Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (54-шығарылым) бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 4 қазандағы № 384-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қазанда № 8016 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 500 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.12.2020 № 500 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (54-шығарылым) бекітілсін.

      2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

C. Әбденов


  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2012 жылғы 4 қазандағы
№ 384-ө-м бұйрығымен
бекітілген

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығы (54-шығарылым)
1–бөлім. Жалпы ережелер

      1. Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (54 шығарылымы) БТБА 54 шығарылымы "Байланыс жұмысшы мамандары және жұмыстары" бөлімі негізінде әзірленді.

      2. Байланыс саласы жұмысшы мамандарының тарифтік-біліктілік сипаттамасы сегіз дәрежелі тарифтік кестеге сәйкес құрастырылған. Жұмыс санаты жұмыс жағдайын есептемеген жағдайда жұмыстың қиындығына қарай бекітілген.

      3. Тарауда аталған өндіріс үшін негізгі болып есептелетін жұмысшы мамандардың тарифтік-біліктілік сипаттамасы көрсетілген.

      4. Әр түрлі мамандыққа жататын жұмысшы жұмысты орындау барысында бірлестіктерде байланыстың және болжаудың бірнеше түрін қатар атқарған жағдайда, жұмысшы орындаған жұмысынан бір дәреже жоғары тарифтеледі.

      5. Жұмысшы мамандығының, өндірістің кез-келген түрінде немесе жұмыс түрінде нақты өзгешелігі болмағандықтан, БТБА-да 1-шығарылымында "Жұмысшы мамандығы экономиканың барлық саласы үшін бірдей" бөліміне енгізілген.

      6. Тарифтік-біліктілік сипаттамасын қолдану, санатын көтеру, өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі БТБА-ның 1-шығарылымында, "Жалпы ережелерінде" келтірілген.

      7. Маманның еңбек кітапшасын толтыру барысында, оның мамандығының тарифтік разряды өзгерген жағдайда ол БТБА сәйкес толтырылады.

      8. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

      9. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш қосымшада көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

      10. "Байланыс жұмысшы мамандары және жұмыстары" бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА 54 - шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 1996 жылғы редакциясында берілген.

2-бөлім. Байланыс жұмысшы мамандары және жұмыстары

      1. Антеннашы-діңгекші

      Параграф 1. Антеннашы-діңгекші, 3-разряд

      11. Жұмыс сипаттамасы:

      антенналы-бағанды ғимараттарға жиі тексеру жүргізу: фидерлі желілердің тартылуын, діңгектердің тартылуын, антенналардың төсемін, сымдардың бүтіндігін және тартылуын, антенна ажыратқыштарын, фидерлерді; антеннаның ток өшіргіштерінің қосылуын, жалғанған жерлерді, болттардың жалғану күшін, бағаналар мен мұнаралардың төселген жалғастырғыштары мен тығындарын тексеру;

      қызмет көрсетуге қажетті қондырғылардың бұзылған механизмдері мен бөлшектерін майлау;

      жоғарыға шығып бағандарды майлап тарту және жанып кеткен жарық бергіш шамдарды ауыстыру;

      фидерлерді ілу;

      антенна және фидерлі желілердің сымдарын жалғау және бекіту;

      антенналарды төменге түсіру және көтеру жұмыстарында, кабельді шығаруда, фидерлі тіректерді қоюда, мұнараларды орналастыруда лебедканың көмегімен тартқыштарды жүйеге келтіру;

      сүйреткілердің соңғы өшіргіштерінің тексеру, фидерлердің күйін келтіруге қатысу;

      антенналы-бағанды ғимараттарды сыр мен тоттан тазалау;

      қауіпсіздік техникасы қағидаларына сәйкес антенна өрісінің мазмұны;

      атқарылған жұмыс бойынша техникалық құжаттама жүргізу.

      12. Білуге тиіс:

      электротехника және радиотехника жөнінде қарапайым мағлұматтар (электр тогы, ток өткізгіш және ток айырғыш туралы, атмосфералық ток және одан қорғану, жоғары жиілік тогы туралы, электр магнитті энергиялардың сәуле шығаруы және электрмагнитті энергия туралы);

      қызмет көрсетуші антенна қондырғыларының техникалық ережесі;

      қызмет көрсетуші антенна түрлері және оларға тән ерекшеліктер;

      антенна өндірісінде қолданылатын механизмдермен және өлшегіш құралдарының мақсаты және олармен жұмыс істеу ережесі;

      өткізгіштер мен арқан бекіту тәсілдері;

      антенналы-діңгекті қондырғылардың ақауларын дәнекерлеу әдістері және бояу мен таттарды тазалау әдістері.

      Параграф 2. Антеннашы-діңгекші, 4-разряд

      13. Жұмыс сипаттамасы:

      арқандарды, зәкірлер мен тартқыштарды, діңгек ағаштарын, фидерлі бағаналарды тексеру және жөндеу жүргізу, сонымен бірге ағаш діңгектердің бауларын бекіту;

      жинау, Г, Т, және П-образды фидерлі тіректер мен діңгектерді 25 метр (бұдан әрі - м) биіктікке дейін көтеру және бояу такелажды жұмыстары;

      бұл бағандардағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барлық түрін орындау (соның ішінде бағандарға шығу);

      антенналарды және леерлі арқандарды монтаждау антенналарды көтеру және түсіру;

      діңгектер мен зәкірлердің ағаш және асбест-цемент негіздерін орналастыру және жинау;

      антенналар мен леерлік арқандарды жөндеу және тексеру;

      антенналы өшіргіштердің байланысын тұрақтандыру;

      кабельдердің сылдырлауы;

      антенналар мен фидерлік желілердің оқшаулануының кедергісін, КБВ антенналардың өзгеруін тексеру;

      діңгектер мен мұнаралардың болтты жалғағыштары мен іргетастарының ақаулығын жою.

      14. Білуге тиіс:

      электротехника және радиотехника негіздері (ауыспалы және үздіксіз ток туралы түсінік, олардың негізгі параметрлері, параллельді ауытқығыш контур және олардың қасиеті, радиолампалар мен жоғары жиіліктегі генератор тоғын құрастыру жөнінде түсінік және жұмыс қағидаттары, радиотолқындарды диапазонға бөлу, ток берушіден жоғары жиіліктегі энергияны антеннаға алу, тағы басқа);

      қолданылатын өлшеу құралдарының жұмыс қағидаты;

      ағаш сапасы туралы мағлұмат, көтергіш механизмдердің құрылымы мен жұмыс істеу қағидасы.

      Параграф 3. Антеннашы-діңгекші, 5-разряд

      15. Жұмыс сипаттамасы:

      антеннаның, бөлгіш фидерлердің және фидерлі желілердің керілуін тұрақтандыру;

      көтеру және такелаж жұмыстары бойынша жинау және 25 м астам биіктіктегі бағандарды қою;

      жоғарыға шығудың, антенналардағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, соның ішінде теледидарға арналған антенналардың әр түрінде (турникеттік, панельдік, радиалдық және тағы басқа), сонымен бірге "Орбита", "Москва", "Экран" қабылдау антенналарында әр түрлі жұмыстарын орындау;

      теодолиттің көмегімен бағандар мен мұнаралардың тік болуын тексеру;

      бағаналарды көтеру үшін жарықтандыруды көздеу;

      рейкаларды жарақтандыру;

      блоктау және белгі беруді басқару (бұдан әрі - БББ) пультін техникалық тексеруді орындау;

      өшіргіш және сүйреткіш құралдарын басқаруға байланысты кез-келген ақаулықты іздеу, БББ-ны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

      БББ тексеру, өшіргіш және сүйреткіш құралдарын баптауға қатысу;

      діңгектер мен мұнаралардың іргетасын және металл қондырғыларын салу және қайта жаңартуды техникалық қадағалау;

      антенналарды оқшаулау, жерге орналастыруды жүргізу.

      16. Білуге тиіс:

      антенналардың электромагнитті толқындарын шығаруы туралы мағлұматтар;

      антенна параметрлері туралы негізгі мағлұматтар (күшейту коэффициенті, қорғаныс амалдарын тағы да басқа);

      жолдама диаграммаларын және антенна азимуттары, теодолиттің құрылысы және оны пайдалану ережелері;

      қарапайым антенналар мен фидерлі желілердің құрылымы;

      діңгектер мен мұнаралардың ұзындығын өлшеу тәсілдері;

      қолданылған лак-бояу материалдары;

      антенналы-діңгекті ғимараттардың және іргетастарының жұмыс сызбасы.

      Параграф 4. Антеннашы-діңгекші, 6-разряд

      17. Жұмыс сипаттамасы:

      антеннадағы жоғарыға өрмелейтін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының, болат тіректер мен ауыр металл қондырғыларының барлық түрін, соның ішінде симметриялы тік - параболалық перископиялық антенналардың радиорелелік байланыс желісін орындау;

      биіктікке көтеру және 25 м астам биіктікте діңгектер орнату жұмысын бақылау;

      металл діңгектер мен мұнараларды тексеру;

      болттарын тарту;

      көтергіш қондырғыларын тексеру және сынау;

      антенналы-діңгекті құрылыс жабдықтарының (экспоненциалды трансформаторларды, антенна коммутаторларын, дегидраторларды, көпірлердің орналасуын, антенналардың қызу жүйесін және жерге орналастыруды, бұршақтан қорғау қондырғыларын тағы да басқа) барлық түрінің монтаждау – жөндеу жұмыстарын орындау;

      антенналардың барлық параметрлеріне, фидерлі және толқынды жолдарына және олардың қалыпты жағдайына (антендерді ажырату, жерге орналастырудағы кедергі, толқын коэффициенті, антенналы – толқынды жолына) өлшеу жүргізу;

      жылжу жүйелері мен жылжымалы көпірлерді ретке келтіру түрлері бойынша барлық жұмысты жүргізу;

      өткізу құрылғыларының антенналы коммутацияларының БББ жүйесіне техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу.

      18. Білуге тиіс:

      радиотолқындардың таралу теориясы бойынша қажетті мағлұматтар (электромагнитті энергиялардың және сәулелердің қағидалары, ионөрісінің қасиеті және оның радиотолқындардың таралуына әсері);

      экспоненциалды және игерілген желілердің құрылысы және олардың мақсаты;

      діңгектер мен мұнаралардың тартпаларына түсетін күшті айқындау тәсілдері, биіктігі 25 м діңгектер мен мұнаралардың, тіреулердің құрылысы, көтергіш қондырғылардың техникалық куәлігі.

      Параграф 5. Антеннашы-діңгекші, 7-разряд

      19. Жұмыс сипаттамасы:

      антенна элементтерін, фидерлі желілерді, сәйкес трансформаторларды, симметриялық қондырғыларды, фидерлі көпірлердің орналасуын, фидерлі желілердің жылжу толқының жоғары коэффициентін есептеу, құрастыру және монтаждау, жоғары жиілікті және найзағайдан қорғау мақсатында жерге орналастыру;

      күрделілігі кез келген антенналардың параметрлерін реттеу;

      эфирдің күшіне қарай жұмыс істейтін антенна параметрлерін баптау;

      антенналы павильондарды, антенна өшіргіштерін, реверстерін монтаждау;

      антенналы және фидерлі ғимараттарда ағымды және күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

      антенналы-діңгекті ғимараттарды пайдалануға беруді тексеру комиссиясы жұмысына қатысу;

      бекітілген техникалық құжаттарды жүргізу, бекітілген құралдарды есепке алу және тіркеу.

      20. Білуге тиіс:

      антенналардың фидерлі желілермен сәйкестендіру қағидаттары, антенналар мен фидерлі желілердің параметрлері;

      антенналар мен фидерлі желілерді өлшеу құралдары мен әдістері, кез-келген антенналы құрылыстардың типтік жобасының сұлбасы мен сызбасы;

      антенналы–діңгекті құрылыстарды қабылдау барысындағы құжаттар тізбесі;

      дәнекерлеу ісі, материалдың қасиеті мен орындалған жұмыс көлеміне қарай өңдеу әдістері;

      металл антенналар бағаналарын пайдалану жөніндегі нұсқаулық, техникалық құжаттарды жүргізу тәртібі.

      2. Кабельші-жалғаушы

      Параграф 1. Кабельші-жалғаушы, 3-разряд

      21. Жұмыс сипаттамасы:

      100 жұпқа дейінгі көлемде кабельдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

      100 жұпқа дейінгі көлемде кабельдерді және аяқталған кабель құрылғыларын пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге қатысу (қоршауларды орнату, құдықтарды ашу және оларды желдету, кабельдерді монтаждауда және таратқыш қораптары мен кабель жәшіктерін орнату, кабельді құрылыстарды ағымды және күрделі жөндеу, қарау, кабельдің істен шығуын болдырмау);

      кабельді пайдалануға байланысты кабельді қазу және кабельдерді пайдалануға байланысты ор қазу жұмыстарын жүргізу;

      газоанализатор көмегімен тексеру және шахта қондырғыларын зерттеу;

      техникалық құжаттаманың және шурвалау көмегімен белгілі бір жердегі кабель трассасын анықтау;

      кабель массасымен жұмыс, дәнекерлеуші лампалармен, газды шілтермен жұмыс жүргізу.

      22. Білуге тиіс:

      электротехниканың қарапайым негіздері, орындалған жұмыстың түріне байланысты жеке ережелер;

      сымды (кабельді) құрылыстарда пайдалану жөніндегі басшылық пен нұсқаулықтар;

      байланыс желілерін қорғау және күзетілетін аймақтардағы жер жағдайына байланысты жұмыстардың негізгі ережелері мен қағидалары;

      механикаландырылған құралдар мен жабдықтармен жұмыс істеу барысында газ анализаторын қолдану ережесі;

      үнемі жоғары қысымдағы ҚТС кабельдерінің және қалааралық кабельдердің мөлшері туралы негізгі ұғымдар;

      тексеру қондырғыларының нөмірленуі және кабельдердің телефон канализациясының арналары, бөлуші қораптар (кабель жәшіктері) және бокстар, кабельдерді пайдалану кезінде қолданатын дәнекер мен кабель массасы, кабельдің темір қабыршақтарының тотығуы туралы қарапайым мағлұматтар, қалааралық кабель жолының бағытын құру туралы нұсқаулықтың негізгі қағидалары;

      бөлгіш телефон шкафтарынан кілттерді алу және оларды сақтау тәртібі;

      кабель жәшіктері, тексеру қондырғылары;

      шахталар мен ауа сығымдағыш, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережесі, өрт қауіпсіздігі ережесі.

      Параграф 2. Кабельші-жалғаушы, 4-разряд

      23. Жұмыс сипаттамасы:

      техникалық қызмет көрсету және 300 жұпқа дейінгі көлемде қалааралық кабельдер мен ҚТС және СТС жөндеу жұмыстарын жүргізу және жоғары жиілікті кабельдерді тарту;

      300 жұптан астам кабельдерді пайдалануға беру үшін техникалық қызмет көрсету, кабельдерді қолмен және механикалық тәсіл бойынша монтаждау, үнемі жоғары ауа қысымындағы кабельдерді тарту, саңлаусыз кабель қабыршақтарын болдырмау;

      кабельдерді тұрақты тоқпен өлшеу;

      кабельдерді жалғау, жалғастырғышты кабельді массамен жалғау, кабельдің қорғасын қабыршақтарын кетіру;

      кабель іздегіштің көмегімен кабельдің жолын және қаншалықты тереңдікте жатқандығын анықтау;

      жер асты темір байланыс құрылысының тот басқандығына үнемі электрмен өлшеу жүргізу (грунтқа қарсы тұру, қуат көзі мен протекторлар, қызмет көрсетпейтін күшейтілген пункт), протекторлардың кедергілері мен ККП бедерлерін жерге орналастыру;

      жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейінгі, кедергінің алдын алу бойынша кабель жолдарын бекіту жөніндегі жұмыстарды орындау;

      кабельді шахталардың ағымдағы күтімі (кабельдердің металл көздерін қайта дәнекерлеу);

      қызмет көрсетпейтін күшейтілген пункттің ағымдағы (бұдан әрі - ККП) күтімі (тығыздалған тығынды және қысым бергішті ауыстыру, қызметтік байланысты тексеру және телебақылау, жоғары қысымды ККП орнату).

      24. Білуге тиіс:

      қашықтағы байланыс және телефон негіздері, қызмет көрсетуші ҚТС құрылысы принциптері;

      қалааралық және қалалық кабельді құрылыстарды техникалық пайдаланудың негізгі қағидалары;

      тығындау тәсілдері және механикалық тәсіл бойынша кабельді монтаждау, ол үшін құралдар мен жабдықтар қолдану;

      байланыс желісін бақылау ережелері;

      күзет аймақтарынан тыс жерлерде қазу жұмыстарын жүргізу жағдайлары;

      байланыстағы барлық кабельдердің құрылысы;

      кабельдерді пайдалануда қолданылатын қарапайым өлшеуіш құралдарының талаптары мен жұмыс қағидалары;

      кабель жіптері мен сымдарының дұрыстығын тексеру ережесі, жабдықтардың шығын нормасы мен есептен шығару тәртібі;

      ККП мазмұны жөніндегі нұсқаулық, үнемі ток келіп тұратын кабельді өлшеудегі электр нормасы, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережесі, өрт қауіпсіздігі ережесі.

      Параграф 3. Кабельші-жалғаушы, 5-разряд

      25. Жұмыс сипаттамасы:

      техникалық қызмет көрсету және 300 ден 600 дейінгі жұпқа дейінгі көлемде қалааралық кабельдер мен ҚТС және СТС жөндеу жұмыстарын жүргізу және жоғары жиілікті кабельдерін тарту;

      кабельді байланыстың барлық түрінде соның ішінде үздіксіз қызмет атқаратындарында бұзылуды болдырмау. 600 жұптан астам кабельді пайдалануға беру үшін техникалық қызмет көрсету, кабельдерді және бөлу шкафтарын, бокстарды, басқа да жабдықтарды қолмен және механикалық тәсіл бойынша монтаждау;

      кабельді үнемі жоғары қысымда ұстап тұру үшін құралдарды қолдану;

      ылғалданған кабельді шығару үшін жұмыс жүргізу;

      кабельдің герметикалық емес орнын іздеу;

      ауыспалы ток бойынша байланыс кабелін өлшеу;

      байланыс құрылыстарын тоттану мен найзағай күшінен сақтау, монтаждау, қалпына келтіру және жөндеу, өлшеу;

      өлшеу құралдарының күшімен зақымданған жерін анықтау;

      кабельді магистральдерді қайта қалпына келтіруге, кабельді құрылыстарды пайдалануға беруге қатысу;

      кабельді магистральдар құрылысын техникалық қадағалауды жүзеге асыру.

      26. Білуге тиіс:

      ҚТС және қалааралық кабель желілерінің кабельді құрылыстарды пайдалану туралы нұсқаулығы, ережесі;

      ҚТС кабельді-кәріз құрылыстарын пайдалану туралы нұсқаулық;

      негізгі ереже, тұрақты және ауыспалы токты өлшеу жөніндегі электр нормалары;

      кабель желілерін техникалық тіркеу жөніндегі құжаттар;

      кабельдерді тоттан қорғау құралдары, найзағай күші және қауіпті әсері, су асты кабельдерін салу бойынша жұмыс істеу ережесі;

      қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігі ережесі.

      Параграф 4. Кабельші-жалғаушы, 6-разряд

      27. Жұмыс сипаттамасы:

      техникалық қызмет көрсету және 2400 дейінгі жұпқа дейінгі көлемде қалааралық кабельдер мен ҚТС және СТС жөндеу жұмыстарын жүргізу және жоғары жиілікті кабельдерін тарту;

      НУП, НРП контейнерлерін ауыстыру және монтаждау. 600 астам телефон кабелін монтаждау, НУП жабдықтау;

      кабельді байланыс желілерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

      кабельді симметриялау жұмыстарын жүргізуге, импульсты-кодты модуляциялардың желілі трактарының зақымдануының алдын алу, қызмет көрсету бойынша кабель жұмыстарына қатысу;

      ВОЛС электрлік өлшеу жүргізу;

      қызмет көрсету саласы бойынша жұмыстың барлық түрін жүргізушілермен, қалалық және қалааралық кабельдерді ағымды және күрделі жөндеуден өткізу, кабельді жалғастырушыларды басқару;

      желілі-кабельді құрылыстарды пайдалануға қатысу.

      28. Білуге тиіс:

      электротехника ережелері, қашық байланысты телефон;

      ҚТС кабель құрылыстарына қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

      қалалық және қалааралық байланыс желілерін өлшеу жөніндегі теория негіздері;

      тапсыру жүйелерін тығыздау жөніндегі негізгі мағлұматтар;

      кабельді симметриялы орналастыру принциптері;

      кабель көзін және тығыздау жүйесін пайдалану жөніндегі негізгі мағлұматтар;

      кабельді құрылыстарын пайдалануға арналған материалдардың жылдық шығын нормалары;

      техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігі ережесі.

      Параграф 5. Кабельші-жалғаушы, 7-разряд

      29. Жұмыс сипаттамасы:

      қалалық және қалааралық сымдардың жаңа құрылымын пайдалану-техникалық қамтамасыз ету және монтаждау;

      монтаждау, контейнерлердің барлық түрін жөндеу және пайдалану,ИКМ аппаратурасымен тығыздалған ИКМ және кабель аппаратуралары, бойынша жұмыстың барлық түрін орындау;

      кабельді симметриялау. НУП, НРП жабдықтары бойынша кабельді магистральда апатты жою. кабельдерді ағымды және күрделі жөндеуден өткізу, пайдалану үшін қабылдау.

      30. Білуге тиіс:

      электротехника ережелері, қашық байланысты телефон;

      ҚТС кабель құрылыстарына қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

      кабельдердің түрі мен құрылысы;

      кабельдерді өлшеуге арналған приборлардың жұмыс қағидалары және оларды өлшеу тәсілдері;

      жұмыс принциптері мен кабельдің жаңа түрін құрастыру принциптерін, кабельді симметриялы орналастыру принциптері;

      қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелері;

      өрт қауіпсіздігі ережесі.

      3. Байланыс операторы

      Параграф 1. Байланыс операторы, 3-разряд

      31. Жұмыс сипаттамасы:

      қарапайым, тапсырысты, үкіметтік және халықаралық хат-хабарды қабылдау, өңдеу, жөнелту және тапсыру;

      мерзімді баспасөзге жазылуды қабылдау, талап етілетін жерлерге келетін хат-хабарлар мен жеделхаттарды беру;

      баспа жазылымдарын қабылдау, өңдеу және беру;

      иесін таппаған пошта жөнелтілімдерін тіркеу, пошта төлем белгілерін сату;

      бөлімшеде 5 жеткізу пункті болған жағдайда хат-хабарлар мен мерзімді басылымдардың жеткізілуін қадағалау;

      жеткізу учаскелерінің сызбасы мен тізімін құру, пошта жөнелтілімдерін және мерзімді басылымдарды жеткізу учаскелері бойынша іріктеу және оларды почташының тапсыруын қадағалау;

      жеткізудің әр түрлі тәсілдері бойынша почташы жұмысын ұйымдастыру;

      жеткізілмеген пошта жөнелтілімдері мен мерзімді басылымды, тапсырылмаған хат хабарға алған ақшалай шығынды қайтарып алу;

      мерзімді басылымға қайта көрсетілгендерді қабылдау және тіркеу;

      телефон, радио, радио қондырғылары үшін және телефон орнату үшін, қалааралық сөйлесуге және телефон арқылы жіберілген жеделхатқа берілген несие үшін абоненттік төлемдерін қабылдау;

      жеделхаттар, қалалық телефон байланысы үшін тапсырыс қабылдау, біржолғы талондар мен жетондар сату;

      электр байланыс қызметін көрсету бойынша өтініш қабылдау;

      жеңілдік түрі бойынша өтініштерді топтау және жүйелеу: карточка ашу; жеңілдікке өтініш білдіргендердің тізімін құру;

      телефон қоюға өтініш білдіргендер мен пошта қағаздарын тіркеу;

      көрсетілген қызмет үшін басып шығарған есептерді сұрыптау;

      қарыздарын өндіру үшін абоненттермен жұмыс істеу;

      телефон және радио орнының ақауларын болдырмау үшін тапсырыс алу;

      мекемелер мен абоненттік телеграф абоненттерінің аванстық және аванстық емес есептерін сұрыптау (бұдан әрі - АТА);

      абоненттердің дербес шотын жүргізу;

      абоненттерге ұсынылған байланыс қызметтері мен есеп айырысу жүйесі үшін анықтама беру;

      хаттар, өтініштер мен шағымдар және абоненттердің өтініші бойынша анықтама жинау;

      аудару операцияларына бақылау жүргізетін, аудармаларды бақылау Бюросының жұмысында (бұдан әрі - АББ), – ашу, салымды тексеру, аударым есебінен қаптарды жөнелту мен жабуда, есептеу-сомалау машинасының көмегінсіз бақылау;

      кемедегі пошта маршрутында жұмыс істеу барысында – бастапқы пунктте поштаны алу, оны жол бойы шығарып салу және соңғы пунктте беру; жазба хат-хабарларды тіркеу.

      Параграф 2. Байланыс операторы, 4-разряд

      32. Жұмыс сипаттамасы:

      сәлемдемелерді, құнды хаттар мен бандерольдерді қабылдау, іріктеу, жөнелту және беру;

      аударылған ақшаны қабылдау және ақша тарату; зейнетақы мен жәрдемақы төлеу; қалааралық телефонмен сөйлесу үшін қабылданған тапсырысты іріктеу және тапсырыс қабылдау;

      әлеуметтік қамсыздандыру бөлімшелерінен зейнетақы төлеу жөніндегі құжаттарды қабылдау, тексеру және іріктеу;

      байланыс бөлімшесінде 10 жеткізу учаскесінен асқан жағдайда пошташыларға хат-хабар, үйге жеткізу үшін ақша аударымдарын, зейнетақы тапсырыстарын беру және оларды жеткізу бақылауға алынады;

      төлеу үшін түскен және төленген аударымдарды қадағалау; зейнетақы және жәрдемақыны төлеуді қадағалау, зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығының жіберген зейнетақы есебін қадағалау;

      баспаханадан мерзімді басылымдарды алу, есеп беру, сәлемдемелерді жіберілген жеріне беру және оларды жөнелтуге жіберу; сілтеме құжаттарын дайындау;

      жазбаша хат-хабарлар мен халықаралық сәлемдемелерді алу; кедендік тексеруде пошта жөнелтілімдерін ашу, өлшеу және орау, кедендік салық үшін құжаттарды құру және тіркеу;

      есептеу-сомалау машинасының көмегімен аудару операцияларын жүзеге асыру, электронды, бақылау-тіркеу машиналары мен электронды есептеуіш көмегімен ақпарат жинау;

      сақтандыру қаптарын қабылдау және жөнелту; перфоленталардың түсуіне, рәсімдеу дұрыстығы мен деректердің толықтығына бақылау жүргізу;

      пошта вагондарын, пароходтар мен ұшақтарды және автокөлікті, сұрыптауды, пошта жөнелтілімдерін тиеу мен түсіруді ауыстыру; құжаттарды сұрыпталған поштаға тексеру. 50 бригадаға дейін жылжымалы бригаданың жұмыс кестесін құру; жұмыс уақытын есептеу, жолдама қағазы бойынша километражды және жолдама құжаттарын бақылау; жылжымалы бригадаға пошта төлемдері белгілері мен жәрдемақыларын қабылдау және беруді басшылыққа алады;

      хат сұрыптаушы машиналарда хат-хабарларды 150 машинаға дейін іріктеу;

      "Электронды пошта" қызметінің факсимильді аппаратураны қолдана отырып, жіберуге арналған қызметінің факсимильді құжаттарын тіркеу. Кірістің дер кезінде түсуін қадағалау (телефонға төленетін абонентті төлем, телефонды орнату және орнын ауыстыру, қалааралық телефонмен сөйлесу және телефонмен қабылданған жеделхаттар үшін);

      жөнелту машиналарымен жұмыс істеу барысында – оларды пайдалануда, жауапты желілерді тұрақтандыру және қарапайым істен шыққандарын ауыстыру; машиналарды жөндеу және сынау жұмыстарына қатысу;

      стенсиль және форматты қағаз дайындау. корректорлық белгілердің негізінде стенсильге түзетулерді енгізу;

      басылым және жазылу мерзімін анықтау;

      құжаттарды жүйелеу және топтау, есепке алу оларды мұрағатқа өткізу.

      Параграф 3. Байланыс операторы, 5-разряд

      33. Жұмыс сипаттамасы:

      электронды, бақылау-тіркеу машиналар мен электронды есептеу техникаларын қолдана отырып пошта-касса операцияларының барлық түрін орындау;

      лимиттен асқан кассадағы қолма-қол ақшаны және қаржы қорын сақтандыру пошталарына ресімдеу, жөнелту, қабылдап алу және шығарып салу; ақша және басқа құндылықтарды қабылдау және беру операциясын орындауға байланысты ақша және басқа құндылықтарды мекеменің арнайы қоймаларында есепке алу және сақтау;

      жеткізу учаскесінің сызбасын және тізімін құру, олардың шекарасын бекітуге қатысу;

      жеткізу карточкаларын, нарядтар мен жөнелту қағаздарын өңдеу, мерзімді басылымға, өнімді және басқа тауарларға тапсырыс құру және іріктеу;

      сауда мекемелері мен банктердің есеп шотына түскен аудару арқылы немесе пайдадан түскен қаржыдан ақша аудару;

      несиеге берілген немесе авансқа алған байланыс қызметі үшін кәсіпорын (ұйым) шот бойынша қағаз шығарып немесе көшірмесін береді;

      шығарған қағаздармен және банктік құжаттармен аудандарға бандероль дайындау және жіберу;

      төленген шоттарды іріктеу, бухгалтериядан пайданы есептеу;

      дебиторлық және кредиторлық қарызды есептеу, қарызды сот арқылы өндіруге құжаттар дайындау және ресімдеу;

      банктік құжаттарды дайындау және іріктеу, төлем қағаздарын дайындау;

      төленген ақшалай сома бойынша, ұйымның (кәсіпорынның) есеп шотына жіберілген және банктен келіп түскен соманы салыстырып анықтама құру;

      50 адамнан асқан жағдайда жылжымалы бригада жұмысының кестесін құру; жылжымалы жұмысшылардың жұмыс мерзімін есепке алу және жолдама құжаттарын тексеру;

      пошта вагондарынан теміржол станциясының көмегімен сақтандыру қаптарын қабылдау, құжаттарды ресімдеу, банк мекемелеріне сақтандыру қаптарын беру және тасу;

      перфолентадағы ақпараттарды бақылау және түзету; дұрыс емес ақпараттарды есепке алу және қайта құру үшін байланыс желісіне қайтару; БКП (ИВЦ) қадағаланған ақпараттарды есепке алу және жөнелту; ЭЕМ өңделгеннен кейін ақпараттарды түзету; ПСППД электронды кешенінің және техникалық қызмет көрсету аясы бойынша дұрыс емес ақпараттарын жіберу үшін қажетті ақпараттарды есепке алу;

      хатты сұрыптау машиналарында хат-хабарлардың 150-ден астам түрін іріктеу бойынша жұмыстарды орындау және бөлімшеде 10 жеткізу пункті болған жағдайда хат-хабар мен мерзімді басылымдардың жеткізілуін қадағалау;

      байланыс қызметінің өтінішін автоматты есепке алу, байланыс қызметі мәселелері бойынша ЭЕМ ақпараттарды алу және шығару, құжаттарды іріктеу;

      абоненттердің өтінішін іріктеу және автоматты жөндеу бюроларында ЭЕМ көмегімен ақаулықтың алдын алу;

      абоненттердің өтінішін қабылдау, жөнелту, бақылау бойынша ЭЕМ терминалымен жұмыс;

      станциялық қызмет көрсетуші жабдықтардың және автоматтандырылған заттардың көмегімен абоненттік желілердің жұмысына тексеру жүргізу;

      автоматтық бақылау жүргізу аппараттарының көмегімен таксофонның жұмыс істемей қалуына жол бермеу.

      34. Білуге тиіс (барлық разрядтар үшін):

      Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінуі;

      орындалған жұмыстың көлеміне қарай Пошта, Телеграф және Халықаралық телефон ережелерінің тараулары;

      атқарылған жұмыс көлеміне қарай пайдалану туралы ережелердің салалар бойынша тараулары, байланыс саласын пайдалану мәселелері бойынша нұсқаулықтар мен өкімдер;

      атқарылған жұмыс көлеміне қарай тарифтер мен байланыс қызметі;

      тіркеу тәртібі туралы нұсқаулық, радио және телефон нүктелері және абоненттік төлемді есепке алу;

      анықтама толтыру және оларды беру тәртібі;

      ұсыныстарды қарау және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулық;

      өтініштер мен арыздарды қарау және ол жөнінде есеп беру, өндіріп шығару нормалары (тапсырыс жоспары);

      пошта жөнелтілімдері мен жеделхаттарды қосымша өңдеу, жұмысшылардың жұмыс уақыты және орындаған нормаларын (жұмыс көлемін) есепке алу тәртібі;

      көлемді және сапалы көрсеткіштерді есепке алу тәртібі;

      өндірістік құжаттар мазмұны мен олардың орындалу мерзімі және жүргізу тәртібі, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау туралы нұсқаулық;

      операцияны орындау барысында: әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің тапсырысы бойынша өндірістерде өтемақыны төлеу туралы нұсқаулық, байланыс өнеркәсібінде саудадан түскен ақшаны бақылау және есепке алу;

      аударылған соманы бактердің есеп шоттарына аудару тәртібі;

      электронды пайдалану жөніндегі нұсқаулық, ақша аударымдары мен пошта-касса операцияларын орындаудағы бақылау-тіркеу машиналарын немесе есептеу техникаларының құралдары;

      жөнелтпе құжатын тексеру тәртібі;

      үкімет қағаздарын өңдеуді бақылау тәртібі және нұсқаулық;

      мерзімді баспасөзге жазылуды қабылдау және жаңа мекенжайға жіберу тәртібін сақтау тәртібі туралы нұсқаулық, пошта төлемдері белгілерін тарату және басқа шартты құндылықтарды есепке алу;

      байланыста қолданылатын касса операцияларын жүргізу туралы ереже;

      Қазақстан Республикасы байланыс ұйымдары мен мекемелерінде қатаң талаптағы бланктерді есепке алу туралы нұсқаулық;

      әр түрлі жүйелерде машиналармен жұмыс істеу туралы нұсқаулық;

      машиналарды пайдалану ережелері және олардың қызмет ету қағидаты;

      операцияны орындау барысында, мысалы: халықаралық пошта жолдауларын өңдеу мен жіберуде: қабылдау, өңдеу, жолдау, жіберу, халықаралық пошта жолдамаларын жіберу және бақылау тәртібі;

      Халықаралық пошта жөніндегі конвенция, Регламент және орындалатын жұмыс шеңберінде басқа да халықаралық келісімдер: француз тіліндегі пошта терминологиясы;

      Бүкілодақтық пошта одағы Бюросы шығарған елдің және әлемнің аймағында Алфавиттік тізімді қолдану тәртібін;

      жеткізіп беру жұмыстарын ұйымдастыруды орындау туралы: нұсқаулықтар, поштамен жөнелтілген заттарды және мерзімді басылымдарды жеткізіп отыру, учаскелерді нормалауды ұйымдастыруға басшылық ету және қолға алу;

      байланыс бөлімшесі қызмет көрсететін елді мекендер мен аудандарды және аудан учаскелерін жоспарлауды; пошта жөнелтілімдері мен мерзімді басылымды іріктеу тәртібі;

      мерзімді басылымдарды құру тәртібі;

      бірлестіктерде жұмыс істеу барысында: қызмет көрсету құралдары туралы қарапайым қағидалар;

      БКП (ИВЦ) жұмысы барысында: перфотаспаларды оқу; пошта-касса операциялары туралы мағлұматтар;

      БКП (ИВЦ) аудару есебін бақылауды жүзеге асыру тәртібі;

      ақша аударымдары мен пошта-касса операцияларын рәсімдеу барысында электронды, бақылау-тіркеу машиналарын немесе электронды есептеу құралдарын пайдалану туралы нұсқаулық;

      ақпараттық-есептеу орталықтарында және электронды есептеу машиналарын қолдана отырып ақша аударымдарын бақылау бюроларында аудару операцияларын бақылау тәртібі туралы нұсқаулық;

      жинау пункттерінде деректерді дайындау және беру (бұдан әрі - ЖПДДБ): облыстық, аймақтық, республикалық жиналу пункттерінде бақылауды ұйымдастыру және ақпараттарды өңдеу, деректерді дайындау және жіберу (ЖПДДБ) туралы нұсқаулық;

      электронды, бақылау-тіркеу машиналары немесе есептеу хеникаларын пайдалану туралы нұсқаулық;

      байланыс мекемелерінде жұмыс істеу барысында, көліктің әр түрімен поштаны ауыстыруды және жөнелтуді жүзеге асыруда: көлік қозғалысының сызбасы мен кестесі;

      жөнелтпе құжаттарын тексеру тәртібі;

      пошта жөнелтілімдері мен мерзімді басылымдарды іріктеу тәртібі;

      мерзімді басылымды жөнелтуді жүзеге асыратын байланыс мекемелерінде жұмыс істеу барысында: жөнелту тәртібі жөніндегі нұсқаулық және пошта басылымдарының жөнелтілімдері; мерзімді басылымды жіберу жоспары; газет басылымдарының тізімі;

      "Электронды пошта" қызметінде жұмыс істеу барысында: "Электронды пошта" қызметі жөніндегі ережелер;

      факсимильді құжаттарды өңдеуде қолданылатын нұсқаулық;

      қалааралық және жергілікті телефон байланысы мекемелерінде жұмыс істеу барысында: автоматтандырылған жөндеу бюросының басқару пультын орнату және оның техникалық тексеру;

      ақпараттарды өңдеу жөніндегі нұсқаулық;

      абоненттік және қосылғыш желілерінің электрлік параметрлері;

      ЭЕМ жұмыс істеу барысында ақаулықты табуға арналған шығу кестесінің құрылысы;

      жұмыс орнында қолданылатын электронды техникаларды қолдану тәртібі;

      басу қондырғылары, ленталар мен дискілердегі жинақ қондырғылары; операция жүйесінің негізгі командалары;

      АРМ сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктері;

      байланыс қызметі үшін абоненттермен есеп айырысу қызметі жөніндегі ережелер; банк құжаттарын өңдеу тәртібі мен мерзімі;

      ВЦ құжаттарды алу, дайындау, тапсыру тәртібі;

      ВЦ келіп түсетін ақпараттардың түрлері.

      4. Пошташы

      Параграф 1. Пошташы

      35. Жұмыс сипаттамасы:

      поштамен жіберілген заттарды және мерзімді басылымдарды көрсетілген мекен-жайға жеткізу;

      хат-хабар, мерзімді басылым алу, жеткізуге арналған зейнетақы тапсырыстары мен ақшаларды, қабылданған жөнелтілімдер мен мерзімді басылымды жеткізу үшін дайындау;

      көрсетілген мекенжайға пошта жөнелтімдерінің кез келген түрін, зейнетақыны, ақша аударымдарын, мерзімді басылымды, жеделхатты бекітілген бақылау мерзімінде ережеге сәйкес жеткізу;

      клиентке мекенжай, пошта жөнелтілімдерін қабылдап алу және жөнелту жөнінде, байланыс бөлімшесіндегі және почтамттағы пошта өндірісі мен жеделхат операцияларының мерзімі, байланыс желісі туралы түсіндіру; көрсетілген мекенжайда тұрғандар туралы анықтама жинау және пошта хат-хабарларының көрсетілген адамдардың қолына берілгендігі жөнінде рәсімдеу;

      тіркелген пошта жөнелтімдерінің тапсырылғаны жөнінде хабарлама ресімдеу; мерзімді баспаға жеткізу және басылымға дайындау карточкаларын іріктеу;

      пошта жөнелтімдері мен жеделхаттарын көрсетілген еткізілген құжаттарды ресімдеу;

      жөнелту үшін жергілікті тұрғындардан жай хаттарды қабылдау; пошта жәшіктерінен хаттарды алу; қызмет көрсету жеткізу учаскелерінде пошта төлем белгілерін сату;

      поштаны жөнелту және айырбастау;

      поштаны тиегенін және түсіргенін қоса есептегенде бастапқы пункттен поштаны және мерзімді басылымды алу, жолда айырбастау және соңғы жолда тапсыру;

      абоненттік шкафтардың және тірек пункттерінің еш бұзылмағандығына, қызмет көрсететін жеткізу учаскесінің жабдықталуына бақылау жүргізу, (елді мекендер мен көшелердің атауларын, үй нөмірлерін, тәртіпке келтіру, үйлердің подъездерін жарықтандыру; пошта жәшіктерін қала сыртына шығару) және ақаулықтардың алдын алу үшін қажетті шараларды қолдану.

      36. Білуге тиіс:

      пошта жөнелтімдерінің түрін және санатын, мерзімді басылымдар мен жеделхаттардың, пошта жөнелтілімдерінің барлық түрлерін мекенжай бойынша жеткізудің тәртібі;

      зейнетақылар мен жәрдемақыларды жеткізудің тәртібі, сонымен бірге байланыс қызметін көрсету;

      қызмет көрсету жеткізу учаскесіндегі көшелердің, үйлердің, пәтерлердің орналасуы;

      пошта жөнелтілімдерін және жеделхаттарды жеткізуді қадағалау мерзімін бекіту;

      пошта және телеграф байланысы қызметіне алынатын тариф;

      пошта қызметінің айырбастау және сақтау, шығарып салу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтары;

      көліктің маршрут бойынша қозғалыс кестесі, жеделхаттарды жеткізудің бекітілген қадағалау мерзімі;

      жергілікті тұрғындардан жеделхат қабылдау ережесі;

      пошта жәшіктерінен хат хабарларды алудың тәртібі мен бақылау мерзімдері және оларға мөр соғудың тәртібі;

      жеткізілген пошта жөнелтілері мен жеделхаттарын тіркеу құжаттарын рәсімдеу ережесі.

      Қала пошташылары үшін.

      Бір жеткізу учаскесіне қызмет көрсеткенде, 1-2 жеткізу учаскесін білген және пошташылардың орнын ауыстырған жағдайда - 2-разряд.

      Бір жеткізу учаскесіне қызмет көрсеткенде, 3-4 жеткізу учаскесін білген және пошташылардың орнын ауыстырған жағдайда - 3-разряд.

      Бір жеткізу учаскесіне қызмет көрсеткенде, 5 немесе одан көп жеткізу учаскесін білген және пошташылардың орнын ауыстырған жағдайда - 4-разряд.

      Ауыл пошташылары үшін.

      Бір жеткізу учаскесіне қызмет көрсеткен жағдайда, үйге тапсырысты қабылдаған жағдайда, радио қолданғаны үшін төлем, газет журналдарға жазылу, 50 километр (бұдан әрі - км) дейінгі қашықтықта поштаны шығарып салу және ауыстыру, тұрғылықты халықтан жеделхат қабылдау және мекен жай бойынша жеделхаттың әр түрін жеткізу, пошта жәшіктерінен хат - хабарларды алу, іріктеп алу және оған мөр соғу - 2-разряд.

      Бір жеткізу учаскесіне қызмет көрсеткен жағдайда, 1-2 жеткізу учаскесін білген және пошташылардың орнын ауыстырған жағдайда, пошта жөнелтілімдерінің барлық түрі бойынша үйге тапсырыс қабылдаған жағдайда, 50 км ден 100 км дейін дейінгі қашықтықта поштаны шығарып салған немесе ауыстырған жағдайда, мекенжай бойынша санатты жеделхаттарды жеткізген жағдайда, жеделхат анықтамалығынан мекенжайын анықтаған жағдайда, келген жеделхаттарды аппараты бойынша қабылдаған жағдайда - 3-разряд.

      Бір жеткізу учаскесіне қызмет көрсеткен жағдайда, 1 немесе одан көп жеткізу учаскесін білген және пошташылардың орнын ауыстырған жағдайда, пошта жөнелтілімдерінің түрлері, құнды хаттар, бандероль, посылка үйге тапсырыс қабылдаған жағдайда, 100 км көп қашықтықта және қала бойынша сақтау қаптары мен поштаны шығарып салған немесе ауыстырған жағдайда, мекен жай бойынша үкіметтік хат-хабарларды жеткізген жағдайда, жеделхаттардың әр түрін тәулік бойы жеткізген жағдайда, жеделхат жөнелту бойынша телеграфистің жоқ кезінде міндетін атқару - 4-разряд.

      5. Пошта вагондарының жолсерігі-электрмонтері

      Параграф 1. Пошта вагондарының жолсерігі-электрмонтері

      37. Жұмыс сипаттамасы:

      пошта вагонында қызмет ету; оның тазалығын сақтау, сумен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау, жылу жабдықтарының, ауа желдеткіштерінің, тоңазытқыш қондырғыларының, шаң-тозаңнан тазалау үстелінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ақаулықтарын түзету;

      рейске шығар алдында поштаны техникалық тексеруге қатысу;

      поштаны іріктеуге және ауыстыруға қатысу, пошта жәшіктерінен хат хабарларды алу, хат хабарларға мөр соғу;

      поштаны тексеруге, сақтандыру қаптарын ашуға және жабуға, пошта вагонынан поштаны қабылдауға және тапсыруға қатысу;

      жолда және пошта ауыстыру кезінде пошта қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      38. Білуге тиіс:

      пошта вагонының және оның негізгі желілерінің жабдықтары, ішкі жабдықтары;

      вагондарды жөндеуден өткізу мерзімі және түрі;

      буксті тексеру;

      тежегіштер мен электр қондырғылары жүйелері, ақау белгілері, пойыз құрамына қосылмауға тиіс вагондар;

      вагон электр жабдықтарының қондырғылары (генератор, аккумулятор батареяларын, басқару тетігі, ауа алмастырғыш);

      пойыз бағытының қауіпсіздігін қамтамасыз етуші МПС ережесі;

      жолаушылар пойызы жолсеріктері үшін темір жол көлігінде дабыл қағу құралдарын пайдалану жөніндегі техникалық ережелер және нұсқаулық;

      пошта вагондарын тиеу және түсіру тәртібі, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісі, көрсетілген жұмыстарды орындауға арналған көлемді пошта ережелері мен нұсқаулық.

      III санатты желілерде жұмыс істеген жағдайда - 3-разряд;

      II санатты желілерде жұмыс істеген жағдайда - 4-разряд;

      I санатты желілерде жұмыс істеген жағдайда - 5-разряд.

      6. Радиооператор

      Параграф 1. Радиооператор

      39. Жұмыс сипаттамасы:

      радиостанцияларда жұмыс істеу барысында: қабылдау-хабарлау радиостанцияларында техникалық қызмет көрсету;

      станциялар мен антенналы бағаналы қондырғылардың электр күші жұмысының қызметі;

      қабылдағыштар мен жөнелткіштердің жұмыс істеу жиілігін келтіру, қарапайым электр өлшеуіштері мен сынамаларын жүргізу;

      істен шыққан шамдарды ауыстыру және қарапайым техникалық ақаулықтың алдын алу;

      Морзе әліппесінің радиограммаларын әріп тергіш телеграф аппаратураларында беру және қабылдау, жазу машинкаларында радиограммаларды қабылдау, тесілген ленталарды оқу;

      радиограммаларды ресімдеу және телеграф құжаттарын жүргізу;

      радио бақылау пункттерінде (бұдан әрі - РБП) және техникалық радиобақылау (бұдан әрі - СТРБ) станцияларында Мемлекеттік радиобайланыс инспекциясында жұмыс жүргізу барысында: техникалық параметрлерін сақтамай жұмыс істейтін радиосәулесіне бақылау жүргізу;

      радиоэлектронды заттарды пайдалануға рұқсат етілген, радиостанцияны анықтау, заңсыз әрекет ететін радиоэлектронды заттарды анықтау;

      пеленгаторлық карталардағы РЭС анықтау.

      40. Білуге тиіс:

      қызмет ететін жабдықтар мен аппаратуралардың жұмыс принциптері мен материалдық бөлігі;

      телеграфты байланыс және электронды есептеуіш техникаларын пайдаланудың техникалық ережелері;

      радиобайланыс және радиоауыстыруды ұйымдастырудың тәртібі, қызметтік радиокодтар, Морзе әліппесі, жабдықтың ақаулығының негізгі себептері және олардың алдын алу, электротехника мен радиотехника негіздері.

      Радиограммалар мен радиожеделхаттарды дауыстап минутына 60-тан 90 белгіге дейін жылдамдықта аралас мәтіндерді кілтпен жөнелту және қабылдау - 4-разряд.

      Радиограммалар мен радиожеделхаттарды дауыстап минутына 90-нан 120 белгіге дейін жылдамдықта аралас мәтіндерді кілтпен жөнелту және қабылдау - 5-разряд.

      Радиограммалар мен радиожеделхаттарды дауыстап минутына 120 белгіден астам жылдамдықта аралас мәтіндерді кілтпен жөнелту және қабылдау - 6-разряд.

      7. Пошта жөнелтілімдерін сұрыптаушы және басылымға жіберуші

      Параграф 1. Пошта жөнелтілімдерін сұрыптаушы және басылымға жіберуші

      41. Жұмыс сипаттамасы:

      пошта жөнелтілімдерін, мерзімді басылымды, жеткізу карточкасын, ақша аударымдарын, белгіленген тәртіппен іріктеу;

      хат-хабарлар мен мерзімді басылымдар салынған пакеттер мен қаптарды жапсыру, белгіленген мерзімде поштаны жіберу жоспарына сәйкес оларды жөнелту;

      мерзімді басылымды сұрыптау және жолдау, марка жинау және басқа да жөнелтілімдер жөніндегі басшылыққа түзетулер енгізу.

      42. Білуге тиіс:

      орындалған жұмыс көлемі бойынша пошта ережелері;

      қабылдау тәртібі, пошта жөнелтілімдері мен мерзімді басылымның барлық түрін іріктеу және жөнелту;

      машинамен іріктеу барысында қолданылатын хаттарды машинамен іріктеу сызбасы;

      пошта жөнелтілімдерінің барлық түрін жөнелту тарифі;

      жұмыс орнына арналған бақылау мерзімі және пошта іріктеу;

      оны жөнелту кестесі, пошта жөнелтілімдерін және мерзімді басылымды іріктеу жүйесі;

      пакеттерді және қаптарды құжаттарға қосу және өңдеу тәртібі;

      пошта жөнелтілімдері мен мерзімді басылым ережесі, басылымдарды жөнелту жөніндегі нұсқаулық, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісі, пошта вагондарының бағыт сызбасы, өз жұмыс орнына арналған халықаралық пошта жөнелтілімдерінің жоспары, Бүкіләлемдік пошта одағы бюросы шығарған мемлекеттердің алфавиттік тізімі және мемлекеттік аумағын қолдану тәртібі, ақшалай есеп беруді қадағалау жөніндегі нұсқаулық.

      Сұрыптау барысында:

      - жұмыс орнында қала сыртындағы хат-хабарларды және қарапайым бандерольдерді 150 жәшікке дейін сұрыптау;

      - келіп түскен және жергілікті хат-хабарларды және қарапайым бандерольдерді әр түрлі жұмыс орнында жалпы саны 200 дейін сұрыптау;

      - байланыс мекемелерінде тіркелген газет жүйесіндегі мерзімді басылымды; почтамттардағы газет – журнал жөнелтілімдерін, ПЖДП, ОПП жалпы саны 200 газет желісі мен байланыс бөлімшесіне дейін;

      - ГСП қызмет ететін, келіп түскен және жергілікті хат-хабарларды және пункт бойынша мерзімді басылымды, жалпы саны 100 пунктке дейін;

      - әуежайлардағы жұмыс орындарында пошта жеткізу бөлімшелеріндегі хат – хабарларды 100 жәшікке дейін сұрыптау - 2-разряд.

      Сұрыптау барысында:

      - жұмыс орнында қала сыртындағы хат-хабарларды және қарапайым бандерольдерді 150 жәшіктен 350-ге дейін сұрыптау;

      - келіп түскен және жергілікті хат-хабарларды және қарапайым бандерольдерді әр түрлі жұмыс орнында жалпы саны 201-ден 400 дейін сұрыптау;

      - байланыс мекемелерінде тіркелген газет жүйесіндегі мерзімді басылымды; почтамттардағы газет – журнал жөнелтілімдерін, ПЖДП, ОПП жалпы саны 201-ден 500 газет желісі мен байланыс бөлімшесіне дейін;

      - ГСП қызмет ететін, келіп түскен және жергілікті хат-хабарларды және пункт бойынша мерзімді басылымды, жалпы саны 101 пункттен 300 пунктке дейін;

      - әуежайлардағы жұмыс орындарында пошта жеткізу бөлімшелеріндегі хат – хабарларды 101 жәшіктен 200 жәшікке дейін сұрыптау;

      - посылкалар мен құнды хаттарды және бандерольдерді, пошта салынған қаптарды және газет пакеттерін жұмыс орнында жалпы саны бөлінгенде 60 топқа дейін;

      - пакеттер мен бандерольдерді және жолдама бойынша оларды жолдама санына қарай топқа бөлуде 70 дейін - 3-разряд.

      Сұрыптау барысында:

      - жұмыс орнында қала сыртындағы хат-хабарларды және қарапайым бандерольдерді 350 жәшікке дейін сұрыптау;

      - келіп түскен және жергілікті хат-хабарларды және қарапайым бандерольдерді әр түрлі жұмыс орнында жалпы саны 400 дейін сұрыптау;

      - байланыс мекемелерінде тіркелген газет жүйесіндегі мерзімді басылымды; почтамттардағы газет-журнал жөнелтілімдерін, ПЖДП, ОПП жалпы саны 500 газет желісі мен байланыс бөлімшесіне дейін;

      - ГСП қызмет ететін, келіп түскен және жергілікті хат-хабарларды және пункт бойынша мерзімді басылымды, жалпы саны 300 пунктке дейін;

      - әуежайлардағы жұмыс орындарында пошта жеткізу бөлімшелеріндегі хат – хабарларды 200 жәшікке дейін сұрыптау;

      - посылкалар мен құнды хаттарды және бандерольдерді, пошта салынған қаптарды және газет пакеттерін жұмыс орнында жалпы саны бөлінгенде 60 топқа дейін;

      - импорттық мөрлер бір немесе бірнеше жұмыс орындарында жәшіктердің жалпы саны сұрыптағанда 500 астам;

      - халықаралық пошта айырбастау парағы болып табылатын экспорттық мөрлер байланыс мекемелерінде, пошта айырбастау орны бойынша шет мемлекеттерде жолдама жоспарына сәйкес;

      - пакеттер мен бандерольдерді және жолдама бойынша оларды жолдама санына қарай топқа бөлуде 70 астам;

      - халықаралық келіп түскен және шығыс хат-хабарларын, сәлемдемелер мен жолдама бойынша қаптарды, көрсетілген халықаралық жөнелтілімдер бойынша құжаттарды тіркеуді қоса есептеу - 4-разряд.

      8. Телеграф қабылдаушы

      Параграф 1. Телеграф қабылдаушы, 3-разряд

      43. Жұмыс сипаттамасы:

      аппарат бойынша жеделхаттарды қабылдау (бланкке желімдеу және түзету); автоматты барып шығару үшін көрерменнің бақылауымен перфоленталардың тетіктерін қолдану арқылы жеделхаттарды, соның ішінде халықаралық жеделхаттарды шығару;

      телефон арқылы жеделхаттарды қабылдау және жіберу. "АТОЛ" байланыс жүйесі бойынша жеделхаттарды қабылдау және жіберу үшін қызмет көрсету;

      төменгі байланыс коммутаторларындағы (бұдан әрі - КТБ) жұмыс орындарында жұмысшылардың аппараты бойынша және тікелей жалғанған (бұдан әрі - ТЖ) станциялардағы жұмыс орындарында жеделхаттарды қабылдау және жіберу;

      абоненттік телеграф (бұдан әрі - АТ) станцияларында кіріс, шығыс және транзиттік жалғау; шақырту бойынша шығуға баулардың күйін тексеру, аппараттағы жылдамдық пен фазаны белгілеу;

      столдағы кодты тіркеуге (бұдан әрі - СКТ) жеделхаттарды қабылдау және жіберу, столда заттарды тексеруге (бұдан әрі - СЗТ) және жүктеменің дәлдігін (ВН); трансмиттердің аппаратын тазалау;

      қызметтік келіссөздерді жүргізу, аппарат бойынша анықтамаға сұраныс жіберу және анықтама беру, сынамалармен алмасу;

      перфораторлық, бақылау және бояу таспаларын ауыстыру, перфораторлық таспаны оқу; жеделхаттарды ресімдеу және телеграф құжаттарын жүргізу;

      белгілі мерзімде жеделхаттардың келуін есепке алу;

      жеделхаттарды магистральды, желіішілік және қалалық байланыс, абоненттік қондырғылар (абоненттерге жеделхаттарды тапсыру орындарының жұмыс орындары) жеделхат жолдамасы сызбасына сәйкес, Қазақстан Республикасы байланыс мекемесінің алфавиттік тізіміне және басқа да анықтамалықтар бойынша сұрыптау;

      жеткізу учаскесі бойынша жеделхаттарды сұрыптау және мекенжайға дер кезінде жетуін қадағалау;

      телефон арқылы қабылданған жеделхаттың есебіне арналған есеп айырысу шотын шығарып алу.

      44. Білуге тиіс:

      жеделхатты іріктеу тәртібіне қатысты телеграф ережелері, нұсқаулықтар, нұсқау, жұмыс орнында бекітілген аппаратура мен жабдықтар туралы қарапайым түсінік;

      телеграф аппараттарының жұмыс принциптері;

      "АТОЛ", "ПС", "КС", "АТ" жүйесі бойынша жұмыс принциптері мен байланысты ұйымдастыру;

      телеграф байланысы қызметіне арналған тарифтер, олардың өтуі бойынша жеделхаттарды іріктеу мерзімі және тәртібі;

      "Байланыс" телеграф кодын қолдану тәртібі;

      "Телекс" байланыс жүйесінде қолданылатын қысқартылған кодты тіркестер, қазақ тілі және орыс тілі грамматикасы және латын қарпі, жеделхат жіберу сызбасы, негізгі айналма жол;

      "Телекс" желісінің сызбасы, мемлекеттердің қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі атауларының жазылуы.

      Жеделхаттарды бекітілген формат ХКО (хабарламалар коммутация орталығы) соңғы пункттерде (бұдан әрі - СП) бойынша қабылдау және жөнелту барысында;

      бекітілген дәрежелер бойынша сұрыптау жылдамдығына қарай жеделхаттарды айырбастау;

      телеграф аппаратында жұмыс істеу және автоматика қондырғыларын қолдану және КС жүйесі бойынша дисплейді қондырғыларды пайдалану; анықтамалық ақпараттарды айырбастау;

      жұмыс орындарына және олардың СП келіп түсуі бойынша жеделхаттар индексациясы;

      жеткізілмеген жеделхаттарды орнына қою үшін қызметтік хат алмасу жүргізу;

      жіберілген аванс есебінен мекемелерден жеделхаттарды қабылдау және дербес шот бөлімінде аванс қозғалысын есепке алу;

      жеделхаттардың сапасын бақылау және сұрыптауды есепке алу; жеделхаттарды жеткізу барысында пошта тасушылардың жұмысын басшылыққа алу;

      абоненттен тапсырыс қабылдау барысында, халықаралық жүйе операторларынан анықтамалық ақпараттар алу;

      анықтамалық құралдармен жұмыс істеу;

      АТА, "Телекс" халықаралық жүйесі абоненттерінің тізімін құру үшін анықтамалық-ақпараттық материалдарын дайындау және түзету 4-разряд;

      жеделхаттарды, телекстер мен басқа ақпараттарды сызба коммутаторында, телексте хат–хабарларды (бұдан әрі - КАХ) сұрыптау барысында;

      аса маңызды ақпараттарды хабарлауда;

      телеграфты аппараттармен, принтерлермен, дисплейлермен жұмыс істеу барысында;

      санаттан тыс, аса маңызды және халықаралық ақпараттарды сұрыптау барысында;

      ХКО бойынша анықтамалық-ақпараттық материалдарды дайындау және түзету барысында;

      кодограммалардың көмегімен ЭЕМ журналды және мұрағатты деректеріне жүгіну;

      ақпаратты шығару және оны сұрыптау;

      енгізілген аванс есебінен мекемелерден ақпарат қабылдау;

      халықаралық, аса маңызды санатты немесе жеделхаттарды қабылдау жөнінде қызметтік хат дайындау;

      шығынның (шағым) пайда болу себебін анықтау;

      халықаралық байланыс бойынша есепті жүзеге асыру - 5-разряд.

      9. Телефоншы

      Параграф 1. Телефоншы, 3-разряд

      45. Жұмыс сипаттамасы:

      облыс ішінде, республика ішінде қызмет түрі бойынша қиындығы жоқ және аз жүктемелі байланыс қызметін көрсету; магистральды байланыс; АТУ қондырғылары арқылы теру және байланыс орнатумен қалааралық байланыс; қалааралық коммутаторлар, 300 нөмірге дейінгі ауқымдылықта қалалық және ауылдық телефон байланысы; өндірісішілік телефон байланысы; жөнелткіш столдарын. 4 жалғағыш желісі (ведомстволық диспетчер комплектісі) және 8 радиоарнаға дейін радиотелефон байланысы пультінде 150 радиоабонентке қызмет көрсету;

      халықаралық телефонмен сөйлесу үшін абоненттерді қосу, абоненттік желілерді қосу және ағыту;

      кезекшілікке түскен кезде және шақырту бойынша жұмыс істегенде коммутаторға қосылған жұмыс орны приборларының естілуін және сапасын тексеру;

      тапсырысты коммутаторға қызмет көрсету: кіріс және шығыс тапсырыстарын ресімдеу, шығыс тапсырысы бойынша "сөйлесу" жеделхатын құру, жартылай автоматты теру үшін сөйлесу пунктерінің телефон нөмірін телефонистердің сұрауы бойынша хабарлау;

      анықтамалық коммутаторына қызмет көрсету: сөйлесудің кезегін ұсыну, сөйлесу ұзақтығы, құны жөнінде анықтама береді және тапсырыс берушінің өтініші бойынша тапсырысқа өзгеріс енгізеді;

      кіріс және транзиттік тапсырыстарды қабылдауды тұрақтандыру;

      бақылау – ажырату столына қызмет көрсету;

      сөйлесу пунктінде кабиналы коммутатор қызметін көрсету және онда 6 кабинадан кем болмауға тиіс;

      халықаралық сөйлесуге тапсырыс қабылдау, абоненттерді есепке ала отырып сөйлесу пункттерінде талондар сату;

      бұзылғандығы туралы тапсырыс қабылдау, абоненттердің талабы бойынша және станцияда анықталғандарын есепке алу жүргізу;

      бекітілген стандартты сақтай отырып сөйлесу және жауап беру, анықтамалық қызмет көрсету;

      анықтамалық картотекасымен жұмыс істеу.

      46. Білуге тиіс:

      телефон байланысы түрлері (қалалық, ауылдық, ішкі өндіріс, қалааралық) және олардың айырмашылығы;

      жүйе бойынша телефон байланысының бөлінуі;

      қалааралық телефон ережелері;

      жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметін ұсыну ережелері;

      радиоабоненттеріне қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық;

      қолданылатын нұсқаулықтар, халықаралық және жергілікті телефон байланысы мен радиотелефон байланысы тетіктерін пайдалану мәселелері бойынша ережелер мен өкімдер;

      қалааралық байланысты жүзеге асыру үдерістері;

      жұмыс орнында негізгі құралдарды тағайындау;

      телефон қондырғыларын шашу, жинау және реттеу;

      халықаралық сөйлесуге арналған телефон тарифы: анықтамалық карточкалардың орналасу принциптері;

      дауыс мәнері жақсы болу, сөздер мен сандарды анық айту керек.

      Параграф 2. Телефоншы, 4-разряд

      47. Жұмыс сипаттамасы:

      магистральді, облыс ішінде, республика ішінде қызмет түрі бойынша қиындығы жоқ және аз жүктемелі байланыс қызметін көрсету;

      халықаралық коммутаторлар, 300 нөмірге дейінгі ауқымдылықта қалалық және ауылдық телефон байланыс түрін көрсету;

      тапсырыс және желілі, құпия тапсырысты коммутаторларда, барлық операцияларды орындайтын сөйлесу пункттерінде қызмет көрсету;

      сөйлесу пунктінде 6-10 байланыстағы кабиналар болған жағдайда кабиналы коммутатор қызметін көрсету және телефон аппараты арқылы "сөйлесу" жеделхатын жөнелту;

      анықтамалық-ақпараттық қызметтің барлық түрін көрсету;

      анықтамалық қызмет, жиналған ақпарат бойынша дәл және толық жауап беру, ақпаратты іздеу уақытының нормативтерін қатаң сақтай отырып, анықтамалық картотекамен жұмыс істеу;

      анықтамалық-ақпараттық қызметтің дисплейлі коммутатор және халықаралық дисплейлі коммутатор қызметін көрсету;

      24 жалғағыш желісі (ведомстволық диспетчер комплектісі) және 12 радиоарнаға дейін радиотелефон байланысы пультінде 200 радиоабонентке қызмет көрсету;

      жұмыс орнындағы бұзылған жерлерін анықтау (баулардың, клапандардың, дабыл шамдарының ақаулығы тағы да басқа) және олардың алдын алу;

      жүктемені үзбестен сөйлесу пунктіндегі абоненттермен есеп айырысу.

      48. Білуге тиіс:

      жабдықтар құрамын, ЭЕМ пайдаланудың техникалық ережелері;

      дисплеймен, клавиатурамен жұмыс істеу тәртібі, телефон хабарларының принциптері (электрлі және керісінше дыбысты ауытқуларды қайта құру);

      коммутаторларды және олардың негізгі бөліктерін тағайындау;

      қорғаныс қондырғыларын тағайындау, абоненттер арасындағы байланысты жүзеге асыру тәртібі;

      аудан аумағында әр түрлі телефон станцияларының қосылуы;

      халықаралық телефон байланысын ұсыну тәртібі;

      шифрлар мен кодтар, шыққан және шығарылған құжаттар формасы;

      халықаралық телефон байланысы және сөйлесу пункттеріне қызмет көрсету барысында: дүниежүзі картасы, халықаралық телефон қызметі бойынша нұсқаулық;

      абоненттерге халықаралық сөйлесуді ұсынатын халықаралық телефон регламенті, халықаралық телефонмен сөйлесу тарифтері, ҚТС анықтамалық қызметінің телефоншыларының жұмыс тәртібі;

      анықтамалық карточкаларының құрылысы, ҚТС анықтамалық қызметі қызмет көрсететін мекеменің, ұйымның, өндірістің құрылымы мен бағынуы;

      мекемелердің қысқартылған және қиын атауларының мағынасы, жұмыс орнындағы шешілмеген мәселелердің себебі және олардың алдын алу;

      бұзылғандарын есепке алу нұсқаулығы, радиобайланыс арналарындағы сөйлесу сигналдарының құрылымдық сызбасы;

      қарапайым өлшеу құралдарының жұмыс принциптері және тағайындалуы.

      Параграф 3. Телефоншы, 5-разряд

      49. Жұмыс сипаттамасы:

      жүктелген магистральді, облыс ішінде, республика ішінде қызмет түрі бойынша қиындығы жоқ және аз жүктемелі байланыс қызметін көрсету;

      үш пункттен кем емес байланыстағы жұмыс орындарында жоғары жүктемемен жұмыс істеу;

      транзиттік айырбастау және аудандық жұмыс орындарына, сонымен бірге бөлінген абоненттер столында қызмет көрсету;

      сөйлесу пунктінде 10 астам байланыстағы кабиналар болған жағдайда кабиналы коммутатор қызметін көрсету;

      анықтамалық-ақпараттық қызметтің барлық түрін көрсету;

      шығу қызметінің дисплейлі коммутатор қызметін көрсету;

      аралас жұмыс орындарында дисплейлі коммутатор қызметін көрсету; бір жұмыс орнында тапсырысты-анықтамалық және халықаралық қызмет түрінің қызметін бірге атқару;

      тақырыптық бағдарлама көмегімен ЭЕМ жұмыс қабілетін тексеру, Қазақстан Республикасының барлық пункттеріне нөмірді теру арқылы деректер базасын түзету. 24 жалғағыш желісі (ведомстволық диспетчер комплектісі) және 12 радиоарнаға дейін радиотелефон байланысы пультінде 200 радиоабонентке қызмет көрсету;

      қиын анықтама беру (толық емес деректер бойынша);

      "Сервис" қызметін көрсету (басқа қала телефондарының нөмірлері, мекеме мекенжайы, мұражайлардың жұмыс уақыты және жұмыс күні);

      коммутатор залындағы, сөйлесу пунктіндегі және анықтамалық қызметіндегі барлық телефондардың жұмысына өндірістік бақылау жүргізу.

      50. Білуге тиіс:

      коммутатор залындағы, сөйлесу пунктіндегі және анықтамалық қызметінің тәртібі және жұмыс мазмұны;

      ЭЕМ пайдаланудың техникалық ережелері;

      ашық және жабық қадағалау жүргізу тәртібі, жалғанғыш желілерінің қызмет принциптері;

      абоненттік желілер, абоненттік заттар, бау жұбы және жұмыс орындары, ақпаратты техникалық тасушылар және оларды қадағалау әдістері;

      "Сервис" қызметінің әр түрінде абоненттерге арналған арнайы карточкаларды орналастыру принциптері;

      картотекаға өзгеріс енгізу тәртібі, өндірістік бақылау бригадирінің және телефоншының өндірістік қызметі.

      Параграф 4. Телефоншы, 6-разряд

      51. Жұмыс сипаттамасы:

      қосымша жұмыс орындарында дисплейлі коммутатор қызметін көрсету: электронды бланкілерді толтыру арқылы пайдалану жүйесінде кіріс және транзиттік қызметті ұсыну: басқару қондырғысы жүйесіне тапсырыс бланкісін енгізу; тапсырыс бланкілерін түзету;

      тікелей абоненттерге дисплейлі коммутатор қызметін көрсету: электронды бланкілерді толтыру арқылы тапсырыс қабылдау, абоненттерден қабылданған тапсырысты пайдалану жүйесі арқылы қызмет көрсету деңгейіне қарай алынған тапсырысты орындау; электронды тапсырысы бланкісін толтыру арқылы анықтама беру; басқару қондырғысы жүйесіне тапсырыс бланкісін енгізу; тапсырыс бланкілеріне түзету енгізу;

      басқару қондырғысы жүйесіндегі деректер базасына дисплейлі коммутатор қызметін көрсету: құру, енгізу, түзету, бағыттау, деректер базасын басуға шығару;

      дисплейлі-коммутатор цехының барлық жұмыстарын атқару;

      дисплейлі-коммутатор цехының телефоншыларының халықаралық қызмет көрсетуді қоса есептегенде өзін - өзі қадағалауын жүзеге асыру.

      52. Білуге тиіс:

      ЭЕМ пайдаланудың техникалық ережелері;

      ЭЕМ тетіктерін басқару жабдықтары және клавиатурамен, дисплеймен жұмыс істеу тәртібі;

      ақпаратты өңдеу жөніндегі жұмыс нұсқаулығы және басқа да жетекші материалдар: техникалық ақпарат құралдары мен оларды қадағалау әдістері;

      ЭЕМ қолданылатын кодтар, коммутация негіздері және машинаның күйін келтіруші қарапайым блок-схемалар;

      шығыс және кіріс құжаттардың үлгілері;

      ЭЕМ жұмысы барысында қызмет көрсетуге арналған шығу кестесінің құрылымы;

      халықаралық телефон ережесі;

      қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметін көрсету тәртібі;

      қалааралық телефон байланысын пайдалану тәртібі;

      транзитті айырбастау схемасы;

      арнаулы орта білім және курстық дайындықтан өту көлеміндегі бағдарламалау негіздері.

      10. Фотооператор

      Параграф 1. Фотооператор, 3-разряд

      53. Жұмыс сипаттамасы:

      кассеталар мен барабандарды зарядтау және зарядтан ажырату;

      байланыс арналары арқылы газет ақпараттарын қабылдау және беру;

      фототехникалық таспаны зарядтау, қайта орау және қию;

      газет жолдарын фототехникалық қайта өңдеу;

      газет жолдарының ағарғандарын қайта өңдеу;

      қызметтік телефон байланысымен қызметтік келіссөз өткізу (жұмыс режимі, хабар жылдамдығы, модуляция тәсілі);

      хабар қорытындысын және газет жолдарын салыстыру;

      құжаттарды ресімдеу.

      54. Білуге тиіс:

      қызмет көрсететін аппараттың құрылымы туралы қысқаша түсінік;

      телеграф байланысы қызметіне алынатын тарифтер: газет беттерін іріктеудің бақылау мерзімі тәртібі;

      газет беттері кезекті хабарлары, газет беттері фотокөшірмелерін фототехникалық өңдеу ережесі мен тәртібі;

      зарядтауды, фототехникалық пленкаларды қайта орау және қию, "Байланыс" телеграфты кодын пайдалану тәртібі.

      Параграф 2. Фотооператор, 4-разряд

      55. Жұмыс сипаттамасы:

      факсимильді аппараттарды жұмыс істеуге дайындау (беру деңгейін орнатуды, үйлестіруді қамтамасыз ету);

      газет беттері фотокөшірмелерін фототехникалық өңдеу үшін ерітінділер дайындау;

      газет беттерін өңдеу;

      күмісті қалпына келтіру жұмыстары.

      56. Білуге тиіс:

      қолданылатын факсимильді аппараттарды орналастыру және факсимильді аппараттардың қызмет ету принциптері;

      телеграф коды, тарифтері, фотохимиялық өңдеу жүргізуге арналған ерітіндіні дайындау тәртібі;

      фотокөшірменің және газет беттерінің түпнұсқа сапасына қойылатын талаптар және газет беттері түпнұсқасы;

      газет беттері фотокөшірмелерін фототехникалық өңдеу үшін ерітінділер дайындау тәртібі;

      телеграф құрылымдарының жұмысы туралы мәлімет.

      Параграф 3. Фотооператор, 5-разряд

      57. Жұмыс сипаттамасы:

      бекітілген талаптарға сәйкес түпнұсқа сапасына баға беру;

      өлшеу техникаларын (денситомер, микроскоп) қолдана отырып, газет жолдарының фотокөшірмелерінің сапасын анықтау;

      қолданылатын жабдықтардың жұмыс түзімін тексеру және байланыс желілері мен факсимильді аппаратуралардың күйін бағалау;

      ерітінділерді түзеу.

      58. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтардың негізгі сипаттамасы және факсимильді аппаратуралардың жұмыс түзімін реттеу тәртібі;

      іріктеу үрдісі, газет беттерін жүргізу және қабылдау;

      газет жолдарын фототехникалық іріктеу сапасына қойылатын негізгі талаптар.

      11. Баспа экспедиторы

      Параграф 1. Баспа экспедиторы, 3-разряд

      59. Жұмыс сипаттамасы:

      баспаханадан, басқа да жеткізушілерден мерзімді және мерзімді емес басылымдарды сонымен бірге басқа да жүктерді қабылдау, оларды экспедицияға және базаға жеткізу, өткізу;

      экспедиция мен базалардан басылымдарды сонымен бірге басқа да жүктерді қабылдау және бекітілген бақылау мерзімінде оларды вокзалдар мен порттардағы, әуежайлардағы ОПП, дүңгіршектер мен дүкендерге өткізу;

      дүңгіршектер мен дүкендерден басылымдарды, басқа да тауарларды, қайтаруға жататын ақша түсімдерін қабылдау және оларды бекітілген тәртіп бойынша қайтару;

      материалдық және ақшалай құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;

      жүкпен жіберу үшін баспа басылымдарын және басқа да тауарларды, қаптар мен қораптарды қабылдап алу, түсіру, тиеу;

      жүктерді қабылдап алу және жөнелту үшін құжаттарды тіркеу.

      60. Білуге тиіс:

      мерзімді басылымды жөнелту және жіберу тәртібі жөніндегі нұсқаулық;

      мерзімді басылымды, құнды қағаздарды қабылдау және жөнелту тәртібі;

      басылымды өңдеудің және жөнелтудің қосымша мерзімдері;

      ілеспе құжаттарын құру және ресімдеу, пошта вагондарының бағыты, ұшақтар мен пойыздардың кестесі.

      12. Пошта жабдықтарының электромеханигі

      Параграф 1. Пошта жабдықтарының электромеханигі, 3-разряд

      61. Жұмыс сипаттамасы:

      техникалық қызмет көрсету, ағымды жөндеуден өткізу, электр және механикалық бөлшектерді тұрақтандыру, жай пошта жабдықтарын және кіші механизация құралдарын сынау және демонтаж;

      қызмет көрсететін жабдықтарды жұмысқа дайындау, тазалау, майлау.

      62. Білуге тиіс:

      жұмыс принциптері, қызмет көрсету жабдықтары және кіші механизация құралдарын монтаждау;

      бақылау-өлшегіш құралдары мен приборларын таңдау және қолдану ережесі;

      бөлшектерді өңдеу-дәнекерлеу тәсілдері;

      жабдықтарды техникалық жөндеуден және ағымды жөндеуден өткізуде орындалатын операциялар;

      63. Жұмыс мысалдары:

      Техникалық қызмет көрсету, ағымды жөндеуден өткізу, сынау, реттеу және демонтаж:

      1) касса аппараттары;

      2) қап ұстағыштар;

      3) пошта контейнерлерінің арбалары;

      4) абоненттік және тірек пункттерінің шкафтары;

      5) нөмірлегіш.

      Параграф 2. Пошта жабдықтарының электромеханигі, 4-разряд

      64. Жұмыс сипаттамасы:

      техникалық қызмет көрсету, ағымды жөндеуден өткізу, электр және механикалық бөлшектерді тұрақтандыру, жай пошта жабдықтарын және кіші механизация құралдарын сынау және демонтаж;

      жай пошта жабдықтарын күрделі жөндеуден өткізу, механикалық, электр бөлшектерін жөндеу, монтаж;

      ағымды және күрделі жөндеу жұмыстарына ақаулық ведомосын құру.

      65. Білуге тиіс:

      қарапайым және орташа жағдайдағы пошта жабдығын құру;

      жөндеу жұмыстарына ақаулық ведомостарын құру;

      желілерді жинау және жиыстыру әдістері;

      ауыстырғыш қондырғылары мен жабдықтардың электржетегі жұмысының принциптері, электротехника негіздері.

      66. Жұмыс мысалдары:

      Техникалық қызмет көрсету, ағымды жөндеуден өткізу, сынау, реттеу және демонтаж:

      1) полимерді заттарды дәнекерлеуге арналған машиналары;

      2) ақша аударымдарын өңдеуге арналған электромеханикалық машиналары;

      3) таңбалау, қорапқа орау, мөр соғу машиналары;

      4) көтергіш машиналары;

      5) транспортерлердің барлық түрі;

      Күрделі жұмыс жүргізу, қалпына келтіру, монтаждау:

      1) касса аппараттары;

      2) қап ұстағыштар;

      3) пошта контейнерлері арбалары;

      4) абоненттік және тірек пункттері шкафтары;

      5) нөмірлегіш.

      Параграф 3. Пошта жабдықтары электромеханигі, 5-разряд

      67. Жұмыс сипаттамасы:

      техникалық қызмет көрсету, ағымды жөндеуден өткізу, электр және механикалық бөлшектерді реттеу, күрделі және ерекше күрделі пошта жабдықтарын сынау және демонтаж;

      күрделі жөндеу, механикалық және электрлік бөлігін реттеу және күрделілігі орташа пошта жабдығын монтаждау.

      68. Білуге тиіс:

      қызмет көрсететін пошта жабдығының құрылымы, кинематикалық және электр сызбасы;

      жабдықты жөндеуден өткізудің техникалық жағдайы;

      бөлшектерін қалпына келтіру әдістері және технологиялық әсері;

      қызмет көрсететін жабдықтың жөндеуі, жинау және монтаждау, бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты, құрылысы және оларды пайдалану тәсілдері;

      істен шыққан бөлшектерді қалпына келтіру әдістері және бекіту, күрделігі орташа сызбаларды оқу ережелері;

      есептеу жүйесі туралы түсінік, оларды автоматтарда қолдану.

      69. Жұмыс мысалдары:

      Техникалық қызмет көрсету, ағымды жөндеуден өткізу, сынау, реттеу және демонтаж:

      1) автоматты және жартылай автоматты хат сұрыптаушы машиналары;

      2) үлкендігіне қарай хаттарды сұрыптау машиналары;

      3) индексін анықтауға арналған қондырғылар;

      4) жартылай автоматты сұрыптауға арналған қондырғылар;

      5) сәлемдемелер және мөр пачкаларын сұрыптауға арналған қондырғылар;

      6) бандерольдерді сұрыптауға арналған жабдықтар.

      Күрделі жұмыс жүргізу, қалпына келтіру, монтаждау:

      1) полимер пленкаларды дәнекерлеуге арналған машиналар;

      2) ақша аударымдарын өңдеуге арналған электромеханикалық машиналар;

      3) таңбалау, қорапқа орау, мөр соғу машиналары;

      4) көтергіш машиналар;

      5) тасымалдауды барлық түрлері.

      Параграф 4. Пошта жабдықтарының электромеханигі, 6-разряд

      70. Жұмыс сипаттамасы:

      техникалық қызмет көрсету, ағымды жөндеуден өткізу, электр және механикалық бөлшектерді тұрақтандыру, күрделі пошта жабдықтарын және кіші механизация құралдарын сынау және демонтаждау;

      күрделі пошта жабдықтарын күрделі жөндеуден өткізу, механикалық, электр бөлшектерін жөндеу, монтаждау.

      71. Білуге тиіс:

      қызмет көрсететін пошта жабдығының құрылымы;

      кинематикалық және электр сызбасы, жабдықты жөндеуден өткізудің техникалық жағдайы;

      аса күрделі жабдықтарды жинау және монтаждау, жөндеуден өткізу тәсілдері;

      жабдықтардың дәлдігі, техникалық жағдайға байланысты қондырғылардың орналасу тұрақтылығы;

      машиналарды статикалық және динамикалық жөндеу, өлшеу, жұмыс бөлшектеріне қатысты жүктеме, жабдықтардың желілері мен механизмдерін және апаттың алдын алу;

      сынудың алдын алу бойынша шаралар, өте күрделі сызбаларды оқу ережелері және эскиздер сызу.

      72. Жұмыс мысалдары:

      Күрделі жұмыс жүргізу, қалпына келтіру, монтаждау:

      1) автоматты және жартылай автоматты хат сұрыптаушы машиналар;

      2) сәлемдемелерді және мөр пачкаларын сұрыптауға арналған қондырғылар;

      3) үлкендігіне қарай хаттарды сұрыптау машиналары;

      4) ақша аударымдарын өңдеуге арналған электр машиналары;

      5) индексін анықтауға арналған қондырғылар;

      6) жартылай автоматты сорттауға арналған қондырғы орнату;

      7) сәлемдемелер мен баспа байламдарын сорттауға арналған қондырғы орнату;

      8) бандерольдерді сорттауға арналған қондырғы орнату.

      13. Электр байланысы және сыммен тарату желілік құрылыстарының электромонтері

      Параграф 1. Электр байланысы және сыммен тарату желілік құрылыстарының электромонтері, 3-разряд

      73. Жұмыс сипаттамасы:

      әуе желісінде: жұмыс орнын және бұзылу себебін анықтау жұмыстарында, абоненттік және әуе байланысында, абоненттік жабдықталуда бұзылудың алдын алу мақсатында, радионы пайдалану арқылы техникалық қызмет көрсету;

      тіреулерді, бағандарды, траверстер мен тіреуіштерді орнату (ауыстыру), түзету және бекіту;

      тіреу мен тіреуіштерді жабдықтау;

      жапсырмаларды, кронштейндерді, аспалы ілмектерді және сатыларды құрастыру және орнату;

      қадалыққа немесе ілгектерге оқшаулауыштарды жерге бекіту;

      бағаналар мен тіреулердегі оқшаулауыштарды тазалау;

      әуе желілері мен абоненттік пункттерде жерге бекіту;

      сымдарды тарту және ауыстыру;

      сымдарды жалғау;

      бақылау тірегіндегі сымдарды сынау;

      тіреулерді нөмірлеу;

      жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу (қазу, толтыру);

      қосалқы жабдықтарды дайындау және бояу (ескерту белгілерін, бағандарды тағы да басқа);

      желілерді іске қосу үшін материалдарды және арматураларды дайындау, оларды түсіру және тиеу;

      телефон аппаратын орнату, орнын ауыстыру және ауыстыру;

      радиожелілерін орнату, орнын ауыстыру және ауыстыру, дауыс шығарғышты тексеру;

      атқарылған жұмыс бойынша құжаттар жүргізу;

      кабельді желілерде: кабельдің ақауын, бұзылған жерлерін және сипатын анықтау, ақаулықтарды жою, кабельдерді тоттанудан және электр магнитті әсерлерден сақтау бойынша жұмыстарға қатысу;

      шахта үй-жайының газдануын тексеру және күн сайын журналға жазылады; кәріздің енгізілетін блоктарының арналарын бекітудің герметикалығын тексеру, арналарды бекіту, шахтаның төбе жабынындағы тұрбалардың бітелуін тексеру және басқа;

      шектен тыс ауа қысымымен жұмыс істейтін кабельдерді ұстау үшін аспаптар мен жабдықтарға қызмет көрсету;

      техникалық құжаттың көмегімен трассадағы кабельдің орналасқан жерін анықтау;

      кабельдік-кәріздік құрылыстардың сақталуына бақылау жүргізу;

      телефон аппаратын және кабельді сымдарды, "директор-хатшы", қосымша қоңырау схемасы бойынша қосымша аппараттарды, қосарланған аппараттарға арналған үзбелі розеткасыз орнату;

      бір ғимараттағы телефон аппараттарын екінші орынға жылжыту бір бөлмеден екінші бөлмеге, дәлізге шығару, қосымша телефон аппаратын орнату;

      телефон аппараттары мен шнурларын ауыстыру;

      телефон аппараттары мен НЧ-А, ВЧ-А блоктарын, абоненттік жоғарыжиілікті қондырғыларды (бұдан әрі - АЖҚ) алу;

      кірпіш қабырғаларда саңылау жасау, баспалдақ орнын тесу, қатарлап жыру;

      кірпіш және бетон қабырға бойынша 1*2 сымдарын орнату;

      кабельді сымдарды ауыстыру және ауыстырмау жолымен (1*2) абоненттік желілерді қалпына келтіру;

      таксофондар мен абоненттік пункттерде қызмет көрсетуде: таксофонның сыртқы күйіне және таксофон кабиналарын тексеру;

      таксофонның ақаулықтарын жоюға қатысу (таксофонның зуммерін тексеру, тиын салғышқа тиынның, жетонның салынуын тексеру, микротелефон тұтқаларын ауыстыру; шаң-тозаңын тазалау; тиын салғыштан тыс тиындар мен жетондарды жинау);

      абоненттік желілерді соңғы кабельді қондырғыдан бастап таксофонға дейін ұзарту;

      шеберханаларда микротелефон тұтқасын жөндеу (ТК және МК ауыстыру, шашу, жинау, микротелефон шнурын, металл шлангасын, шойын арқанды ауыстыру, микротелефон тұтқасын тексеру);

      таксофон кабиналарында электр шамдарын, сөндіргіштерін, жарық шыныларын, ілгектерді, сөрелерді, табличкаларды орнату және ауыстыру;

      таксофондарда абоненттік пункттерді жабдықтауға және қондырғылар орнатуға (Телефон кабиналарын орнату, түзету, бекіту, кабиналарды жөндеу) қатысу;

      техникалық құжаттандыру жұмысында: жер бетіндегі желілік құрылыстардың, кабельдік, ауа қоспаларын және тарату қораптарының, шағын және орта типтегі телефон құдықтарының схемалар мен паспорттарға сәйкес келуін бақылау;

      қарапайым нұсқаларды жасау;

      телефон арналарының трассаларын зерттеу, кабельдерді қалқалау;

      нарядтар бойынша шкаф кітаптарына өзгерістер енгізу;

      магистральдық және тарату кабельдерін сыңғырлату, құжаттаманы дайындау;

      өлшеу хаттамаларын өңдеу;

      техникалық құжаттаманы жаңарту;

      кабельдерді паспорттау және бірлескен көше сызбаларын жасау;

      желілердің жүруін 10000 номерге дейін жоспарлау;

      ғимараттардың қабырғалары бойынша жүретін және жасырын сымдар арналарындағы кабельдерді тексеру, олардың эскиздері (схемалары)мен паспорттарын жасау;

      паспорттар мен техникалық құжаттаманың ішкі бөлігімен сәйкестігін тексеру;

      жаңа құрылғылардың, орны ауыстырылған құрылғылардың желелік деректерін тағайындау, телефондарды алуға наряд жасау, ауыстырып қосу рапорттарын жасау және өңдеу;

      формулярларға арналған тізімдемелерді жасау;

      үлкен типті телефон құдықтарына, коллекторларға және басқа да құрылыстарға арналған техникалық құжаттама мен паспорттарды тексеру.

      74. Білуге тиіс:

      электротехника негіздері, телефондау принциптері және желілерді сынау, телефон аппаратын орнату және схемасы;

      электр көздері туралы негізгі мағлұматтар;

      қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігі ережесі;

      әуе желілерінде: әуе жолдары байланыс жүйесін орналастыру және оларды пайдалану ережелері;

      желілерді құжаттандыру жөніндегі негізгі қағидаларды, электрөткізгіш желілерін байланыс жүйесімен бірігуі;

      электрөткізгіш желілерінің әуе жолдары байланыс жүйесінің жақын жердегі жұмыс ережелері;

      ірі ағаш бағандар мен мұнаралардың негізгі типтері; оларды тағайындау; бағандарды нөмірлеу;

      кабельді желілерде: техникалық пайдалану ережелері;

      қысымы ауытқып отыратын кабельді желілерді сақтау тәртібі;

      газоанализаторды пайдалану ережесі және телефон құдықтары мен шахталарды тексеру;

      кабельдегі, тарату және ұштық құрылғылардағы жұптарды нөмірлеу;

      күзет аумақтарында желілерді қорғау ережесі және өндіріс жұмыс жүргізу тәртібі.

      СТС желілі құрылыстар мен сыммен таратуға қызмет көрсету:

      сыммен таратудың негізгі принциптері;

      радиофикация желілерін пайдалану ережелері және ауылдық телефон байланысы, үйішілік жүйені және радиотрансляция жабдықтарын орнату; абоненттік дауыс шығарғыштарды орналастыру;

      таксофондарға қызмет көрсету барысында: таксофон құрылымы және схемасы;

      таксофонды тексеруге қойылатын негізгі талаптар;

      таксофонды бақылау жөніндегі кезекші столының жұмыс тәртібі, инкассация бағыты;

      абоненттік таксофон пунктін орналастыру тәртібі;

      техникалық құжаттандыру жұмысы кезінде: желі жүйелерін есепке алу және құжаттандыру;

      кітапты енгізу тәртібі; әр түрлі құдықтардың құжатын құрастыру және тексеру ережелерін (арнайы, үлкен, кіші);

      телефонды орнату және орнын ауыстыру, алып тастау құжаттарын ресімдеу тәртібі.

      Параграф 2. Электр байланысы және сыммен тарату желілік құрылыстарының электромонтері, 4-разряд

      75. Жұмыс сипаттамасы:

      әуе желілерінде: магистральді және облыс аралық байланыс желілерінде, 480 вольтқа (бұдан әрі - В) дейін фидерлі радиотрансляциялық желілерде, электр желілі сымдары бар бірлескен ілмекті үйішілік желілер мен көп бағдарлама тарататын радиотарату көздерінде, ауылдарда телефон байланысындағы бірлескен радиоландыру желілерінде абоненттік желілерде бұзылудың алдын алу және техникалық пайдалану жұмыстарын жүргізу, жүйесі сымдарын тарту арқылы жұмыстар жүргізу;

      күрделі ағаш тіреулерді ауыстыру (бұрыштама), жартыанкерлі, кабельді);

      сымдарды бекіту және тұрақтандыру, сымдарды тарту;

      рессорлық байламды орналастыруға және тоғысуларды монтаждауға қатысу. АВУ аппаратурасымен бекітілген абоненттік қондырғылардың бұзылуын болдырмау (өшіруді реттеу, құрылғыларды ауыстыру);

      әуе желілерін қалпына келтіру;

      үнемі ток келіп тұратын электр желілерін өлшеу;

      кабель жапсырмаларды, қорғаныш және жалғаушы құрылғыларды жұмыс істеп тұрған күйінде ұстау;

      әуе және кабель жапсырмалары бар, бағана және тұғыр желілердегі абоненттік пункттегі бұзылудың алдын алу және себебін анықтау;

      әуе желілерінің, кабельді және әуе жолдарының эскизін құру арқылы желі құрылыстарының жоспарын құрастыру, таратқыш қораптарын іске қосу;

      телефон аппараттарындағы бұзылуды болдырмау, диодты-триодты орындар мен блоктауыштарды тексеру;

      кабельді желілерде: кабель іздегіштің көмегімен кабельдің орналасу тереңдігін және жолын анықтау;

      үнемі тоқтың күшімен кабельді электрлі өлшеу, жерге орналасу қондырғыларын өлшеу;

      тарату шкафтарындағы кроссировкаларды орналастыру және реттеу бойынша коммутациялық жұмыстарды орындау;

      телефон аппаратын және тікелей токты орнату, балқытылған телефон аппараттарын диодты-триодтарға жалғанатын кабельді және әуе желілерінде, жұмыс істеп тұрған телефон аппараттарын қосақтау;

      телефон аппараттарын диодты-триодтарға жалғау арқылы қосақтай отырып, әуе желілерінен басқа ғимаратқа ауыстыру. ВЧ-А, АВУ блогын бір бөлмеде, бір ғимаратта орналастыру;

      таксофондарда қызмет көрсету барысында: таксофондардың бұзылуының алдын алу әдісі арқылы тексеру және қызмет көрсету, ағымды жөндеу жұмыстары (таксофонның ішкі күйін тексеру, гайкаларды, болттарды тарту); алынатын блоктарды, нөмір тергіштерді ауыстыру; блоктардың механикалық бұзылуын жөндеу;

      байланыстағы таксофондарды ауыстыру;

      жаңа таксофонды құру және ауыстыру;

      таксофонның ұрланған заттарына және бөлшектеріне акт жасау;

      тиын салғыштарды ауыстыру;

      таксофонның сыртқы корпусы мен тиын салғыштарын қарапайым дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу арқылы орындау, тиын салғыштарды ауыстыру;

      тиын және жетон салатын машиналарға қарапайым жөндеу жұмыстарын жүргізу;

      техникалық құжаттандыру жұмысында: абоненттік пункттер мен желілі құрылыстарда қайтадан қалпына келтіру және күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарының техникалық құжатын құру;

      техникалық құжаттарды құрастыру және тексеру, желілердің жүруін 30000 номерге дейін жоспарлау, телефон канализациясының, коллектор схемасының құжатын дайындау, магистральді кабельдердің және станция аралық кабельдердің құжатын дайындау (МСК);

      желілі құрылыстардың өзгеруіне түгендеу анықтамаларын дайындау;

      шкафты аудандардың және телефон канализациясының жалпы схемасын дайындау;

      магистральдық жүйенің және автоматты телефон станциясының (АТС), станция аралық байланыс жүйесінің жалпы схемасын дайындау;

      жаңа телефон құрылыстарын енгізуде техникалық құжаттарды қабылдау және тексеру.

      76. Білуге тиіс:

      телефон және алыс байланыс негіздері;

      телефон аппараттарының монтажды схемасы;

      блокаторлар мен диодты-триодты орындар (бұдан әрі - ДТП), әуе және кабель желілерін электрлік өлшеу қондырғылары мен жұмыс принциптері;

      қызмет көрсететін әуе және кабельді желілердің негізгі электрлік параметрлері;

      әуе және кабельді желілердің бұзылуын іздеу және өлшеу;

      кабельді монтаждау және тығындау, әуе желілерін жөндеу ережелері және сымдарды қалпына келтіру;

      кабель іздегіштердің жұмыс принциптері, қауіпсіздік техникасы ережелері және еңбекті қорғауды, өрт қауіпсіздігі ережелері;

      сыммен таратудың желілік құрылыстарында қызмет көрсету барысында: көп бағдарламалы дауыс шығарғыштарды орнату және жұмыс принциптері; көп бағдарламалы хабарлардың және ауылдық телефон байланысының желілік ерекшелігі;

      таксофондар жұмысы қызметінде: таксофондардың монтаждық схемасы;

      таксофондардағы ақаулықтарды жою тәртібі туралы нұсқаулық; таксофонды бақылау жөніндегі бақылау столының жұмыс тәртібі;

      таксофондардың жоғалу актілерін ресімдеу тәртібі;

      техникалық құжаттандыру жұмысында: байланыс жүйесі құрылыстарын есепке алу бойынша негізгі қағидаларды және құжаттандыру;

      телефон жүйесін құру ережелері, жаңа телефон құрылыстарын іске қосу кезінде техникалық құжаттарды ресімдеу тәртібі.

      Параграф 3. Электр байланысы және сыммен тарату желілік құрылыстарының электромонтері, 5-разряд

      77. Жұмыс сипаттамасы:

      әуе желілерінде: электр тасымалдаудың байланыс желілерімен және электр тарату желілерімен түйісетін, ауыспалы токпен жұмыс істейтін теміржолдардың әсер ету аймағында орналасқан әуе желілеріне және жөндеу абоненттік желілерде, абоненттік жоғары жиілікті құрылғылары (бұдан әрі - АЖЖҚ) аппаратурасымен тығыздалған абоненттік құрылғыларда; көп бағдарламаны тарататын 960 В желіге дейін фидерлі желілерде пайдаланушылық-техникалық қызмет көрсету;

      әуе желілерін демонтаждау;

      сымдарды тоғыстыруды монтаждау және қайта құрастыру;

      жұмыс істеп тұрған ескі желілерді жаңа желіге ауыстыру;

      желілі-абоненттік құрылыстарды пайдалануға беруге қатысу;

      желілі құрылыстарды салуды және қалпына келтірілуді техникалық қадағалау;

      кабель желілерінде: кабель желілерін және таратқыш, бөлгіш кабель жабдықтарын техникалық-пайдаланушылық қызмет көрсету;

      түзету желісі болмаған жағдайда кабельдің бүлінген жерін айқындау;

      ауылдық кабельді байланыс пен радиофикация кабельдерін монтаждау;

      ауыспалы тоқты кабельдерді электрмен өлшеу; ақаулы ведомостар жасау;

      жер асты кабельдерінің тоттанудан қорғау үшін қорғаныс жұмыстарын жүргізу, монтаж, тұрақтандыру және кабельді белгілі бір қысымда ұстау;

      көлемі 600 жұпқа дейінгі тікелей жалғанған (ТЖ) кабельді монтаждауға, НУП жабдығындағы ақаулықтарды жою жұмыстарына қатысу;

      жаңа абоненттік пункттерді жабдықтау;

      АЖЖҚ орнату және баптау, катод станцияларын және күшейтілген электрұстағыштарды жөндеуге қатысу;

      ВЧ-А, НЧ-А, АЖЖҚ блоктарын қосу арқылы екі телефонды жалғау ВЧ-А немесе НЧ-А, АВУ блоктарын қосу арқылы бірінші телефоннан екіншісін жалғау; ВЧ-А немесе НЧ-А, АЖЖҚ блоктарын қосу және диодтық-триодтық жапсырманы арқылы екі қос телефонды жалғау;

      қосымша телефон аппаратын орнату және телефонға қосымша розетка орнату;

      АВУ аппаратурасы арқылы және ВЧ каналы арқылы жұмыс істейтін қосымша телефон аппаратын орнату және телефонға қосымша розетка орнату. ВЧ-А немесе НЧ-А, АВУ блогына телефон аппаратын қосу;

      телефон аппараттарын, блокираторларды жөндеу;

      таксофон жұмысында: бекітілген аумақта таксофон ақаулықтарының барлық түрлерін жою (алмалы-салмалы блоктың электр бөлігіндегі ақаулықтарды жою, оны реттеу және тағы басқа);

      таксофондардың табыстылығын арттыру бойынша іс-шараларға қатысу (түсімі аз таксофондарды анықтау және оларды басқа жерге орнату бойынша ұсыныстар беру);

      таксофондардың абоненттік пункттерінде ағымдағы жөндеу және күрделі жөндеу бойынша басқа учаскелердің қызметкерлері орындайтын жұмыстарды қабылдауға қатысу;

      шеберханада таксофонның барлық жүйе түрлерін жөндеу;

      абоненттік пункттерде қондырғылар орнау және қызмет көрсету;

      таксофонның ұрланған заттарына және бөлшектеріне акт жасау (электрмен жарықтандыру және күзет сигнализациясын жөндеу, көтергіш механизмдердің көмегімен таксофон кабиналарын тиеу және түсіру);

      тиын мен жетондарды есептеуге арналған электромеханикалық машиналар мен кассалық аппараттарды жөндеу;

      техникалық құжаттандыру жұмысында: желі құрылыстарын және абоненттік жабдықтарды тексеру бойынша жоспар құру;

      желі байланысы құрылыстары жұмысының ақаулығына ведомость құру;

      қайтадан қалпына келтіруге немесе күрделі жөндеуден өтуге жататын жаңа жолдарға тексеру жүргізу;

      бекітілген желілік құрылыстардың техникалық жай-күйін бақылау;

      ерекше күрделі байланыстарды (НС, АВУ, телекс) орнату үшін деректерді дайындау. пайдалануға жаңадан енгізіліп отырған немесе күрделі жөндеуден кейінгі желілік құрылыстарды қабылдауға және игеруге қатысу.

      78. Білуге тиіс:

      әуе желілерінде жұмыс жүргізу кезінде: байланыс желілерін электр тарату желілерімен, электркөлігінің байланыс желілерімен тоғысқан кезде жұмыстарды жүргізу ережесі;

      әуе желілерін және абоненттік пункттердің құрылысына қойылатын талаптар, сымдардың мақсаты және оларды тоғыстыру ережесі мен абоненттік радио ұзартқыштарының жұмыс принциптері;

      абоненттік-желілік қондырғыларды қабылдау ережесі мен нұсқаулығы;

      кабельді жүйелерде: өлшеу аспаптарының схемасы және ток қолдану арқылы кабельді өлшеу аспаптары, өлшеу барысындағы электр нормасы; кабельді тоттанудан қорғау құралдары; кабельді пайдалануға беруді қабылдау туралы нұсқаулық және ереже; жер асты құрылыстарын тоттанудан сақтау әдістерін;

      таксофондар жұмысында: монтаждау схемасы, таксофондарды механикалық және электрлік тұрақтандыру;

      жиналған ақшаларды тасымалдау механизмдері мен машиналарының құрылысы;

      техникалық құжаттандыру жұмысында: жаңа құрылыс трассаларын зерттеу ережесі; жаңадан құрылған және қайта құрастырылған желілік құрылыстарды қабылдау тәртібі;

      қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережесі; өрт қауіпсіздігі ережелері.

      Параграф 4. Электр байланысы және сыммен тарату желілік құрылыстарының электромонтері, 6-разряд

      79. Жұмыс сипаттамасы:

      әуе желілерінде: трассаның күрделі учаскелеріндегі әуе желілеріне (кабель жалғанған, кабельді қорғаудың электродренаж және басқа да құрылғыларымен жабдықталған және басқа), трассалық бейіні күрделі, қашықтықтан қоректендіре отырып, тарату жүйелерімен тығыздалған ауылдық телефон байланысының жалғау желілеріне; кернеуі 960 В және жоғары фидерлі радиофикация желілеріне, көше дыбыс таратқыштарын және тәжірибелік учаске желілеріне пайдаланушылық-техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

      желілердің негізгі өлшемдерін есептеу;

      көп бағдарлама тарату кезінде желілердегі ақаулықтардың орны мен сипатын анықтау;

      радио ұзарту жабдықтарына қызмет көрсету;

      байланыс желілеріндегі ақаулықтардың орны мен сипатын импульстік әдіс арқылы анықтау;

      сымдарды түйістіру схемаларын жасау;

      жаңа құрылыстардың және қайта құрылуға тиіс желілердің эскизін тексеру және құрау;

      әуе желілері мен ВЧ аппаратурасымен тығыздалған кабельдерді ауыспалы токпен электрлік өлшеу;

      жөнделген желілік-абоненттік қондырғыларды пайдалануға беру;

      кабельді жүйелерде: кіріспе кабель жабдықтарын монтаждау және жөндеу;

      электродренажды орнату және іске қосу, 600 жұптан астам көлемді кабельді, талшықты-оптикалық кабельді монтаждауға, НКП жабдықтарының бұзылуын жоюға қатысу;

      кабельді байланыс желілерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

      тарату желілерін қалааралық байланыс кабельдерінде авария болған кезде түрлі жұмыс режимдеріне ауыстыру үшін тізбектерді НУЦ-қа коммутациялау;

      төмен жиілікті кабельдерді үйлестіру;

      талшықты-оптикалық байланыс желілерін өлшеу;

      телефонды жаңадан орнату, электр тасымалдау және 1000 В дейінгі электр өткізу желілерінің байланыс желілерімен тоғысқан кезде әуе желісінен ауыстыру;

      абоненттердегі барлық жүйедегі телефон аппараттарын орнату, қызмет көрсету және жөндеу;

      қабылдауды күшейткіші мен электрондық шақырту құрылғысы бар телефон аппараттарын (шеберханада) жөндеу;

      желілік құрылыстарға, абоненттік құрылғыларға, әуе және кабельді желілерге пайдаланушылық-техникалық қызмет көрсету, жөндеу және дамыту бойынша барлық жұмыс түрлерін орындайтын электромонтерлерді басқару;

      таксофондар жұмысы қызметінде: автоматты қашықтықтан бақылау жүйесіне кіретін таксофондарға, қалааралық таксофондарға қызмет көрсету және ақаулықтарын жою;

      күзет сигнализациясына қызмет көрсету және жөндеу;

      таксофон кабинасындағы азайту трансформаторларын жөндеу;

      автоматты қашықтықтан басқарудың бақылау күшейткіштерімен жабдықталған таксофондарды (шеберханада) жөндеу;

      таксофондар мен абоненттік пункт жабдықтарына пайдаланушылық-техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша барлық жұмыс түрлерін орындайтын электромонтерлерді басқару;

      техникалық құжаттандыру жұмысында: ерекше күрделі құрылыстар мен жабдықтарды тексеру және паспорт жасау;

      жаңа АТС-ті іске қосу жобаларын әзірлеу үшін жобалау ұйымдарына бастапқы деректерді дайындау. жаңадан салынған немесе күрделі жөндеуден өткен желілік құрылыстарды қабылдау;

      көп арналы жүйелердің жобаларын пайдалануға енгізу кезінде техникалық құжаттаманы тексеру;

      көп арналы жүйелердің жобалары және АТС желілік құрылыстары бойынша техникалық есепке алу АСУ-дың деректер банкіне ақпаратты енгізу.

      80. Білуге тиіс:

      желілік-абоненттік құрылыстарды орнатуға, пайдалану және жөндеуге қатысты ережелер мен нұсқаулықтар, жаңадан салынған, қайта құрылған және жөнделген желілік-абоненттік құрылыстарды қабылдау тәртібі, импульстік техника, электроника, радиотехника негіздері, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігі ережелері;

      әуе желілерінде: темір жолдар, автотрассалар және электр таратушы желілер арқылы әуе жолдарының күрделі өткелдерінің құрылысы, дала дыбысталуын басқарудың күрделі өлшеу және коммутациялық құрылғыларының схемасы, желілердің негізгі параметрлерін есептеу тәртібі және сымдарды тоғыстыру схемаларын құру, әуе желісі кабелін өлшеу әдістері және схемасы;

      кабельді жүйелерде: кабельдің бірінші және екінші параметрлері, кабельдерді симметриялау әдістері;

      өлшеу әдістері және кабельдің бұзылған жерін анықтау;

      таксофондар жұмысы қызметінде: таксофондардың барлық түрінің схемасы және құрылысы;

      техникалық құжаттандыру жұмысында: аса күрделі құрылыстарды тексеру ережесі және құжат құрастыру.

      Параграф 5. Электр байланысы және сыммен тарату желілік құрылыстарының электромонтері, 7-разряд

      81. Жұмыс сипаттамасы:

      жергілікті байланыс жүйесін электронды жабдықтау, қондырғылар орнату және жөндеу жүргізу;

      қорғаныс қондырғыларына электронды сызбалармен монтаж жасау;

      электронды схемалары бар телефон аппараттарындағы ақаулықтарды жөндеу;

      электроника элементтері бар (жарық индукциясы, ұзақ есте сақтау, қабылдау және жөнелту құралдарын күшейткіш) телефон аппараттары мен таксофондарда (шеберханада) жөндеу;

      бақылау тізбектерін, платалардың барлық түріне жөндеу жүргізу.

      82. Білуге тиіс:

      электроника және импульсты техника негіздерін;

      жергілікті байланыс желісіне қосылу тәртібі;

      құрылым схемасы және электронды элементтері бар телефон аппараттарының жұмыс принциптері;

      жөнделетін аппараттардың құрылымдық ерекшелігі, оларды жөндеудің техникалық шарттары;

      қауіпсіздік техникасы ережелерін және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері.

      14. Жерасты құрылыстары және байланыс коммуникациясының электромонтері

      Параграф 1. Жерасты құрылыстары және байланыс коммуникациясының электромонтері, 3-разряд

      83. Жұмыс сипаттамасы:

      телефон кәрізі тексеру қондырғыларын тазалау;

      кіші жөндеу жұмыстары, қабырғаларды сылау, жарылған жерлерін сылау, төменгі шатырды ауыстыру;

      металл қондырғылары мен тексеру орындарын, шахталары, коллекторларды жөндеу, ауыстыру және бояу;

      телефон кәріздерін жөндеуде қолданылатын ерітінділерді дайындау;

      кабельдің ұшын уақытша бітеу, белгі беру нышандарын орнату;

      бронды кабельдерді бітеу жұмыстарын атқару және кабельді телефон канализациясына тарту;

      материалдар мен инструменттерді түсіру, тиеу, тасу;

      тексеру қондырғыларын ашу құдықтарды желдету;

      дәнекерлегіш лампаларды толтыру және жағу, кабель массасын қыздыру.

      84. Білуге тиіс:

      кабель маркасы, телефон құбырларының, кронштейндердің, консольдердің типтері, тиеу ережелері;

      барабанды кабельмен бірге арту және телефон құдықтарының қондырғылары және канализация;

      телефон канализациясы және құдықтар құрылысын орындау кезінде жерге орналастыру;

      механикаландырылған заттарды қолдану ережелері;

      бетон ерітінділерінің рецептурасы және жасау ережесі;

      шолу құрылғыларына және кабельдерді енгізу үй-жайына газдың түсуі туралы ескерту ережесі;

      газоанализаторлардың, газ жандырғышын, дәнекерлеу лампаларының құрылысы және оларды қолдану ережелері;

      қорғасын және броньдалған желілерді пайдалану ережелері;

      дәнекерлеу лампасының және газ жандырғышының жұмыс режимі, кабель массасының жылыту дәрежесі.

      Параграф 2. Жерасты құрылыстары және байланыс коммуникациясының электромонтері, 4-разряд

      85. Жұмыс сипаттамасы:

      Кәріз құрылыстарына пайдаланушылық-техникалық қызмет көрсету (құдықтар мен кәріздерді тексеру және жөндеу; ақаулықтарды жою; телефон кәріздері арналарын тазалау және тексеру);

      кірпіш қораптарын, шағын және орта типтегі құдықтарды қалау, темір-бетон құдықтарын жинау;

      12 каналға дейінгі блоктарда телефон кәрізі блоктарын салу және қосымша тарту;

      арналарда телефон канализациясының кабелдерін мөлшері 60 жұпқа дейінгі қолмен және механикаландырылған тәсілдермен тарту;

      коллекторларда, лотоктарда, траншеялар мен тоннелдерде 600 астам телефон кабелін тарту жұмыстарына қатысу;

      кабель ұштарын дәнекерлеу және қалайылау;

      құрылыс ұйымдарының қорғалатын аймақтарды жұмыс істеген кезде қазу ережелерін орындауын қадағалау.

      86. Білуге тиіс:

      телефон және кабель кәрізін тарту, тексеру және жөндеу, блоктар мен құбырларды ілу, өткізу, түсіру бойынша, коллекторларда, тоннелдер мен траншеяларды кәрізге кабель тарту бойынша жұмыстардың технологиясы;

      кабель кәрізін пайдалану бойынша жұмыстар кезінде қолданылатын механизмдердің, аспаптардың және құралдардың құрылысы мен мақсаты;

      тартуға арналған кабельдерді бітеу түрлері;

      шолу құрылғыларында салу кезінде пластмасса кабельдердің қабатын тәсілдері;

      алюминий және болат қабаттары бар кабельдерді салу ережесі;

      кабельдерді барабанда сақтау ережесі, жерді қазу жұмыстары жүргізілетін учаскелерді күту ережесі, кәріз құрылыстарының техникалық құжаттамасы мен паспорттау, материалдарды есептен шығару тәртібі.

      Параграф 3. Жерасты құрылыстары және байланыс коммуникациясының электромонтері, 5-разряд

      87. Жұмыс сипаттамасы:

      12 арнадан жоғары телефон канализациясын ілу және блоктарды түсіру;

      телефон бөлу шкафтарын орнату. 600 жұптан астам телефон кабелі кәрізін коллекторларда, лотоктар мен тоннельдерде, траншеяларда салу және тарту;

      талшықты-оптикалық кабельді кәрізге тарту;

      кабельдердің жарамдылығын сақтай отырып, түрлі көлемді кабельдерді кәрізден тарту;

      кірпіш үлкен арнайы және бұрышты темір бетон құдықтарды қалау;

      үлкен арнайы және бұрышты темір бетон құдықтарды құрастыру;

      кабельді телефон кәрізін орны-орнымен салу және жөндеу;

      құдықтарды гидрооқшаулау жұмыстарын атқару;

      кабель кәрізін күрделі жөндеу;

      телефон кәрізін салу, жөндеу және құрастыру жұмыстарында қолданылатын механизмдер мен құралдарды жөндеу.

      88. Білуге тиіс:

      үлкен үлгідегі құдықтарын құрылысы;

      арнайы үлгідегі телефон құдықтарын монтаждау және қалау технологиясы;

      көпір фермалары бойынша телефон кәрізін салу және жөндеу бойынша жұмыстарды өткізу ережесі;

      шолу құрылғыларын гидрооқшаулау үшін қолданылатын гидрооқшаулау материалдарының түрлері;

      ақаулы барабандардан кабельді қайта орау және кабельді қайта қалқалау ережесі;

      кәріздік-кабельдік құрылыстарды пайдалануға қабылдау ережесі.

      15. Электр қондырғыларын жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электромонтер

      Параграф 1. Электр қондырғыларын жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электромонтер, 3-разряд

      89. Жұмыс сипаттамасы:

      электр қондырғыларды, түрлі үлгідегі қозғалтқыштарды, генераторларды, түзеткіштерді, коммутациялық құрылғыларды, инверторлар, зарядтау-разрядтау және күш қалқандарын, ауа желдеткіш және салқындатқыш жүйелерін ағымдағы қызмет көрсетуге қатысу;

      аспаптардың көрсеткіштерін қадағалау;

      жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жекелеген белгілері және көрсеткіштері бойынша айқындау;

      күш жабдықтарын, коммутаторлық құрылғылардағы, жарық беру электр желісіндегі күрделі емес ақаулықтарды жоюға қатысу;

      жабдықтардың жекелеген тораптарын ішінара бөлшектеу және тазалау;

      аппаратураның жекелеген бөліктерін, тарату желісі жабдықтарын және статор обмоткалары мен электр қозғалтқыш роторларының кедергісін мегаомметрмен тексеру;

      тарату қорабында сымдарды бөлуге, өру, оқшаулау және дәнекерлеуге қатысу;

      сигнал беру электр аспаптарын орнату және реттеу;

      электр сигнал беру аспаптарын орнату және реттеу;

      аккумуляторларға ағымдағы қызмет көрсетуге қатысу; аккумуляторлық батареяларды тексеру; стерилденген су құйып отыру, электролиттің тығыздығын, жекелеген элементтердің кернеулігі мен температурасын өлшеу; ыдыстарды, стеллаждарды тазалау, оларды сода ерітіндісімен шаю; біріктіру жолдарын, бұрмаларды және аккумулятор батареяларды тазалау; шиналарды тазалау, бояу және оларды техникалық вазелинмен майлау;

      қызмет көрсетілетін жабдықтарды жоспарлау-алдын ала жөндеуге қатысу;

      электрмен жарықтандыруды монтаждау жұмыстарын орындау: күрделі емес жарық беру арматурасын, ажыратқыштарды, штепсельді розеткаларды, қабырға патрондары мен өнеркәсіптік прожекторларын зарядтау және орнату, люминесцентті шамдардағы дроссельдерді, іске қосатын аппаратураны ауыстыру;

      орындалған жұмыс жөніндегі техникалық құжаттаманы жүргізу.

      90. Білуге тиіс:

      жылу техникасы және электр техникасы жөнінде қарапайым мәліметтер;

      қозғалтқыштардың, генераторлардың, аккумуляторлардың, түзеткіштердің, күш және зарядтау-разрядтау қалқандарының жұмыс істеу принциптері;

      өлшеу аспаптарының құрылымы және қызметі;

      мегаомметрлердің, ампервольтомметрлердің жұмыс істеу қағидаты;

      аккумуляторлы батареялардың құрылымы туралы және жұмыс режимі туралы негізгі мәліметтер;

      қышқыл, сілтілерді сақтау және оларды ұстау қағидалары, оларды сыртқы түріне және де басқа да белгілеріне қарай айқындау тәсілдері;

      сымдарды ұзарту және дәнекерлеу тәсілдері;

      жоспарлау-алдын ала жөндеу түрлері, оларды жүргізу мерзімдері;

      қызмет көрсетілетін электр құрылғыларын техникалық пайдалану қағидалары;

      электр тұтыну бойынша басшы және директивті көрсетілімдер, электр энергиясын шығындау нормалары;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидасы, өртке қарсы қауіпсіздік қағидасы.

      Параграф 2. Электр қондырғыларын жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электромонтер, 4-разряд

      91. Жұмыс сипаттамасы:

      электр қондырғыларды, түрлі үлгідегі қозғалтқыштарды, генераторларды, түзеткіштерді, коммутациялық құрылғыларды, инверторлар, зарядтау-разрядтау және күш қалқандарын, ауа желдеткіш және салқындатқыш жүйелерін пайдалану-техникалық қызмет көрсетуге қатысу;

      электр қондырғыларды жұмысқа даярлау және іске қосу, жұмыстың оңтайлы режимдерін ұстап отыру, оларды жұмыстан ажырату;

      электр қозғалтқыш іске қосу-реттеу аппаратурасын және тарату құрылғылары жабдықтарына қызмет көрсету;

      қызмет көрсетілетін учаскеде орнатылған электр жабдықтардың жүктелуін реттеу;

      орташа күрделіктегі тәсімдері бар күш және жарық беру электр құрылғыларына қызмет көрсету;

      қыздыру лампасы бар күрделі жарық беру арматурасын (жарылыс өтпейтін) зарядтау және қызмет көрсету, люминесцентті шамдарды орнату;

      күш және жарық беру электр желілеріндегі ақауларды жою;

      күш және сигнал беру кабельдерін орнату, оларды бөлу;

      сымдарды ажырату, ұзарту, оқшаулау, дәнекерлеу;

      күш және жарық беру желілерінің оқшаулау кедергісін тексеру;

      жерлендіру кедергісін өлшеу;

      аккумулятор батареялардың элементтеріндегі зақым келген жерлерін анықтау және оларды жою;

      кернеуде тұрған батареяларды жөндеу кезінде жекелеген элементтерді істен ажырату рәсімін жасау;

      бекітілген рецептура бойынша электролит әзірлеу; жұмыс істейтін батареялардың элементтерінен қақты алып тастау;

      батареяларды қалыптау және бақылау зарядтарын және разрядтарын жүргізу;

      аккумуляторлық батареялардағы электролиттерді ауыстыру;

      науашалардың, кабельростардың және тағы да басқа құрылысы;

      жабдықтарды орнату және бекітуге арналған металл құрылымдарды монтаждау;

      сыртын тексеруге, жабдықтарды монтажға қабылдауға, жабдықтарды құрастыруға, оны тегістеуге қатысу;

      электр қоректену құрылғыларын күрделі жөндеуге қатысу.

      92. Білуге тиіс:

      электр техникасы және жылу техникасы негіздері;

      электр құрылғыларының құрылымы, конвертерлердің, инверторлардың жұмыс рәсімі;

      жабдықтардың жұмыс режимдері, қызмет көрсетілетін жабдықтардың конструкциялық құрылымы мен аккумулятор батареяларының жұмыс принципі;

      ток разрядтау көлемі мен электролиттің температурасына қарай аккумулятор батареялардың түрлі үлгісіндегі электролит әзірлеу қағидасы;

      аккумуляторлық батареялардың қосымша элементтері коммутация жүйесін басқару тәсімдері;

      қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау қағидасы, өртке қарсы қауіпсіздік қағидасы.

      Параграф 3. Электр қондырғыларын жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электромонтер, 5-разряд

      93. Жұмыс сипаттамасы:

      әр түрлі типтегі электр қоректендіргіш жабдықтарды күту және ағымдағы жөндеу;

      түзеткіштегі, автоматты және қашықтықтан басқару жабдықтарындағы ақаулықтарды жою;

      ЭПУ жұмыс режимі өзгерген кезде жедел қайта қосу және резервтік құрылғыларды түпкілікті іске қосу;

      электр қондырғыларын электрлік тексеру және негізгі параметрлерін өлшеу;

      орталықтан бақылау пульттерінің жұмысқа қабілеттілігін тексеру;

      ток бөлу қалқандарын қосу схемасы күрделі, күшті және жарықтандыру электр қондырғыларына, трансформаторлық шағын станциялардың жабдықтарына қызмет көрсету.кернеуін азайтпай бөлу құрылғыларында жұмыстарды орындау;

      қорғаныш құралдарын сынау;

      екінші коммутация және релелік қорғау схемаларын бөлшектеу және құрастыру (максималды ток, дифференциалды және тағы басқа);

      аккумуляторлық батареялар, аккумуляторларға қызмет көрсету және жөндеу бойынша күрделі жұмыстарды орындау;

      автоматты реттелетін статикалық конденсаттардың қондырғыларын тексеру және қызмет көрсету, аккумуляторлық батареяларды құрастыру;

      оларды қалыптау және пайдалануға енгізу; бақылау зарядтарын, разрядтарын жүргізу; қалыңқы элементтерін жеткізіп қалыптау; дистильдегіштерді жөндеу;

      электр ысырмаларының атқарушы механизмдері мен клапан-реттегіштерді реттеу;

      аккумулятор ұяшықтарындағы қысқа тұйықталуды жою, белсенді банка массасы бар пластиналарды ауыстыру;

      электролиттің химиялық құрамын түзету;

      күзет-өрт сигнализациясы мен сағат қызметі;

      ЭПУ-ды күрделі жөндеу, дамыту, жетілдіру бойынша жұмыстарды орындау.

      94. Білуге тиіс:

      автоматты қондырғыларды орнатуды және жұмыс принциптері;

      жабдықтардың электр схемасы;

      негізгі электр нормалары, оларды тексеру параметрлері мен әдістері;

      отандық және шетелдік әр түрлі аккумулятор батареяларының құрылғыларын орнату және жұмыс принциптері;

      қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігі ережелері.

      Параграф 4. Электр қондырғыларын жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электромонтер, 6-разряд

      95. Жұмыс сипаттамасы:

      логикалық элементтерінің схемалары күрделі кепілді қорек көзі автоматтандырылған, үздіксіз қоректену агрегаттары, тиристорлық кілті бар электр қондырғыларына қызмет көрсету және жөндеу, электромеханикалық қорғанышы бар трансформаторлық шағын станциялары бар секциялық автоматтарды жөндеу;

      жабдық жұмысының сапалық көрсеткіштерін және қорғау құралдарын электрлік өлшеу арқылы коммутация, басқару, бұғаттау және сигнализация жүйесіндегі күрделі ақаулықтарды жою;

      барлық үлгідегі түзеткіш құрылғыларын, желдеткіш қондырғыларын және тоңазыту компрессорларының электр жабдықтары бөлігін жөндеу;

      бақылау-өлшеу аспаптарын және өлшеу электр қондырғылары мен трансформаторларды ауыстыру.бастапқы және қайталама коммутациялы және қашықтықтан басқару схемасы өте күрделі өндірістік учаскелерге қызмет көрсету;

      қысым астындағы аккумуляторлық батареяларды жөндеу кезінде жекелеген элементтерді сөндіру схемасын құру;

      электр жабдықтарын, желдеткіш жұмысын автоматты реттеу жүйесін реттеу және жаттықтыру;

      қоймаға келетін жабдықтарды бақылау бойынша жұмыстарды орындау;

      жабдықтардың зауыттық ақаулықтарын немесе тасымалдау кезінде пайда болған ақаулықтарын анықтау кезінде рекламация дайындауға қатысу;

      ЭПУ қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды орындайтын электромонтерлерге басшылық жасау.

      96. Білуге тиіс:

      электр жабдықтары мен электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережесі;

      электр қондырғыларының күрделі үлгілеріне жататын барлық жабдықтардың құрылымы мен жұмыс принциптері, соның ішінде кепілді өнімдер көздері;

      электротехникасы негіздері, телебасқару схемасы, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелері;

      өрт қауіпсіздігі ережелері.

      Параграф 5. Электр қондырғыларын жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электромонтер, 7-разряд

      97. Жұмыс сипаттамасы:

      логикалық элементтерінің схемалары ерекше күрделі электрондық өлшеу, электрондық телемеханика және телебасқару құралдарын пайдалана отырып, автоматтандырылған электр қондырғыларына (түзеткіштерге, түрлендіргіштерге, дизельгенераторларға және тағы басқа), электрондық қорғанышы бар ТП секциялық автоматтарына қызмет көрсету және жөндеу, электромеханикалық аспаптар мен жоғары вольтті ажыратқыштарды реттеу;

      сынақ электр қондырғыларына қызмет көрсету, автоматтандырылған электр қондырғыларын баптау, резервті автоматты қосу құрылысы, температура мен жиілікті реттеудің электронды құрылғысын жөндеу;

      тапсыру функцияларын айтарлықтай білікті есептей отырып, автоматиканың электрондық құрылғыларының блок-схемасын құрастыру;

      есептеуіш техниканың жұмысына әсер ететін ауыспалы және тұрақты ток желісінің сапалық көрсеткіштерін осциллографты, үйлесім анализаторын, жиілікті өлшеуішті пайдалана отырып күрделі өлшеу, көрсеткіштерді нормаға дейін жеткізудің техникалық іс-шараларын айқындау;

      автоматтандырылған диэлектрлік станцияларға қызмет көрсету, жөндеу және баптау;

      жаңадан монтаждалатын электр қондырғыларына жобалық құжаттамамен жұмыс істеу, белгіленген талаптарға сәйкес блок-схема әзірлеу.

      98. Білуге тиіс:

      автоматты реттеу тәсілдері;

      санды, аналогты және интегралды схемаларды, микросхемаларды статикалық электрден қорғау шаралары, пайдаланатын электр қондырғыларына қойылатын талаптар мен ЭПУ мен желінің параметрлері;

      ЭПУ-дің бастапқы және қайталама схемалары;

      электр қондырғылардың барлық құрылғыларының схемалары (кернеуді тұрақтандырғыш, жартылай өткізгіш түзеткіштердің схемалары);

      телебасқару схемалары және оларды салу тәсілдері;

      өлшеу техникасының аспаптары, олармен жұмыс істеу, электроника, автоматика және электрмен жабдықтау теория негіздері;

      қауіпсіздік техникаcы ережелері және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері.

      16. Сыммен тарату станция жабдықтарының электромонтері

      Параграф 1. Сыммен тарату станция жабдықтарының электромонтері, 3-разряд

      99. Жұмыс сипаттамасы:

      күшейткіштердің біржолғы қуаты 0,1 киловатты қоса алғанда (бұдан әрі – кВт) радиотарату тораптардың жабдықтарын тексеру, қосу, сөндіру, коммутациялау, жұмыс режимін бақылау (қашықтықтан басқару станциялары мен шағын станцияларын қоспағанда);

      қарапайым ақаулықтарды (мысалдар қызмет көрсетілетін аппаратураға құжаттамасында көрсетіледі) анықтау және жою;

      шығатын желілердің параметрлерін өлшеу;

      пайдалану құжаттамасын жүргізу.

      100. Білуге тиіс:

      сыммен таратудың жалпы қағидаттары;

      радиотарату тораптарының құрылысы, радиоқабылдау қондырғыларының және төмен жиілікті күшейткіштердің жұмысы туралы жалпы түсінік;

      жабдықтардың жұмыс режимі және қызмет көрсету тәртібі;

      іштен жану қозғалтқыштарының құрылысы және пайдалану туралы негізгі түсініктер (радиотарату тораптарының электр станцияларының қашықтықтан басқару болған жағдайда);

      монтерлік өлшеу аспаптарының мақсаты мен құрылысы;

      радиотарату тораптарын техникалық пайдалану ережесі;

      электро техника және радиотехниканың қарапайым негіздері;

      қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздік ережесі.

      Параграф 2. Сыммен тарату станция жабдықтарының электромонтері, 4-разряд

      101. Жұмыс сипаттамасы:

      қашықтықтан басқару станциялары мен шағын станцияларын қоса алғанда, күшейткіштерінің біржолғы қуаты 0,1 кВт бастап 1,25 кВт дейін жабдықтарды, аппаратураны, радиотарату тораптарының антенналық және шығыс қондырғыларын регламенттелген пайдаланушылық-техникалық қызмет көрсету;

      дыбыс күшейткіштер мен ілеспе аударма жүйесін монтаждауға қатысу. сапалық көрсеткіштерді жоспарлы өлшеу жұмыстарына және қашықтықтан басқарылатын станциялар мен шағын станцияларды жөндеуге қатысу;

      сыммен тарату орталық станциялары ауысымының құрамында кезекшілік ету;

      резервтік энергобазаларға қызмет көрсету.

      102. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың қағидаттық және монтаждау схемалары;

      аппаратураның сапалық көрсеткіштерін өлшеу бойынша негізгі ережелер;

      қолданылатын өлшеу аспаптарының құрылысы мен мақсаты;

      қарапайым ақаулықтарды жою әдістері;

      электро және радиотехника негіздері.

      Параграф 3. Сыммен тарату станция жабдықтарының электромонтері, 5-разряд

      103. Жұмыс сипаттамасы:

      біржолғы күшейткіштерінің қуаты 1,25 кВт бастап 5 кВт, дейінгі трансформаторлық шағын станциялары бар жабдықтар мен аппаратураға, бір бағдарламалы және көп бағдарламалы радиотарату тораптарының антенналық және шығыс қондырғыларына регламенттелген пайдаланушылық-техникалық қызмет көрсету;

      күшейткіштері мен МПВ таратқыштары бар көп бағдарламалы желелік тарату желілерінің қашықтықтан басқарылатын және автоматтандырылған станциялары мен шағыс станцияларын басқару және телебақылау, өлшеу, баптау және жөндеу жұмыстарын орындау;

      бейнемагнитофондарға, теледидарларға, ілеспе аударманың техникалық жабдықтарына және қуаты 1 кВт дейінгі дыбыс күшейткіштерге техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге және баптауға қатысу;

      тұрақты уақтылы қосылатын желілерді монтаждау, дауыс зорайтқышын, дыбыс колонкаларын, микрофондарды; дыбыс жазу және дыбыс шығару құралдарын, орнату.

      104. Білуге тиіс:

      радиотарату, радиобайланыс, электроакустика және дыбыс зорайтқыш негіздері;

      ВЧ тығыздату, сыммен тарату желілерін қашықтықтан басқару және телебақылау қағидаттары;

      аппаратура мен жабдықтардағы қарапайым ақаулықтарды жою әдістемесі;

      қашықтықтан басқарылатын станциялардың, шағын станциялардың және орталық сыммен тарату станцияларының жұмыс ерекшелігі;

      сапалық көрсеткіштерді өлшеу әдістері.

      Параграф 4. Сыммен тарату станция жабдықтарының электрмонтері, 6-разряд

      105. Жұмыс сипаттамасы:

      күшейткіштерінің қуаты 5 кВт жоғары қашықтықтан басқару станциялары мен көп бағдарламалы радиотарату тораптары станциялары бар барлық жабдықтар мен аппаратуралар кешеніне регламенттелген пайдаланушылық-техникалық қызмет көрсету;

      орталық аппараттар мен қашықтықтан басқару және телебақылау жүргізілетін станцияларда кезекшілік ету; радиотарату желілерінің станциялық жабдықтарын өлшеу, баптау және жөндеу, дыбыс күшейту және ілеспе аударма, сапалық көрсеткіштерді өлшеу, қуаты 5 кВт дейінгі дыбыс күшейткіш жабдықтарын жөндеу, баптау, көп бағдарламалық тарату станциялық жабдықтарын монтаждау және жөндеу бойынша жұмыстарды орындау;

      осы жұмыстарды орындау кезінде басшылық ету;

      жылжымалы дыбыс зорайтқыштары станцияларындағы жұмыс;

      шеберханаларда – аппаратура күшейткіштерді, бөліп таратқыштарды және көп бағдарламалық топтық таратқыштарын, түзету қондырғыларын, бақылау-өлшеу аппаратураларын жөндеу.

      106. Білуге тиіс:

      жүйе қондырғылары: ВЧ тығыздығы, қашықтықтан басқару және жүйені телехабарларын бақылау;

      қызмет көрсетілетін жабдықта күрделі ақаулықтарды жою әдістері;

      жабдықтар мен аппаратураның сапалық көрсеткіштерін өлшеу әдістері.

      Параграф 5. Сыммен тарату станция жабдықтарының электромонтері, 7-разряд

      107. Жұмыс сипаттамасы:

      күшейткіштерінің қуаты кез келген, күрделі электрондық басқару, бақылау және қорғау схемаларымен жабдықталған қашықтықтан басқару станциялары мен көп бағдарламалы сыммен тарату тораптарының шағын станциялары бар барлық жабдықтар мен аппаратуралар кешеніне регламенттелген пайдаланушылық-техникалық қызмет көрсету; пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету, интегралдық микросхемалар, микропроцессорлық техниканы пайдалана отырып, орындалған жабдықтардың сынақтық үлгілеріне регламенттелген техникалық қызмет көрсету және баптау;

      жабдықтарды монтаждау, реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргізу. қызмет көрсетілетін жабдықты диагностикалау, ақаулықтарды жою;

      сыммен тарату жүйелерінің барлық түрлерінің параметрлерін өлшеу (моно, стерео, көп бағдарламалық, сандық);

      тұтас жабдық кешенін баптау және реттеу;

      қызмет көрсетілетін жабдықта, аппаратурада жұмыстардың барлық түрлерін орындайтын электромонтерлерді басқару.

      108. Білуге тиіс:

      ВЧ тығыздау жүйесі;

      қашықтықтан басқару және ПВ жүйесін телебақылау, күрделі электронды басқару, бақылау мен қорғау схемасымен жабдықталған ПВ техникалық қондырғыларының қарапайым базасы;

      жабдықты монтаждау және жөнге келтіру ережесі;

      микропроцессорлық және есептеу техникасының элементтері.

      17. Радиотелевизия жабдықтары станциясының электромонтері

      Параграф 1. Радиотелевизия жабдықтары станциясының электромонтері, 3-разряд

      109. Жұмыс сипаттамасы:

      қосымша жабдықтарды қоса алғанда (сигнализация және бақылау жүйесі, электр қоректендіргіш, ауамен және сумен салқындату, ауа баптау, өндірісішілік байланыс аппаратурасы, сұйық азот өндіру бойынша салқындату-газ машиналары және тағы басқа), радиобайланыс, радиотарату, телевидение, радиорелелік және спутниктік станциялардың қабылдағыш, қабылдағыш-таратқыш, таратқыш жабдықтары мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуге қатысу;

      аспаптардың көрсеткіштерін бақылау;

      аспаптардың көрсеткіштері мен жекелеген технологиялық сипатына қарай жабдықтың жұмысындағы ақаулықты анықтау;

      қарапайым ақаулықтарды жою (сақтандырғыштарды, қуаты аз трансформаторларды, дроссельдерді, конденсаторларды, потенциометрлерді, релелерді, гидрокнопкаларды, фильтрлерді және тағы басқа ауыстыру);

      кабельді қосуды орындау;

      электр және радиоөлшеу аспаптарының, телевизиялық камералар мен антенналардың ауыспалы бақылау құрылғыларын орнату;

      қарапайым электр жарықтандыру жұмыстарын орындау;

      жабдықтарды тазалау;

      шлангілерді, сүзгілер мен радиолампа бөшкелерін, ауа және сумен салқындату жүйелерін бөлшектеу, тазалау;

      орындалған жұмыстарға техникалық құжаттамасын жүргізу.

      110. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысы туралы жалпы түсінік және оны техникалық пайдалану ережелері;

      электр өлшеу аспаптарының (вольтметр, амперметр, омметр) мақсаты мен пайдалану ережесі;

      аппаратураның электр қоректендіргіш схемалары, техникалық құжаттаманы жүргізу ережесі;

      электротехника, радиотехника және телевидение бойынша қарапайым мәліметтер.

      Параграф 2. Радиотелевизия жабдықтары станциясының электромонтері, 4-разряд

      111. Жұмыс сипаттамасы:

      қызмет көрсетілетін жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, белгіленген жұмыс режимін сақтау;

      таратқыштар мен радиоқабылдау құрылғыларын қайта құру (әртүрлі режимде жұмыс істеген кезде);

      бейнебақылау құрылғысында бейне сапасын бағалау;

      жабдықтарға қызмет көрсету трактілерінің жұмысын тексеру;

      электр қоректендіргіш құрылғыларды және автоматты дизель-генераторларды іске қосуға дайындау, іске қосу және сөндіру (желіден қоректендіруге ауыстыру);

      ақаулы жері мен сипатын анықтау;

      жарамсыз техникалық құралдарды резервтік құралдармен ауыстыру;

      жекелеген күшті қалқандарды, магнит бақылағыштарды, гидрокнопкаларды, релелерді, ажыратып-қосқыштарды, потенциометрлерді, түзеткіштерді және тағы басқа жөндеу және ауыстыру;

      қозғалтқыштарды, генераторларды, коммутациялық құрылғыларды, тербелгіш контурларды, ЭПУ, аккумуляторларды монтаждау, ақаулықтарын анықтау және жою бойынша жұмыстарды орындау;

      ауыстырып қосқыштарды, ток түсіргіштерді, контурлық орауыштарды, ажыратқыштар мен осыларға ұқсас бөлшектерді механикалық реттеу;

      таратқыштың сапалық көрсеткіштерін, төмен жиілікті күшейткіштердің амплитудалық-жиілік сипаттамаларын, бейнекүшейткіштерді өлшеуге қатысу, сигналдардың деңгейін өлшеу және тағы басқа;

      режимдік кестеге сәйкес жабдықтарды дайындау және баптау;

      монтаждық схема бойынша қарапайым монтаждау жұмысын орындау.

      112. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың блок-схемасы және оны техникалық пайдалану ережесі;

      электрқозғалтқыштардың, тұрақты және ауыспалы ток генераторларының, жұмыс қағидаттары;

      күшейткіштердің электр схемалары, бақылау-өлшеу аппаратурасының мақсаты мен пайдалану тәртібі;

      ЭПУ құрылысы, қозғалтқыштардың, генераторлардың, коммутациялық жабдықтардың, аккумуляторлардың ақаулықтары мен оларды жою тәсілдері;

      электротехника, радиотарату және телевидение негіздері.

      Параграф 3. Радиотелевизия жабдықтары станциясының электромонтері, 5-разряд

      113. Жұмыс сипаттамасы:

      радио- және телевизиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, белгіленген жұмыс режимін қамтамасыз ету;

      радиотарату және телевизиялық трактінің, әр түрлі жүйеде ретрансляциялық радиобайланыстардың жұмысын бақылау;

      таратушы, қабылдаушы, аралық жабдықтардағы, коммутациялық жабдықтағы, ОВЧ-ЧМ және СВ радиостанцияларындағы, телевизиялық ретрансляторлардың, қоректендіргіштің түзеткішіндегі, электр қоректендіргіш жүйедегі, ауамен және сумен салқындатқыштағы, ауа баптағыштағы ақаулықтарды анықтау және жою;

      автоматтандырылған және қашықтықтан басқарылатын жабдықтардағы ақаулықтарды, РРС қабылдау-тапсыру жабдықтарын, ғарыштық байланыс станцияларының жабдықтарын, телефон арналары мен телевидение арналарын бөлу аппаратурасын тексеру, анықтау және жою;

      бекітілген жабдықтардағы жөндеу жұмыстарын орындау;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың сапалық көрсеткіштерін өлшеудің қолданыстағы әдістемесі бойынша өткізу, қуатын, қабылданатын сигналдардың деңгейін, жиілік сипаттамалары мен тағы басқа өлшеуге қатысу;

      ЭПУ мен автоматтандырылған дизель-генераторлық құрылғылары бар электр станцияларына ағымдағы жөндеу жүргізу;

      жобалау-конструкторлық құжаттамаға сәйкес монтаждау жұмыстарын жүргізу.

      114. Білуге тиіс:

      қызмет көрсету жабдықтарының қағидаттық және монтаждау схемалары;

      монтаждау жұмыстарын орындау ережесі;

      электр қоректендіргіштің автоматтандырылған жабдықтарының құрылысы мен жұмыс қағидаты;

      электр қондырғыларының ақаулықтары және оларды жою тәсілдері;

      жабдықты жөндеу жұмыстарын орындау тәртібі;

      қызмет көрсетілетін жабдықтың сапалық көрсеткіштерін өлшеу әдістемесі;

      күрделі бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс қағидаты мен қолданылу тәртібі (спектр анализаторы, жиілік сипаттамаларын өлшеуіштер, жабдықтардың сапалық көрсеткіштерін өлшеу тіреулері, стандарт сигналдарының генераторлары, осциллографтар, арнайы мақсаттағы өлшеу құрылғылары).

      Параграф 4. Радиотелевизия жабдықтары станциясының электромонтері, 6-разряд

      115. Жұмыс сипаттамасы:

      қашықтықтан басқарылатын автоматтандырылған жабдықтарға, аппараттық көзеуге, таратқыштардың бұғаттау және сигнализация жүйелеріне, бөліп тарату құрылғыларына, тығыздау аппаратурасына, аралық жабдықтарға, трансформаторлық шағын станцияларға техникалық қызмет көрсету, ақаулықтарды анықтау және жою, әзірленген құжаттама бойынша электр қоректендіру жүйесін жөндеу және жаңғырту бойынша жұмыстарды орындау;

      күрделі монтаждау жұмыстарын орындау;

      қолданыстағы әдістеме бойынша жабдықтардың, телесигнализация және телебасқару жүйелерінің негізгі сапалық және пайдалану көрсеткіштерін электрлік өлшеу;

      осциллограмма арқылы негізгі видеосигналдық өлшемдерді анықтау;

      сынау жолдары сигналдары бойынша жабдықтардың жай-күйін бақылау;

      қызмет көрсетілетін жабдықтарды реттеу, баптау және жаттықтыру;

      антенналарды бағыттау, электрлік қоректендіру, ауамен және сумен салқындату, ауа баптау, ауаны тазалау жүйесін, желдеткіш құрылғыларын жөндеу жұмысын және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметкерлерді басқару.

      116. Білуге тиіс:

      жабдықтар мен аппаратураны реттеу және жаттықтыру әдістері;

      электрондық схемалар және жабдықтардың автоматика схемалары;

      күрделілігі кез келген монтаждау схемалары, аппаратурадағы ақаулықтарды жою әдістері.

      Параграф 5. Радиотелевизия жабдықтары станциясының электромонтері, 7-разряд

      117. Жұмыс сипаттамасы:

      тәжірибелік және күрделі жабдықтарға (санды, микропроцессорлық техника) техникалық қызмет көрсету, реттеу және баптау;

      тәжірибелік жабдықтарды жаттықтыру;

      өлшеу жұмыстары кешенін орындау;

      жаңа жабдықтарды, блоктар мен платаларды әзірлеуге, маркеттеуге және жасауға қатысу;

      қолданыстағы жұмыс әдістемесі бойынша сандық техника мен электрондық-есептеу техникасы элементтерін жөндеу және қызмет көрсету жұмыстарын орындау.

      118. Білуге тиіс:

      тәжірибелік және күрделі жабдықтардың (санды, микропроцессорлық техниканы) баптау, реттеу, жаттықтыру әдістері;

      жұмыс жүйесінің жұмыс қағидаттары және аса күрделі жабдықтардың жүйелері;

      қызмет көрсетудің электронды сызбасы.

      18. Станция телеграф байланысы жабдықтарының электромонтері

      Параграф 1. Станция телеграф байланысы жабдықтарының электромонтері, 3-разряд

      119. Жұмыс сипаттамасы:

      телеграфты арналарды, байланыстарды, желілерді, сымдарды, тізбектерді, қондырғыларды, құрылғыларды, аппаратураларды, жабдықтарды кәсіпорынның ("өзіне", "желіге" телеграф каналдарын тексеру, тетік жасаудың сапасын тексеру және трансмиттер арқылы лентаны, шрифтты, қадамдарын және ленталарды созу, телеграфты аппараттың телеграфтау жылдамдығын, бауларды жасау және тексеру, бұзылған арналарды резервті каналдармен ауыстыру, бөлек каналдардың айналуын ұйымдастыру, "қысқа тұйықталу" тексеру және кабельді сынарларды үзу, ТГ-дан СП байланыстың өтуін және қабылдаудың дәрежесін тексеру, есептегіштің көрсеткішін түсіру, температура-ылғалды режимді бақылау құралдарын, тоқтың шығыны және тағы да басқа) цехының аумағында ағымдағы қызмет көрсетуге қатысу;

      факсимильді байланыстар және аппаратураларға ағымдағы қызмет көрсетуге қатысу;

      қарапайым профилактикалық жөндеу жұмыстарын өткізу және электромеханикалық телеграфты аппараттардағы және коммутаторлы жабдықтардағы (КНС, СК, КОК) табылған ақауларды жою, ауыспалы құрылғылардың профилактикалы тексерістері, дабыл лампаларын, жарық беру лампаларын ауыстыру, сақтағыштарды, реостатты лампаларды,бауларды тексеру және ауыстыру, дәнекерлеудің, дәнекердің сапасын тексеру;

      телеграфты аппараттардың және автоконсолдардың бөлшектерін тазарту, жуу, ауыстыру және реттеу, аппараттардың қаптарынан, ТНТ, ПСП беттерінен шаңды сүрту және тағы да басқа;

      бауларды, штепсельдерді, батырмаларды, клавишаларды, кілттерді, микротелефонды гарнитураларды жөндеу;

      ағымдағы монтаждау жөндеу жұмыстарына немесе жаңа телеграфты аппараттардың, концентраттардың, коммутаторлардың электр жүйелерін монтаждауға қатысу;

      сөндірілген жабдықта қарапайым монтажды жұмыстарды орындау, ПСП кросстау жұмыстарын орындау;

      қарапайым темір ұстасының жұмыстарын орындау, бөлек бөлшектерді реставрациялау және дайындау;

      телеграфты аппараттың ленталарын бір түске бояу;

      орындалған жұмысқа техникалы құжатнама, бұзылған жабдықтарға картотека, жабдықтың паспортына болуы мүмкін ақауларды жазу, профилактикалы жұмыстардың кестесін рәсімдеу, технологиялы карталардың, техникалық құжаттаманы жүргізу.

      120. Білуге тиіс:

      қызмет көрсету жабдықтарын орналастыруды, жұмыс сипатын, құрылым сызбасын, қарапайым өлшеу құралдарын (вольтметр, амперметр, омметр және тағы да басқа) пайдаланудың белгілері, құрылысы мен ережелері;

      техникалық қызмет көрсету жабдықтары мен қондырғыларын пайдалану ережелері мен нұсқаулары;

      телеграфтау негіздері, қуаттану негізі туралы жалпы түсінігі;

      импульсті техника және электротехника негіздері;

      жабдықтармен жұмыс істеген кезде техникалық қауіпсіздік ережелері мен еңбекті қорғау ережелері;

      өрт сөндіру қауіпсіздігі ережелері, техникалық құжаттама жүргізу тәртібі.

      Параграф 2. Станция телеграф байланысы жабдықтарының электромонтері, 4-разряд

      121. Жұмыс сипаттамасы:

      ПС, AT, аяқталған телеграфтық аппаратураның ішкі аймақтық байланыстарға ағымдағы қызмет көрсету;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың, аппаратураның байланыс қызметін көзбен шолып, сондай-ақ күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының (осциллографтың және тағы басқа) және құралдарының көмегімен бақылау;

      бекітілген кестеге сәйкес электромеханикалық жабдықтарды, аспаптар мен аппаратураларды (алмалы-салмалы блоктарын, бұғатталуын, таратқыштарды, қоректендіру блоктарын, "өзіне қарай" ТТ жүйелерін, коммутацияланатын телеграф арналарын, ГТС желілерін, сақтандырғышардың белгіленген номиналдарға сәйкестігін, іздегіштердің механикалық және электрлік жұмысқа қабілеттілігін, АП, АК, станциялық бауды, коммутаторлық жабдықтарды, тұрақты сигнализацияны алдын ала тексеру жұмыстарын орындау; аяқталған телеграфтық жабдықтарды (техперсоналдың өтінімі бойынша), телеграфистердің жұмыс орнындағы қабылдауға автожауаптардың болуын және тағы басқа тексеру);

      телеграф жабдықтарының және аппаратуралардың ақаулықтарын жайлы шеткі пункттердің телеграфистерінен және АТ және ПС абоненттерінен өтініштерді қабылдау;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың ақаулықтарын және бұзылуларды телеграфисттерден және АТ және ПС абоненттерінен түскен өтініш бойынша және жөндеу жұмыстары кезінде анықтау;

      аппаратураны, жабдықтарды, жеделхаттың текстің талдау, автожауаптың форматқа сәйкес келуінен, шеткі жабдықтарды "өзіне" тексеру кезінде, ГС, МТС байланыс линияларын сынау және телеграфты каналдардың цехтарымен (бұдан әрі - ЦТК), АП, ПИ, ГИ қадамдары бойынша тексеру арқылы ақаулардың немесе бұзылулардың орнын және учаскесін анықтау және қарапайым бақылау-өлшеу құрылғылары арқылы өлшеу жүргізу;

      байланыстардың қозғалысын қайта ретке келтіру, қызмет көрсетіліп жатқан аппаратураның, жабдықтың қарапайым тоқтап қалулары кезінде ақаулы жабдықты блоктау тәсілімен ақаулықтарын жою, бұзылған жабдықтардың блоктарын резервтегісімен алмастыру, айналмалы байланыстарды ұйымдастыру, АП, АК, ПИ, ГИ қарапайым ақаулықтарды жою, релелерді реттеу, байларды жасау және тағы да басқа;

      бұзылған жабдықтарды жіберуді рәсімдеу, байланыстың басқа бөлімшеге немесе шектес бұрышқа өтпеу учаскелерін локализациялау;

      ақаулықтарды және бұзушылықтарды жойғаннан кейін бекітілген нормаға сәйкес жабдықтардың, байланыстардың жұмыстарын бақылау;

      байланыстардың электр параметрлерін өлшеу;

      жабдықты, байланысты жұмысқа тапсыру;

      релелерді, телеграф аппараттарын, автоматиканы электронды аппаратураға автоматика тіреулерін, іздегіштердің қадамдарын, коммутаторлардың ұяларын және кілттеріне жөндеу жұмыстарын жасау, қарапайым реттеу;

      стартстопт аппараттардың бөлек тораптарын құрау және реттеу;

      қарапайым кроссты және жөндеу жұмыстарын орындау: АТ, ПС шеткі пункттерін монтаждау, бұрғылаушыларды монтаждау.

      122. Білуге тиіс:

      қондырғылар мен қызмет көрсету жабдықтарының электрлі, негізді және монтажды сызбасы;

      қосылудың барлық түрлерінің өтуінің қаңқа схемалары;

      цех бойынша электрқоректендіргіш пен сигнализация схемалары, арналар мен сымдарды өлшеу және сынау тәртібі;

      кабельді және әуе жолдары байланысы туралы жалпы мәліметтер, реттеу әдістері мен тәсілдері;

      көп таралған бақылау-өлшеу құралдарын қолдану ережелері және міндеттері;

      есепке алу мәлімдемесі және ақаулықтарды жою тәртібі туралы нұсқау;

      тізбектің, арнаның параметріндегі электр шамалары, жабдықтарды жөндеу;

      жабдықтардың монтаждау схемасын;

      монтаждау тәсілдері;

      дәнекерлеу және оларды орындау талаптарын, сымдарды төсеу ережелері;

      телеграф ережелері.

      Параграф 3. Станция телеграф байланысы жабдықтарының электромонтері, 5-разряд

      123. Жұмыс сипаттамасы:

      АТ, ПС қалалық байланыстарға, коммутация станциясы, ПТСК, АТК-20, жеке және зона ішінде канал қалыптастыратын аппаратуралар, телеграфты аппаратуралар, КНС, КОК, СК, шақыру құралдарын, АВК жабдықтарына және тағы да басқа сонымен қоса шеткі пункттерге де ағымдағы қызмет көрсету;

      технологиялы карталарға және бекітілген кестеге сәйкес қызмет көрсетіліп жатқан жабдыққа алдын ала жөндеу жұмыстарын жасау;

      тіркейтін жабдыққа техникалы қызмет көрсету;

      ақауларды жою үшін телефон арқылы өтініштерді қабылдау;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың, АТА (байланыстың өтуі туралы дабылдарды талдау, абонентті байланыс желілерін сынау, АК, ПУ тексеру, абонентті қондырғылардың бұрылу проценттерін, өзара қарым-қатынас дабылдарының ұзақтығын, бағыт бойынша жеке абоненттерге шығу және тағы да басқа) аппаратурасының бұзылған жерлерінің сынақ үстелдерін қолдана табу және локализациялау;

      электромеханикалы типті (шақыру құрылғыларындағы ақаулар, телеграфты аппараттардағы, резервті көзге қосқанда ТТ жүйелерді қуаттандыру блоктарында және электронды аппараттардың және жарылғыш құрылғылардың моторлы тізбектеріндегі, телеграфты тізбектерде және қуат беру тізбектеріндегі, импульсты құрылғыларда және абонентті есептегіштерде, қызмет көрсететін телеграфты байланыстарда және тағы да басқа) аппаратураның және жабдықтардың орташа күрделі ақауларын жою;

      дұрыс жұмыс істемейтін құрылғыларды бұғаттау, резервті аппаратураны, блоктарды ауыстыруды ұйымдастыру, бұзылулар болған жағдайда айналмалы байланысты ұйымдастыру;

      бекітілген нормаларға сәйкес аппаратуралардың және құрылғылардың электрлі және механикалы параметрлерін келтіру;

      байланыстардың қайта түзетілгенің, ақауларды жойғаннан кейін қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың жұмыс қабілеттерін бақылау;

      орташа тоқтап қалулар кезінде жабдықтарға және аппаратураға жоспарлы және жоспарланбаған жөндеу жұмыстарын жасау;

      электромеханикалы телеграфты аппараттарды, электронды аппараттардың электронды тораптарын, шақыру құрылғыларын, коммутация станцияларын, қадамды бұрылуларды, күрделі реле, МКС (шаблондарға сәйкес), нөмір тергіштерді және тағы да басқа, толықтай механикалы және электрлі реттеу және икемдеу, көп өрісті ламельдерді тазарту;

      жабдықтарды жөндеу жұмыстарынан кейін және профилактикалы жөндеулерден кейін жұмысын тексеру;

      техникалы талаптарға сәйкес екенін электрлік өлшеу (тығыздау резервті аппаратурасын, факсимильді аппаратураларды және тағы да басқа);

      стендтерде құрылғыларды тексеру;

      шеткі телефон жабдығын, ТТ жүйелерін жұмыс қабілетінің қайта қалыптастырылуына басшылық жасау;

      қызмет телеграф байланыстарын икемдеу;

      жаңа немесе резервті байланыстарды, шеткі пункттардағы және абоненттердің жабдықтарын қайта орнатуға, қолданыстағы байланыстарды жабуға қатысу;

      қайта түскен жабдықтың кіретін бақылауына қатысу. Т-53, Т-100, Т-63 электромеханикалы телеграфты аппаратураларға және олардың электр қозғалтқыштарына, электронды аппараттардың электромеханикалы бөлшектеріне орташа жөндеу жұмыстарын жасауға қатысу;

      жөндеу орталықтарында диспетчер функциясын орындау;

      бір жүйелі телеграфты аппараттардың электр қозғалтқыштарына күрделі жөндеу жүргізу;

      өте күрделі монтаж жұмыстарын орындау (қолданыстағы жүйені өзгертуді талап етпейтін); шаблон бойынша жгуттарды байлау;

      телеграф аппараттарын, концентраторларды, коммутаторларды орташа жөндеу жұмыстарында және монтажында токарлы және темір ұстасының жұмыстарын орындау; теретін платаларды, электронды релелерді, шеткі телеграф жабдықтарына қосалқы бөліктерді, трансформаторларды орау, дроссельдерді, индуктивті катушкаларды, релелерді орау және тағы да басқа дайындау;

      стендтерді, тіреуіштерді дайындау.

      124. Білуге тиіс:

      қызмет көрсету аймағындағы ток бөлуші желінің сызбасы, қашықтықтағы қуат алу және дабылдама ұйымдастыру негіздері;

      қондырғылар мен жабдықтарды электрлі реттеу және сынау тәсілдері;

      қызмет көрсету жабдықтары мен құрылғылардың электрлі және монтажды сызбалары;

      монтажды сызбаларды құрастыру негіздері;

      бақылау-сынау қондырғыларының жұмыс істеу негіздері мен белгілері;

      тізбектің негізгі электр параметрлері, тұрып қалу ережесі.

      Параграф 4. Станция телеграф байланысы жабдықтарының электромонтері, 6-разряд

      125. Жұмыс сипаттамасы:

      магистральді (оның ішінде халықаралық) телеграф арналарын, жалданатын арналарды, шетелдік өкілдіктердегі хабарламаны тарату орталықтарына енгізілген байланысты, топтық арна құраушы аппаратураны (ТТ-17 П, уақытша арна жасау аппаратурасы), абоненттерде орнатылған соңғы аппаратураны, коммутация арналарының үйлестіру жабдықтарына, деректерді тарату аппаратурасына, факсимильді жабдықтарға ағымдағы қызмет көрсету;

      әртүрлі телеграф аппаратурасына қызмет көрсету: әртүрлі үлгідегі телеграф аппараттары, оның ішінде күрделілігі, маркасы әртүрлі электрондық, фототелеграфтық аппарат, шақыру аспаптары, әртүрлі тональді тығыздау құрылғысы, факсимильді аппаратура және тағы басқа;

      бақылау-сынау және өлшеу аспаптарына қызмет көрсету, жабдықтың жұмыс қабілеттілігін көрсеткіштерінің кодтау мәндерін анықтау;

      тәжірибелік жабдықтар мен құрылғыларға қызмет көрсету;

      қызмет көрсетілетін жабдықтар мен аппаратурадағы күрделі ақаулықтарды (арнаның магистраль бөлігінің ақаулығы, топтық және желілік іздеу стативтерінің көп мәрте өрісінің, коммутациялық жабдықтардың желілік трактілеріндегі, деректерді тарату аппаратурасындағы, алмалы-салмалы және алынбайтын блоктардағы, платалардағы, соңғы құрылғылардағы және тағы басқа) анықтау, сипатын айқындау, локализациялау және жою;

      сынау үстелдерін пайдалана отырып, арна өлшемдерін тексеру;

      бақылау-сынау және тексеру аппаратурасындағы ақаулықтарды жою;

      жабдықтар мен аппаратураның ақаулықтарды жойғаннан кейін белгіленген нормаларға сәйкестігін анықтау;

      электрондық жабдықтар мен аппаратураны жөндеуге қатысу;

      электромеханикалық телеграф аппараттары мен олардың электр қозғалтқыштарын, электрондық аппараттардың электромеханикалық бөлігін жөндеуге қатысу;

      бірнеше жүйенің электр қозғалтқыштарын күрделі жөндеу;

      жаңа жабдықтарды, станцияда, ГОС, АТС (қоректендіру режимін, телеграф тізбектерін, топтық және генераторлық жабдықтарды, тональді жиілік арналарын монтаждау, тексеру және баптау, физикалық тізбектерді өзгерту, ТТ жүйелері мен ТЧ арналарына паспорт жасау, коммутация картасын, кабель-жоспарларды жасау, іске қосылатын жабдықтардың формулярын толтыру және тағы басқа) жаңа ТТ жүйесін баптауға және жаттықтыруға қатысу;

      абоненттік пункттерді орнату және жабдықтау;

      жаңа аппаратура мен аспаптарды, сондай-ақ зауытта жөнделгеннен кейін қайта келген жабдықтарды іске қосуды бастапқы бақылауды жүзеге асыру;

      генераторларды, сүзгілерді, таратқыштарды және басқаларды белгіленген өлшемдер бойынша баптау;

      материалдарды рекламацияға дайындау;

      рекламация жасауға қатысу. қолданыстағы жабдықтардың монтаждау схемаларын өзгерте отырып, күрделі монтаждау жұмыстарын орындау;

      күрделілігі кез келген ПСП кростау жұмыстарын орындау;

      қызмет көрсетілетін жабдыққа қосалқы құралдар мен аспаптардың қажеттілігін анықтау;

      жөндеу қосалқы құралдар мен аспаптары;

      қызмет көрсетілетін жабдықта, аппаратурада (жөндеу-техникалық қызмет көрсету, жүйелердің, арналардың, аппаратуралардың, соңғы құрылғылардың және тағы басқа қызметін қалпына келтіру) жұмыстардың барлық түрлерін орындайтын электромонтерлерді басқару.

      126. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың электр және монтаждау схемасы;

      жалпы станциялық дабылдамалар мен қызмет көрсету жабдықтарының электрлі және монтажды сызбалары;

      байланыс бағыттарының қатынасу сызбалары, пайдалануға берілген өлшеу жабдықтары мен жаттығулардың әдістері;

      байланыс теориясының негіздері, информатика және есептеуіш техника негіздері.

      Параграф 5. Станция, телеграф байланысы жабдықтарының электромонтері 7-разряд

      127. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі электрондық жабдықтарға қызмет көрсету, жөндеу және диагностикалау;

      электрондық телеграф аппараттарының, терминалдардың, өлшеу аппаратурасының, телеграф станцияларының, арна құраушы жабдықтардың, АЭС (телеграф арналарының электрондық станциялары) жабдықтарының блоктарында ТЭЗ жөндеу;

      жекелеген тораптар мен құрылғыларды техникалық тексеру, бақылау және жабдықтардың өлшемдері мен электрондық элементтерінің беріктігін диагностикалау;

      қателіктерді уақытында анықтау үшін мәтіндік тексеру;

      перифериялық құрылғыларды (дисковод, принтер, басу ұштары және тағы басқа) бөлшектеу, жөндеу және баптау;

      байланыс жабдықтарындағы күрделі ақаулықтарды жою;

      технологиялық жабдықтар мен бақылау-сынау аппаратурасын бағдарламалау, баптау, жаттықтыру және жаңа электрондық түрін орнату;

      өте күрделі схемалар бойынша жаңа жабдықтарды орнату және қолданыстағыларды реконструкциялау кезінде монтаждау жұмыстарын орындау (баспа және монтаждау платаларын жасау, микросхемаларды монтаждау);

      телеграф станцияларының орталық құрылғыларын өздігінше бағдарламалау;

      электрондық-есептеуіш құралдар негізінде жабдықтар мен аппаратураны баптау және ретке келтіру: көп арналы электрондық арна құраушы аппаратура мен бақылау телеграф арналарының аппаратурасы, телеграф, фототелеграф, факсимильді байланыс және деректерді беру жабдықтарының соңғы электрондық аппаратурасы, телеграф хабарламаларын қайта қабылдау және сапасын бақылау аппаратурасы және өлшеу аппаратурасы;

      қызмет көрсетілетін жабдықта, аппаратурада жұмыстардың барлық түрлерін орындайтын электромонтерлерді басқару.

      128. Білуге тиіс:

      байланыс теориясының негіздері;

      электр аппаратуралары мен жабдықтарының жұмыс принциптері және қондырғысы;

      қызмет көрсету жабдықтарының монтаж, сандық және баламалы интегралды сызбалары;

      интегралды микросызбалары, бағдарламалау негіздері;

      статикалық кернеу әсер ететін микросызбаларды қорғау шаралары, байланыс теориясының негіздері.

      19. Телефон байланысының станциялық жабдықтарының электромонтері

      Параграф 1. Телефон байланысының станциялық жабдықтарының электромонтері, 3-разряд

      129. Жұмыс сипаттамасы:

      қалааралық телефон байланысына қызмет көрсету кезінде: тіреу жабдығын, автоматты және жартылай автоматты байланыстың жеке жабдықтарын, сөйлесу пункттерінің жабдықтарын күтуге қатысу; коммутаторлық цех (зал), сөйлесу пунктінің жабдықтарын, күшейткіштерді, дауыс зорайтқыштарды, тастатурлық нөмір тергішті күту;

      АҚТС (автоматты қалааралық телефон станциясы) жабдықтарына, түрлі мақсаттағы тораптарды күту; алдын ала тексеру және АҚТС жеке жабдықтарын ағымдағы жөндеу, онда анықталған ақаулықтарды жою; термоорауыштарды қалпына келтіру;

      счетчиктердің, температуралық-ылғалды режим аспаптарының және токтың шығынын көрсеткіштерін алу;

      коммутаторлық жабдықтарды (бауларды, штепсельдерді, ұяшықтарды, кнопкаларды, микротелефон трубкалары мен гарнитураларды, сақтандырғыштарды, дәнекерлегішті, кілт тазалау, реле) жөндеу;

      таксофондарды күту және күту және ақаулықтарды жою; жөндеу бойынша қарапайым жұмыстарды орындау, телефон аппараттарын, қалааралық таксофондарды тексеру; желідегі таксофондарды ауыстыру;

      электромеханикалық счетчиктерді тексеру, анықталған ақаулықтарды жою;

      арна коммутациялары жабдықтарының жұмысқа жарамдылығын тексеру, байланыстардың өтпейтіні туралы өтінімдерге қызмет көрсету;

      алдын алу жұмыстарын орындау, қызмет көрсетілетін жабдықтағы анықталған ақаулықтарды жою;

      таксофондардың, телефондардың, коммутаторлар мен сөйлесу пункттерінің басқа да жабдықтарының дұрыс жұмыс істемейтіні туралы жөндеу бюросына өтінім қабылдау;

      жинағыштардың пломбысын ашу, таксофондардағы жинағыштарды инкассалауға дайындау және ауыстыру; жинағыштар мен кілттерді алуды және тапсыруды тіркеу;

      жинағыштардың сигнализациясын тексеру;

      абоненттік пункттерді (кабиналарды орнату, кабинадағы ақаулықтарды жою және тағы басқа) жабдықтауға қатысу; сөйлесу кабиналарына телефон аппараттарын орнату;

      таксофон жинағыштарының, олардың бөлшектерінің жойылуына және жабдықтарды ауыстыруға акті жасау;

      бекітілген учаскедегі таксофондардың табыстылығына талдау жасау;

      қарапайым монтаждау жұмыстарын орындау; кабель салу және байланыстыру; қызмет көрсетілетін учаскеде кростау жұмыстарын орындау: байланыстарды дәнекерлеу, дәнекерлерді түзету;

      орындалатын жұмыс бойынша техникалық пайдалану құжаттарын жүргізу;

      жабдықтардың бұзылу картотекасын жүргізу, бұзылу фактісін мәліметтен жабдықтың паспортына енгізу; алдын алу жұмыстарының кестені ресімдеу;

      қалалық телефон байланысының жабдықтарына қызмет көрсету кезінде: АТС, шағын станцияларға, мақсаты мен кроссы әртүрлі тораптарға (абоненттік және техникалық сигнализацияға қызмет көрсету, сақтандырғыштардың күю себептерін анықтау және жою, тексеру аппаратурасын жұмысқа дайындау, кростау жұмыстарын рапорттар бойынша орындау, абоненттік желілердің термиялық орауыштарын орнату, электр өлшеуіштерін орнату) қызмет көрсетуге қатысу;

      декадалық-қадамдық АТС-тің жеке жабдықтарын, автожауап бергішке қосуға арналған жабдықтардың барлық түрлерінің жиынтықтарын, өтпеу себептерін анықтай отырып, абонентке толық қосылуын, коммутациялық жабдықтарды, кросс жабдықтарын, тіреу сигнализациясының жұмысқа жарамдылығын алдын ала тексеру жұмыстарын орындау;

      байланыс бағыттары бойынша қосудан бас тартуларды тексеру, сақтандырғыштарды, термошектеуіштерді тексеру және қалпына келтіру;

      жеке сақтандырғыштарды ауыстыру, сынау-өлшеу үстелінен абоненттік желілердің өлшемдерін, ПСУ соңғы сөнуін және тоғын өлшеу; алдын ала тексеру кезінде анықталған топтық және желілік іздегіштердің жылжымалы механизмдеріндегі, бау жұбының аспабындағы механикалық ақаулықтарды сигнализация, абоненттер мен басқа АТС-тердің қызмет көрсетуші персоналының өтініші бойынша анықтау;

      жеке жабдықты ағымдағы жөндеу;

      жабдықтарды монтаждау кезінде қарапайым жұмыстарды орында (промқалқандардағы, іздегіштердің контактілік серіппелеріндегі дәнекерлерді түзету);

      жүктемені есепке алу есептеуіштерінің, температуралық-ылғалды режимді бақылау аспаптарының, ток шығыны көрсеткіштерін алу;

      бауларды, штепсельдерді, гарнитурларды, микротелефон тұтқаларын, тұтқа ұстауыштарды, сақтандырғыштарды, жөндеу, тексеру аппаратурасына арналған бауларды бекіту және ауыстыру;

      орындалатын жұмыс бойынша техникалық пайдалану құжаттамасын дайындау; пайдалану құжаттамасын ресімдеу, кростау кестелерін жаңарту;

      ауылдық телефон байланысының жабдықтарына қызмет көрсету кезінде: СТС телефон станциялары мен тығыздату аппаратураларына қызмет көрсетуге және ағымдағы жөндеуге қатысу (абоненттік және техникалық сигнализацияға қызмет көрсету, кростау жұмыстарын орындау, РСЛ тіреулеріндегі жеке сақтандырғыштардың жану себебін анықтау және жою және тағы басқа);

      абоненттік желілерді, жиынтықтарды, электр қуаттандыру кернеуін тексеру;

      сақтандырғыштарды тексеру және қалпына келтіру;

      жеке жабдықтарға алдын ала тексеру белгілеу; байланыстың дұрыс жүру және абоненттерге есілу сапасын бақылау;

      жабдықтарды монтаждау кезінде қарапайым жұмыстарды орындау; монтажды тазалау және түзету;

      бауларды, штепсельдерді, гарнитурларды жөндеу, сақтандырғыштар мен термошектеулерді тексеру және қалпына келтіру; техникалық пайдалану құжаттамасын жүргізу.

      130. Білуге тиіс:

      телефон аппаратының құрылғылары мен сызбалары, коммутаторлы жабдықтар мен таксофондардың сүлделі және монтажды сызбалары;

      қызмет көрсету құралдары туралы негізгі түсініктер, автоматты коммутация және жеткізу жүйесі;

      байланысты ұйымдастырудың функционалды сызбасы, өлшеуіш құралдарын қолдану ережелері мен белгілері;

      электрлі қуат алу көздері туралы негізгі мағлұматтар, телефонмен сөйлесу жеткізілімінің негіздері;

      таксофондар мен жабдықтардың техникалық қызмет көрсету нұсқаулары мен ережелері;

      Қазақстан Республикасының МС қалааралық және ішкі аймақтық желісінің техникалық пайдалану ережелері немесе олардың басқа да тараулары;

      техникалық-пайдалану құжаттамасын жүргізу тәртібі, таксофондардың жоғалуы туралы актілерін рәсімдеу тәртібі;

      электротехника негіздері, еңбек қорғау, өрт сөндіру қауіпсіздігі мен қауіпсіздік техникасы ережелері.

      Параграф 2. Телефон байланысының станциялық жабдықтарының электромонтері, 4-разряд

      131. Жұмыс сипаттамасы:

      қалааралық телефон байланысы жабдықтарына қызмет көрсету кезінде: қызмет көрсетілетін жабдыққа тексеру жүргізу;

      телефонды сынау-өлшеу үстелінен тексеру;

      АМТС желілік кешенінің жабдықтарына, жартылай автоматты байланыс жиынтықтарына және "Искра" жүйесіне, шағын арналы беру жүйесінің жабдықтарына техникалық пайдалану қызметін көрсету; жаңа байланыстарды іске қосу және қолданыстағыларды қайта қосу бойынша кростау жұмыстарын жасау үшін деректерді құрастыру;

      симметриялы кабельдің әуе тізбектерін сынау, өлшеу;

      біріктіру және абоненттік желілердің электр өлшемдерін өлшеу;

      қалааралық телефон байланысы сапасын тексеру және таксофондармен қалааралық қосылыстарды орнату;

      ГТС (біріктіру желілері бойынша байланыстың өтпеуі) технигімен бірлесе отырып алдын ала тексеру кезінде анықтаған ақаулықтарды жою;

      МТА-15-2, АМТ-69/15, ТМС үлгідегі және автономды тарификаторы жоқ соларға ұқсас таксофондардың бекітілген учаскелеріндегі және сөйлесу пункттерінің коммутаторларындағы ақаулықтардың кейбір түрлерін жою және қызмет көрсету (типа АПП—80 және КПП—10);

      таксофондардағы сигнал беруші құрылғыларға қызмет көрсету; байланыстың әрекетін және жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын қалпына келтіру; ақаулық учаскелерін анықтау және анықталған кемшіліктерді түзету; коммутациялық жабдықтарға енгізілген арналардағы ақаулықтардың сипатын анықтау және ақаулықтарын жою;

      тарату жүйелерін, релелік тіреулерді, келісуші жиынтықтарды ағымдағы жөндеу;

      2 жиілікті жартылай автоматика жабдықтарындағы ақаулықтарды анықтау және жою; тапсырудың аз арналы жүйелері бұзылған жағдайда айналма байланысты ұйымдастыру;

      таксофондардың және сөйлесу пункттерінің коммутаторларын, гарнитурларды, ондулограммаларын, электромеханикалық есептегіштерін ала отырып, дискілі нөмір тергіштерді, қарапайым телефон аппараттарын тексеру және байларын жөндеу;

      учаскедегі таксофондардың тиын жинағыштарын ауыстыру және тиын жинағыштарын ауыстырған кезде таксофондардың жұмысын тексеру (зуммер, жетонның жинағышқа салынуын), таксофонның тозаңдануын және шағын ақаулықтарын жою; таксофонның сыртқы түрін тексеру;

      жаңа бағдарларын өңдеу және ескілерін түзету;

      учаскелерде бағдар карталарын жасау;

      таксофондардың жинағыштары мен кілттерін тіркеу, беру және қабылдау;

      таксофондардың кілттерін сұрыптау;

      таксофондарды жаңадан орнату және орнын ауыстыру;

      енгізудің барлық түрлерінде абоненттік пункттерді орнату және жабдықтау; жинағыштардың жоғалуы бойынша актілерді ресімдеу;

      таксофон кабиналарының (электр лампаларын, жарық шыныларын, ілмектерді және тағы басқа ауыстыру) ішіндегі ақаулықтарды түзету;

      берудің аз арналы жүйелерінің станциялық жабдықтарының күрделілігі орташа монтаждау жұмыстарын және сөйлесу пунктінің таксофондары мен коммутаторлары бойынша монтаждау-орнату жұмыстарын орындау;

      күрделі жабдықта кростау жұмыстарын (кабельді салу, сыңғырлату, тілу үшін шаблон әзірлеу) орындау;

      орындалатын жұмыс бойынша техникалық пайдалану құжаттарын жүргізу; сөйлесу пунктінің таксофондары мен коммутаторларының (бұдан әрі - КПП) дұрыс жұмыс істемеуі бойынша жөндеу бюросына өтінім қабылдау, олардың жұмысын пультпен тексеру; қарапайым слесарлық жұмыстарды орындау;

      қалалық телефон байланысы жабдықтарына қызмет көрсету кезінде: АТС топтық жабдықтары, түрлі мақсаттағы шағын станциялар мен тораптарында алдын ала тексеру жұмыстарын орындау;

      абоненттік-станциялық өтінімдер бойынша біріктіру және тікелей сымдар бойынша ақаулықтарды анықтау; сигнализация бойынша, абоненттердің және басқа АТС (тораптарының) қызмет көрсетуші персоналының өтінімі бойынша алдын ала тексеру кезінде анықталған қорғаныш жолақтарындағы, кростың желілік және станциялық жақтарының рамаларындағы ақаулықтарды жою;

      станцияішілік және станцияаралық байланыс жұмысының, арнайы қызметтер байланысының сапасын тексеру; жабдықтардың техникалық талаптарға, электр параметрлеріне, реттеу нормаларына сәйкестігін тексеру;

      топтық және желілік іздегіштердің жылжымалы механизмдерін ағымдағы жөндеу және монтаждау, АК және абоненттік желілерді сынау-өлшеу үстелімен тексеру;

      ақаулықтардың орны мен сипатын анықтау, оларды жоюды бақылау;

      абоненттік және біріктіру желілерінің кростарында монтаждау жұмыстарын, бау жұбы аспаптарын монтаждау кезінде қарапайым жұмыстарды, аралық қалқандар мен сөндіріп-қосу қалқандарының жұмыстарын орындау;

      "Алтай" абоненттік станцияларын (автомашинадағы байланысты тексеру, абоненттік станцияларды резервпен ауыстыру, сөндіріп қосқыштарды механикалық реттеу) күтіп ұстау; абоненттік станцияларын монтаждау;

      ауылдық телефон байланысы жабдықтарына қызмет көрсету кезінде: алдын ала тексеру жүргізу, АТС жабдықтарын электрлік тексеру, тығыздату аппаратураларын, электр қуаттандыру құрылғыларын тексеру және анықталған ақаулықтарды анықтау;

      сигнализация мен арналардың әрекеттерін байланыстың өту сапасы индикаторы бойынша тексеру;

      соңғы АТС және біріктіру желілерінің жұмыс сапасын тексеру; жабдықтардың техникалық талаптарға, электр өлшемдерге, реттеу нормаларына сәйкестігін тексеру;

      станциялық жабдықтарды монтаждау және электр қондырғыларын жөндеу бойынша қарапайым жұмыстарды орындау;

      күшті және жарықтандыру электр желілерінің ақаулықтарын жою.

      132. Білуге тиіс:

      қызмет көрсету жабдықтарының электрлі, түпкілікті монтажды сызбалары;

      телефонды және радиотелефонды желілерді басқаратын құрылғылар мен коммутациялық жүйелердің құрылым негіздері;

      жеткізу жүйесі арналарының, абоненттік және байланыстыратын желілердің;

      электрлі нормалары мен тізбектердің параметрі, қолданылатын өлшеуіш құралдарының қызмет ету негіздері мен белгілері;

      құрылғылары, монтажды сызбаларды құрастыру негіздері, желі мен өлшеуіш жабдықтарын тексеру негіздері;

      есеп мәлімдемесі туралы тәртіп және таксофондарға келтіретін залалдарды алдын алу туралы нұсқаулары.

      Параграф 3. Телефон байланысының станциялық жабдықтарының электромонтері, 5-разряд

      133. Жұмыс сипаттамасы:

      қалааралық телефон байланысы жабдықтарына қызмет көрсету кезінде: тарату жүйесіне қызмет көрсетуге қатысу;

      қалааралық топтық телефон байланысы жүйесіне, жариялау арналарына қызмет көрсету және жариялау аппаратурасын жабдықтау;

      сөйлесу пункттерінің таксофондары мен коммутаторларының стенділеріндегі электрондық платаларын тексеру;

      жалпы станциялық АМТС жабдықтарын, аз арналы тарату жүйелерінің жабдықтарын ағымдағы жөндеу және баптау;

      микрокомпрессорлық қондырғыларды пайдаланбай тарификациялық құрылғылармен (бұдан әрі - ИМС) жабдықталған таксофондарды, сөйлесу пункттерінің коммутаторларын (ИМС-ті қолдана отырып) күтіп ұстау және ондағы ақаулықтардың барлық түрлерін жою;

      таксофондар желісін жаңғырту және дамыту; таксофондар мен тиын жинағыштарды ұрлаумен күрес бойынша іс-шараларға қатысу;

      МТС—МРУ станцияларының жабдықтарын және тіреудің типтік емес жабдықтарын күтіп ұстау және жабдықтау;

      магистральді және аймақішілік бастапқы желілердің тональді жиілігі арналарының электр параметрлеріне арналған норма әдістемесіне сәйкес тональді жиілік арналарын өлшеу;

      коммутацияның жалпы станциялық жабдықтарындағы ақаулықтарды жою, байланыстың болмауына күрделі өтінімдерді орындау;

      қарапайым баспа платаларын тексеру және жөндеу;

      автоматты және жартылай автоматты байланыс жабдықтарын пайдалану және ағымдағы жөндеу, баптау;

      автоматты және жартылай автоматты байланыс жабдықтарын, ДШИ-3 аспаптарын, оның ішінде жабдықты орташа және ағымдағы жөндеу кезінде реттеу және баптау;

      коммутация аспаптарын және автоматты және жартылай автоматты байланыстың жеке жиынтықтарын реттеу;

      көп арналы жүйелер бұзылған жағдайда айналма жолдарды орындау; АМТС станцияларының топтық және релелік жеке жиынтықтарын техникалық пайдалану, сөйлесу пункттеріндегі жабдықтардағы релені реттеу;

      қалалық телефон байланысы жабдықтарына қызмет көрсету кезінде: АТС-тің (тораптық) жалпы станциялық және аралық жабдықтарындағы, қатардағы, топтық және жалпы станциялық сигнализациядағы, СВУ-дегі, тапсырыстық-біріктіру желілері жабдықтарындағы, кросс сигнализациясындағы ақаулықтарды анықтау және жою;

      жабдықтарды алдын ала тексеру және бақылау кезінде, сынау-өлшеу үстелінде және СКТА анықталған механикалық ақаулықтарды жою;

      АОН аппаратураға, сигнализация бойынша АТСК техникалық пайдаланушылық қызмет көрсету;

      техникалық талаптарға сәйкес жабдықтардың электр параметрлерін өлшеу; жабдықтағы аспаптар мен реленің барлық түрлерін реттеу;

      жеке және аралықты қоса алғанда, жабдықтардың барлық түрлерін ағымдағы жөндеу; схемасын өзгертуді, түзетулер мен ұсынымдар дайындауды қажет етпейтін жабдықтардың барлық түрлеріндегі монтаждау жұмыстарын орындау;

      "Алтай" абоненттік станцияларына қызмет көрсету;

      коммутациялық, орталық станцияның қабылдау-тапсыру жабдықтарындағы ақаулықтарды анықтау және жою;

      жабдықтардың электр өлшемдерінің техникалық талаптарға сәйкестігін өлшеу; соңғы абоненттік станцияларды ағымдағы жөндеу;

      ауылдық телефон байланысы жабдықтарына қызмет көрсету кезінде: барлық үлгідегі АТС жабдықтарының ақаулықтарын анықтау және жою;

      жиілігін тығыздау жүйелерінде алдын ала тексеру жүргізу;

      қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттердегі ауылдық телефон байланысының жоғары жиілікті (АС-ВЧ, АВУ) аппаратурасын жөндеу; ауыспалы токты желілердің сипаттамасын өзгерту;

      жабдықтағы аспаптар мен реленің барлық түрлерін реттеу;

      АОН жабдықтарына қызмет көрсету және тексеру; жабдықтардың барлық түрлерін ағымдағы жөндеу; жабдықтардың барлық түрлерінде, сондай-ақ АТС кеңейген кезде монтаждау жұмыстарын орындау;

      түзеткіштердегі ақаулықтарды жою; электрмен қуаттану жабдықтарына ағымдағы жөндеу жүргізу.

      134. Білуге тиіс:

      қызмет көрсету жабдықтарының электрлі және монтажды сызбаларының барлық түрі;

      бақылау-сынау құрылғыларының қызмет ету негіздері мен белгілері;

      қызмет көрсету аймағындағы тоқ тарату желілерінің сызбалары;

      дабылдама мен кеңістіктегі электр қуаттануды ұйымдастырудың негіздері;

      таксофондарды реттеу әдістері;

      жеткізу жүйесі мен коммутациялық жүйені өлшеу және реттеу әдістері;

      техникалық сипаттамасы, жабдықтар мен құрылғыларды реттеу әдістері;

      таксофондарды тексеру мен реттеу нұсқаулары.

      Параграф 4. Телефон байланысының станциялық жабдықтарының электромонтері, 6-разряд

      135. Жұмыс сипаттамасы:

      қалааралық телефон байланысы жабдықтарына қызмет көрсету кезінде: тарату жүйесіне, соңғы аппаратураға және тарату аппаратурасына қызмет көрсету және баптау;

      ток бөлу жабдығына, сынау жабдықтары мен бақылау-сынау және өлшеу аппаратурасына қызмет көрсету және баптау; автоматты және жартылай автоматты жалпы станциялық жабдықтарды пайдалану процесінде тарату жүйесіндегі соңғы жабдықтарды анықтау және жою;

      көп арналы тарату жүйесінің барлық автоматты және жартылай автоматты байланыс жабдықтарын ағымдағы жөндеу және таптау, тіркеу және қайта есептеу жабдықтарын, АМТС станцияларын ағымдағы жөндеу және баптау;

      автоматтандырылған сөйлесу пункттерінде және арнайы қолдық ПЭКВМ базасында коммутациялық жүйелерді іске қосу бойынша монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу;

      таксофондардың құлыптарын қайта іріктеу және жөндеу бойынша слесарлық жұмыстарды орындау;

      МТС техникалық қызметтеріне сәйкес таксофондардың бұзылу сипатын анықтау, таксофондардың күрделі типтерін жөндеу, автоматты қашықтықтан бақылау жүйесіне енгізілген таксофондарға қызмет көрсету және олардағы ақаулықтарды жою;

      таксофондардың жаңа абоненттік пункттерін жабдықтау; топтық аспаптарға және бағдарламамен басқарылатын АМТС коммутациялық жабдықтарына қызмет көрсету, электроника элементтері бар (баспа платалары бар) коммутациялық жабдықтарына қызмет көрсету, электронды платаларды жөндеу, "тракт" қызметінің жабдықтарына қызмет көрсету, "арна" қызметінің жабдықтарын баптау, ГМТС жүйелерін баптау, таратудың сандық жүйелеріне қызмет көрсету, осы жүйелердің соңғы жабдықтарындағы ақаулықтарды анықтау және жою; таксофондарға қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстардың барлық түрлерін орындайтын электромонтерлерді басқару; разъезд жұмысшылары арасында жұмыстарды бөлу;

      қалалық телефон байланысы жабдықтарына қызмет көрсету кезінде: ИКМ жабдықтарына, тәжірибелік бақылау-өлшеу аппаратурасына, АВУ блоктарына қызмет көрсету;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардағы апатты ақаулықтарды анықтау және жою;

      декадалық-қадамдық және деректі үлгідегі АТС барлық коммутациялық жабдықтарындағы, топтық блоктағы, бақылау-өлшеу және тексеру аппаратурасындағы ақаулықтарды жою;

      күшейткіштер мен генераторлардағы деңгейлерді қалпы келтіре отырып, АОН аппаратурасында, СВУ, АПА тіреулеріндегі, СУС платаларында, жалпы станциялық сигнализацияда алдын ала тексеру жүргізу;

      бұзылған жағдайда айналма байланысты ұйымдастыру;

      пайдаланылатын жабдықтардың барлық түрлерін баптау және жаңа жабдықты баптауға және жаттықтыруға қатысу;

      АПА, АОН платалары мен сынау-өлшеу аппаратурасын реттеу, АККС және AT көмегімен ақаулықтарды анықтау, АККС деректері бойынша ақаулыққа талдау жүргізу;

      аспаптар мен жабдықтардағы күрделілігі кез келген схемаларды монтаждау жұмыстарын орындау (монтаждау схемасын өзгерту, түзетуді орындау);

      станцияның қабылдау-тапсыру жабдығындағы күрделі ақаулықтарды жою;

      біріктіру кабельдеріндегі абоненттік станцияларды, антенналық-келісу қондырғыларын жөндеу жұмыстарын орындау;

      орталық радиотелефон станциясының жабдықтарына, жылжымалы, абоненттік станцияларға қызмет көрсететін персоналдың жедел байланысын ұйымдастыру;

      бекітілген учаскедегі жұмыстың барлық түрін орындайтын электромонтерлерді басқару;

      ауылдық телефон байланысы жабдықтарына қызмет көрсету кезінде: ауылдық телефон байланысы жабдықтарындағы апаттық ақаулықтарды анықтау және жою;

      қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттердегі сандық тарату жүйесінің коммутациялық аппаратурасының барлық түрлеріндегі, барлық үлгідегі электр қуаттандырғыштағы ақаулықтарды жою;

      жаңа жабдықты баптауға және жаттықтыруға, барлық үлгідегі АТС-ті пайдалануға қабылдауға қатысу;

      бұзылған жағдайда айналма байланысты ұйымдастыру; күшейткіштер мен генераторлардағы деңгейлерді қалпы келтіре отырып, АОН аппаратурасында алдын ала тексеру жүргізу;

      бекітілген учаскедегі жұмыстың барлық түрін орындайтын электромонтерлерді басқару.

      136. Білуге тиіс:

      телефонды байланыс жабдықтарының басқа дабылдамалармен өзара әрекеті және индуктивтік, зуммерлік таралу;

      жалпы станциялық дабылдамалар, қызмет көрсету жабдықтарының электрлі және монтажды сызбасы;

      арналар мен нығыздалған жабдықтардың электрлі параметрлерінің әдістері;

      қызмет көрсету жабдықтарының күрделі бұзылуын алдын алу әдістері;

      байланыс бағыттарының қатынас сызбаларын, электр қондырғылары мен электр жабдықтарын техникалық пайдалану ережелері;

      информатика мен есептеуіш техника негіздері.

      Параграф 5. Телефон байланысының станциялық жабдықтарының электромонтері, 7-разряд

      137. Жұмыс сипаттамасы:

      қалааралық телефон байланысы жабдықтарына қызмет көрсету кезінде: электрондық-есептеуіш техника (квазиэлектрондық және электрондық типтегі АМТС, "Аист", "Газета-2", РМВ, ИКМ, Талшықты-оптикалық тарату жүйелері) құралдары базасында ерекше күрделі жабдықтар мен аппаратураға қызмет көрсету және жөндеу;

      ТП-3 көпаймақты тіреуі бар АМТ-69/15-М автоматтағы микросхемаларды бағдарламалау; жекелеген құрылғылар мен тораптарды техникалық тексеру, жабдықтардың электрондық элементтерінің өлшемдері мен беріктігін бақылау; ақаулықтарын уақтылы анықтау мақсатында тестілік тексеру;

      ВОСП, ИКМ-480, ИКМ-1920, К-3600, К-1920, ОКОП, СУГО, СГУУ трактілері қызметіндегі жабдықтарды баптау және жөндеу,тарату жүйелерінің аналогты-сандық жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу;

      басқару кешеніндегі барлық жабдықтарды жөндеу, баптау және ондағы ақаулықтарды жою;

      есептеуіш техника электроникасы базасындағы жаңа жабдықтарды орнату, баптау және жаттықтыру (квазиэлектрондық коммутация құралдары, талшықты-оптикалық кабельмен жұмыс істейтін сандық тарату жүйелері, электрондық схемалары бар концентраторлар мен телефон аппараттары мен бақылау-сынау аппаратурасы);

      коммутаторлық залдың жаңа жабдықтарын жөндеу және баптау (ТНН-ДМ блоктары, электрондық есептеуіштер, есептік қондырғылар);

      қолданыстағы жабдықтарды қайта құрастыру кезінде ерекше күрделі монтаждау жұмыстарын орындау; жалпы станциялық жабдықта жоғары жиілікті кабельді және талшықты-оптикалық кабельді монтаждау;

      күрделенген үлгідегі таксофонға, оның ішінде электрондық блоктары (каскады) бар таксофондарға қызмет көрсету, оны жөндеу және ақаулықтарын жою;

      қалалық телефон байланысы жабдықтарына қызмет көрсету кезінде: электрондық аппаратура мен ЭАТС жабдықтарына қызмет көрсету, баптау және жөндеу;

      АТСК-У, ЭМ-20, МТ-20/25 жабдықтарының баспа және электрондық платаларын, таратудың ұяшықты жүйелерін жөндеу;

      электрондық, квазиэлектрондық коммутация (АТС, АЗТС) құралдарын, сандық тарату жүйелерін, оның ішінде талшықты-оптикалық желілерде жұмыс істейтін жүйелерін жөндеу және баптау;

      жабдықтардың техникалық күйін бақылау (хабарламаны оқу және талдау, апаттар мен ақаулықтар туралы жүйе); жабдықтардың барлық түрлері мен сандық тарату жүйелеріндегі ақаулықтарға талдау жасау, жаңа жабдықтарды және бақылау-сынау аппаратурасын баптау және жаттықтыру;

      интегралдық жүйелерді монтаждау жұмыстарын орындау;

      ауылдық телефон байланысы жабдықтарына қызмет көрсету кезінде: барлық үлгідегі коммутация жабдықтарын және тарату жүйелері жабдықтарын түзетуге қатысу;

      станциялық жабдықтардың, тығыздау аппаратурасы мен ЭПУ электр және техникалық паспорттарын жасау.

      138. Білуге тиіс:

      жабдықтар мен электронды құрылғылардың қызмет ету негіздері;

      құрылысы мен сызбалар;

      сандық және баламалы интегралды сызбасы;

      ақпараттарды енгізу мен шығару қондырғысы жұмысының негіздері;

      микроэлектроника негіздері.

  Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына
(54-шығарылым) қосымшасы

Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші

№ р/с

Мамандық атауы

Разрядтар диапазоны

Беті

1

Антеннашы-діңгекші

3-7

2

2

Кабельші-жалғаушы

3-7

6

3

Байланыс операторы

3-5

10

4

Пошта тасушы

2-4

16

5

Пошта вагондарының жолсерігі-электромонтері

3-5

18

6

Радиооператор

4-6

19

7

Пошта жөнелтілімдерін сұрыптаушы және басылымға жіберуші

2-4

20

8

Телеграф қабылдаушы

3-5

22

9

Телефоншы

3-6

24

10

Фотооператор

3-5

29

11

Баспа экспедиторы

3

30

12

Пошта жабдықтары электромеханигі

3-6

31

13

Электр байланысы және сыммен тарату желілік құрылыстарының электромонтері

3-7

34

14

Жерасты құрылыстары және байланыс коммуникациясының электромонтері

3-5

44

15

Электр қондырғыларын жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі электромонтер

3-7

46

16

Сыммен тарату станция жабдықтарының электромонтері

3-7

51

17

Радиотелевизия жабдықтары станциясының электромонтері

3-7

55

18

Станция телеграф байланысы жабдықтарының электромонтері

3-7

58

19

Телефон байланысының станциялық жабдықтарының электромонтері

3-7

66


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады