Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 наурызда № 7495 тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидасы бекітілсін.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департамент (Ж.А. Жонтаева):
      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
      2) аталған бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
      3) осы бұйрықты облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарларына жеткізсін.
      3. "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру қағидасын әзірлеу және бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 657 бұйрығының (5116 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 15 ақпанда № 24 (1424) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 21 ақпандағы 
№ 57 бұйрығымен   
бекітілді       

Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын
конкурстық тағайындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      Осы Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 35) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 849 қаулысымен бекітілген Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесіне сәйкес әзірленді және мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында орта білім бағдарламасын іске асыратын басшының бос лауазымына конкурстық тағайындау тәртібі мен шарттарын айқындайды.
      1. Осы Қағиданың мақсаты орта білім беру мекемелерін әкімшілік кадр ресурстарымен қамтамасыз ету арқылы білім беру сапасын арттыру болып табылады.
      2. Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау басшы лауазымға арналған біліктілік талаптарға кандидаттың кәсіби және жеке мінездемелерінің сәйкестігін белгілеу үшін жүргізіледі.
      3. Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына тағайындау конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) білім беруді басқару органдары, ведомствосында және қарамағында бос лауазымы бар білім беру мекемесі бар білім беру органы жүргізеді.
      4. Конкурс білім беру мекемесінде басшының бос лауазымы болса, сондай-ақ әр бес жыл өткен сайын осы лауазымда жұмыс істеп жатқан басшы болған кезде жүргізіледі.

Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын
конкурстық тағайындауды өткізу тәртібі

      5. Объективтілік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ Конкурс жариялаған білім беру басқармасы органында барлық кандидаттарға тең мүмкіндік беру мақсатында конкурстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
      6. Комиссия төрағаны, төраға орынбасарын қоса алғанда саны кемінде 5 адамнан тұратын мүшелердің тақ санынан тұрады. Комиссия құрамы Конкурс жариялаған білім беруді басқару органы бастығының бұйрығымен бекітіледі.
      6. Комиссия төрағаны, төраға орынбасарын қоса алғанда саны кемінде 5 адамнан тұратын мүшелердің тақ санынан тұрады. Комиссия құрамы Конкурс жариялаған білім беруді басқару органы бастығының бұйрығымен бекітіледі.
      7. Комиссия құрамына білім беру басқармасы органдарының білім саласын, кәсіподақтардың, әдістемелік құрылымдардың, білім беру ұйымдары педагогтарының, ата-аналар қоғамының өкілдері енгізіледі.
      8. Конкурстық тағайындауды өткізу жоспарын Комиссия төрағасы келіседі және Конкурс жариялаған білім беру басқармасы органының бастығы бекітеді.
      9. Комиссияның әр отырысы отырысқа қатысқан төраға, комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
      10. Комиссия отырысы оның жалпы құрамынан кемінде 2/3 мүшелері қатысса, отырыс өткізілді, ал оның шешімі заңды деп есептелінеді.
      11. Комиссия конкурс өткізу мерзімін, орнын және тәртібін айқындайды. Конкурстық орналастыру туралы хабарландыру мәтінін жазады, бұқаралық ақпарат құралдарында, білім беруді басқару органының ресми сайтында хабарландыруды жариялауды қамтамасыз етеді.
      12. Хабарландыру мәтіні мына ақпараттан тұруы тиіс:
      1) конкурс жариялаған орган атауы;
      2) конкурс жарияланған лауазымның атауы;
      3) орналасқан орны, оның қызметін қысқаша сипаттай отырып білім беру мекемесінің толық атауы;
      4) лауазымға орналасу үшін кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар;
      5) орта білім беру мекемесі басшысының лауазымдық міндеттері:
      6) лауазымдық жалақы мөлшері;
      7) конкурс өткізу орны және күні;
      8) конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі мен оны қабылдау орны;
      9) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі;
      10) ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық адрестері.
      11) хабарландыру өтінімдерді қабылдауды аяқтау күніне дейінгі 15 жұмыс күнінен кешіктірмей жариялануы тиіс.
      13. Конкурс оны өткізу сәтінде 2 аспайтын кандидат тіркелсе болмады деп саналады. Бұл жағдайда конкурс өткізіп жатқан білім беруді басқару органы бір айдан кейін қайта конкурс жариялайды.
      14. Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
      1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
      2) әңгімелесу.
      15. Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес мәніне бағалаудың нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келген кандидаттардың тізімін бекіту туралы және/немесе әңгімелесуге жіберуден басқа тарту туралы шешімдер қабылдайды.
      16. Комиссия үш жұмыс күні ішінде:
      біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту, әңгімелесу өтетін күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді.
      17. Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасы, бала және жасөспірімдер жасының психологиясын, ұжымдағы басқару және іскер өзара іс-қимыл психологиясын, кадрлық менеджмент және қызмет этикасы мәселелері бойынша теориялық білім деңгейін айқындау, сондай-ақ үміткердің педагогикалық жетістіктерін, кәсіби және жеке қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін, болжанатын лауазым қызметінің перспективасын айқындауға қатысты ақпаратты нақтылау мақсатында өткізіледі.
      Сондай-ақ әңгімелесу барысында үміткердің мемлекеттік тілді білу деңгейі анықталады.
      18. Орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптар Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 190 (1757) "Заң газеті" газетінде жарияланған) Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес айқындалады.
      19. Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың Конкурсқа қатысуы үшін:
      1) жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімінің болуы (педагогикалық немесе бейіні бойынша);
      2) педагогикалық жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы;
      3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы;
      4) үш жылдан кем емес педагогикалық салада әкімшілік жұмыс тәжірибесінің болуы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы;
      5) облыстық білім басқармасының кандидатура бойынша келісімінің болуы;
      6) сотталмаған болуы тиіс.
      20. Комиссия белгілеген мерзімде конкурсқа қатысу үшін басшы лауазымына кандидат:
      1) конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтініш;
      2) нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;
      3) нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі;
      4) нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
      5) бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырған фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
      6) бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
      7) нотариалды куәландырылған бар біліктілік санат немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі;
      8) медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;
      9) сотты болмағандығы туралы анықтама ұсынуы қажет.
      22. Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты Конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін.
      23. Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.

Қорытынды рәсімдер

      24. Конкурстың барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін комиссия бес жұмыс күні ішінде қорытынды отырыс өткізеді және конкурсқа қатысушының бос лауазым біліктілік талаптарына сәйкес келуі туралы шешім шығарады.
      25. Комиссия дауыс берумен бір кандидатты айқындайды және оның кандидатурасын лауазымға бекіту үшін конкурс жариялаған білім беруді басқару органының бастығына ұсынады. Конкурстық комиссияның ашық және басым дауыспен және шешім егер комиссия отырысына оның мүшесінің кемінде 2/3 қатысқан жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның даусы шешуші болып табылады. Ұсыныс қорытынды дауыс беру хаттамасымен қоса берілуі тиіс.
      26. Жұмыс істеп жатқан орта білім беру мекемесі бастығы Конкурсқа қатысқан кезде, ол атқарған лауазымда (5 жыл) өткеннен кейін осы Конкурсқа қатысушы жұмыстың оң нәтижелері мен тестілеу нәтижелері болған жағдайда лауазымға қайтадан кірісуге басымды құқығы бар.
      27. Конкурстан өтпеген кандидаттар комиссия үш жұмыс күні ішінде қорытынды отырысының хаттама көшірмесін ұсына отырып, Конкурс қорытындысы туралы жазбаша хабарлайды.
      28. Конкурсқа қатысушы комиссияның қандай да болмасын шешіміне сот тәртібінде шағымдануына болады.
      29. Конкурс жариялаған білім беруді басқару органының бастығына жеті жұмыс күні ішінде жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарылады және Комиссия ұсынған кандидатпен еңбек шарты жасалады.
      30. Қалған қатысушылардың құжаттары конкурс өткізген білім беруді басқару органының мұрағатына тапсырылады және де бес жыл бойы сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады