Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 4 шілдедегі № 204 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 тамызда № 7857 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 216 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 216 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 4 шілдедегі 
№ 204 қаулысымен    
бекітілген       

Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру
қағидалары

      Осы Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы (бұдан әрі – Заң), «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жинақтаушы зейнетақы қорын (бұдан әрі – Қор) ерікті түрде таратуға рұқсат беру тәртiбiн айқындайды.
      1. Қор акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) Заңның 45-1-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, оны ерікті түрде таратуға рұқсат алу туралы өтінішхатпен өтініш жасайды.
      2. Қордың ерікті түрде таратуға рұқсат алу туралы өтінішхатына және Заңның 45-1-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы қол қояды және Қордың мөрімен куәландырылады.
      3. Қорды ерікті түрде таратуға рұқсат алу туралы өтінішхат Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
      4. Ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы шешім қабылданған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қордың басшы қызметкерлері мен акционерлеріне жіберіледі.
      5. Қорды ерікті түрде таратуға рұқсат мынадай негіздер:
      1) Заңның 45-1-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсыну;
      2) берілген құжаттардың Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес келуі;
      3) Қордың міндеттемелері бойынша есеп айырысулар үшін қаражатының жеткіліктілігі бойынша беріледі.
      6. Қор уәкілетті органның ерікті түрде таратуға рұқсатын алғаннан кейін бұрын берілген лицензиялардың түпнұсқаларын осы шешім күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Комитетке қайтарады.

Жинақтаушы зейнетақы қорын
ерікті түрде таратуға рұқсат
беру қағидаларына қосымша 

Нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын 
бақылау мен қадағалау комитетінің 
төрағасына             

Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру туралы
ӨТІНІШХАТ

____________________________________________________________________
                       (өтiнiш берушiнiң атауы)
жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысының
______________________
  (өткiзiлетiн орны)
_____ жылғы «____» _______________ № ____ шешіміне сәйкес жинақтаушы
зейнетақы қорын _____________________________________________________
                         жинақтаушы зейнетақы қорының атауы
ерікті түрде таратуға рұқсат беруді сұрайды.
Жинақтаушы зейнетақы қоры өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен
ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты
сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың Комитетке уақтылы
берілуіне толығымен жауап береді.
Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін,
әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):
Жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылған
құжатқа сілтеме)

      ___________________________                 _____________
                (қолы)                                  мөр

Об утверждении Правил выдачи разрешения на добровольную ликвидацию накопительного пенсионного фонда

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 4 июля 2012 года № 204. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 августа 2012 года № 7857. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 августа 2013 года № 216

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 27.08.2013 № 216 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 июня 1997 года «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи разрешения на добровольную ликвидацию накопительного пенсионного фонда.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      Национального Банка                        Г. Марченко

Утверждены           
постановлением Правления   
Национального Банка     
Республики Казахстан     
от 4 июля 2012 года № 204   

Правила выдачи разрешения
на добровольную ликвидацию накопительного пенсионного фонда

      Настоящие Правила выдачи разрешения на добровольную ликвидацию накопительного пенсионного фонда (далее – Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 20 июня 1997 года «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» (далее – Закон), от 4 июля 2003 года «О государственном регулировании и надзоре финансового рынка и финансовых организаций» и определяют порядок выдачи уполномоченным государственным органом по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган) разрешения на добровольную ликвидацию накопительного пенсионного фонда (далее – Фонд).
      1. Фонд на основании решения общего собрания акционеров обращается в Комитет по контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций Национального банка Республики Казахстан (далее – Комитет) с ходатайством о получении разрешения на его добровольную ликвидацию с приложением документов, указанных в пункте 1 статьи 45-1 Закона.
      2. Ходатайство Фонда о получении разрешения на добровольную ликвидацию и документы, указанные в подпунктах 3) и 5) части второй пункта 1 статьи 45-1 Закона, подписываются первым руководителем накопительного пенсионного фонда и заверяются печатью Фонда.
      3. Ходатайство о получении разрешения на добровольную ликвидацию Фонда представляется по форме в соответствии с приложением к Правилам.
      4. Решение о выдаче разрешения на добровольную ликвидацию доводится до сведения руководящих работников и акционеров Фонда в течение десяти календарных дней с даты его принятия.
      5. Выдача разрешения на добровольную ликвидацию Фонда производится по следующим основаниям:
      1) представления полного пакета документов, указанных в пункте 1 статьи 45-1 Закона;
      2) соответствия предоставленных документов законодательству Республики Казахстан о пенсионном обеспечении;
      3) достаточность средств Фонда для расчетов по его обязательствам.
      6. После получения разрешения уполномоченного органа на добровольную ликвидацию Фонд возвращает ранее выданные подлинники лицензий в Комитет в течение десяти рабочих дней с даты вступления в силу данного решения.

Приложение               
к Правилам выдачи разрешения   
на добровольную ликвидацию    
накопительного пенсионного фонда 

Форма         

Председателю            
Комитета по контролю и надзору
финансового рынка и финансовых
организаций Национального Банка
Республики Казахстан        

                              ХОДАТАЙСТВО
            о выдаче разрешения на добровольную ликвидацию
                    накопительного пенсионного фонда 

__________________________________________________________________
                      (наименование заявителя)
просит в соответствии с решением общего собрания акционеров
накопительного пенсионного фонда № ___ от «___» _______ _____ года,
__________________________________________________________________
                        (место проведения)
выдать разрешение на добровольную ликвидацию накопительного
пенсионного фонда ________________________________________________
__________________________________________________________________.
          (наименование накопительного пенсионного фонда)
Накопительный пенсионный фонд полностью отвечает за достоверность
прилагаемых к ходатайству документов и информации, а также
своевременное представление Комитету дополнительной информации и
документов, запрашиваемых в связи с рассмотрением ходатайства.
Прилагаемые документы (указать поименный перечень направляемых
документов, количество экземпляров и листов по каждому):
Первый руководитель накопительного пенсионного фонда (фамилия, имя,
отчество (при наличии), ссылка на документ, являющийся основанием
получения названных полномочий)

_________________________
        (подпись)                                    печать