішкі істер
                                бөлімі" мемлекеттік мекемесі
                                бастығының орынбасары
                                (келісім бойынша)

      Молдағалиева Арайлым    - "Батыс Қазақстан облысының
      Құмарғалиқызы             әкімдігі денсаулық сақтау
                                басқармасының Жәнібек
                                аудандық орталық ауруханасы"
                                мемлекеттік коммуналдық
                                қазыналық кәсіпорнының
                                дәрігер-терапевті, аудандық
                                медициналық комиссия төрағасы
                                (келісім бойынша)

      Шукенова Балия          - "Батыс Қазақстан облысының
      Сағынғалиқызы             әкімдігі денсаулық сақтау
                                басқармасының Жәнібек
                                аудандық орталық ауруханасы"
                                мемлекеттік коммуналдық
                                қазыналық кәсіпорнының
                                медбикесі, комиссия хатшысы
                                (келісім бойынша)

Аудандық медициналық комиссия құрамы

      Медициналық комиссиясының төрағасы, дәрігер

      дәрігер-мамандар:
      терапевт
      хирург
      невропатолог
      отоларинголог
      офтальмолог
      дерматолог
      фтизиатр
      эндокринолог
      психиатр
      стоматолог

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 25 сәуірдегі
N 73 қаулысымен бекітілген

Азаматтарды мерзімді әскери
қызметке шақыруды өткізу кестесі

N р/с


Комиссияның жұмыс күндері,
уақыты 8.00-ден 16.00-ға дейін

1.

"Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Сәуір

Мамыр

Маусым

Қазан

Қараша

Жел-
тоқсан

1, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 21, 22, 25, 26, 27, 28, 29

2, 3, 4, 5, 6, 10, 11, 12, 13, 16, 17, 18, 19, 20, 23, 24, 25, 26, 27, 30, 31

1, 2, 3, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 14, 15, 16, 17, 20, 21, 22, 23, 24, 27, 28, 29, 30

3, 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12, 13, 14, 17, 18, 19, 20, 21, 24, 25, 26, 27, 28

1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 11, 14, 15, 16, 17, 18, 21, 22, 23, 24, 25, 28, 29, 30

1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13, 14, 15, 19, 20, 21, 22, 23, 26, 27, 28, 29, 30

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады