Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 қазандағы N 261 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 1 қарашада N 7-11-148 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы N 59 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012.03.26 N 59 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес көрсетілген мекемелерде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға жолдаманы қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы      Қ. Мусин

      КЕЛІСІЛДІ:
      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының шаруашылық
      жүргізу құқығындағы "Тасқала
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      кәсіпорны директоры
      _____________Г. Кенжешева
      13.10.2011 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      білім басқармасы "N 20
      кәсіптік лицей" мемлекеттік
      мекемесінің директоры
      _____________М. Жанекенов
      13.10.2011 ж.

Тасқала ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 13 қазандағы
N 261 қаулысына
қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдар және интернаттық
ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған
үшін жұмыс орындарын құратын
мекемелердің тізімі

      1. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тасқала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      2. Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы "N 20 кәсіптік лицей" мемлекеттік мекемесі;
      3. Тасқала ауданы әкімдігінің "Тасқала ауданының коммуналдық шаруашылығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      4. Тасқала ауданының "Мәдениет орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады