"Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 18-03/495 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 313, "Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 18-03/496 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 312 бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2012 жылғы 24 мамырдағы № 18-03/269 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 174 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 маусымда № 7767 тіркелді.

       "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына және 15-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір бірлескен бұйрықтарына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 15-04/634 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.08.2015 № 601 бірлескен бұйрығымен.

      2) Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.08.2015 № 15-02/762 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.11.2015 № 697 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 15-04/634 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.08.2015 № 601; ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.08.2015 № 15-02/762 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.11.2015 № 697 бірлескен бұйрығымен.

       2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң он күнтізбелік күн ішінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты оның күшіне енген соң отыз күнтізбелік күн ішінде жариялауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми Интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
________________ Е. Аман

Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрі
_______________ Б. Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2012 жылғы 24 мамырдағы
№ 18-03/269
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2012 жылғы 28 мамырдағы
№ 174 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 15-04/634 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.08.2015 № 601 бірлескен бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2012 жылғы 24 мамырдағы
№ 18-03/269
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2012 жылғы 28 мамырдағы
№ 174 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.08.2015 № 15-02/762 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.11.2015 № 697 бірлескен бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады