Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 21 қарашада № 8089 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Қ. Тұрғанқұлов

      Хатшы                                      Б. Мелдешов

Қазақстан Республикасы    
Орталық сайлау комиссиясының
2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183
қаулысымен бекітілген    

Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру
пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулық

      1. Осы Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес әзірленді және сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайларды, дауыс беру пунктін жарақтандыруды нақтылайды.
      2. Учаскелік (аумақтық) сайлау комиссиясы (бұдан әрі – сайлау комиссиясы) орналасатын ғимаратта сайлау учаскесінің, дауыс беру пунктінің орналасқан жері, нөмірі және сайлау комиссиясы жұмысының кестесі көрсетілген көрсеткіштер ілінеді.
      Егер бір ғимаратта бірнеше сайлау учаскесі орналасқан болса, барлық сайлау учаскелерінің нөмірлері көрсетілген маңдайшалар ілінеді.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) арнайы бөлінген көрнекі орында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылады, оның сол жағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы тігіледі (орналастырылады).
      4. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте):
      1) сайлау комиссиясының мүшелеріне арналған столдар мен орындықтар;
      2) байқаушыларға, сенім білдірілген адамдарға және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған орындықтар;
      3) телефон аппараты;
      4) столүсті шамы, сағат;
      5) сейф немесе металл шкаф;
      6) калькулятор;
      7) көшіру аппараты;
      8) столмен немесе тұғырлықпен, қаламдармен жабдықталған, жасырын дауыс беруге арналған кабиналар;
      9) сайлау комиссиясының құрамы;
      жоғары тұрған сайлау комиссияларының, соттардың, прокуратура органдарының, құқық қорғау органдарының мекен-жайлары мен телефондарының нөмірлері;
      дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің үлгілері;
      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы белгілеген бірыңғай форматтағы кандидаттар мен партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпарат;
      тиісті сайлау комиссиясы белгілеген дауыс беруге арналған үй-жайдағы (пункттегі) тәртіп ережелері;
      сайлау комиссиясының дауыс беру нәтижелері туралы хаттамасының көшірмесі ілінетін ақпараттық стендтер орналастырылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) жасырын дауыс беруге арналған кабиналар жеткiлiктi мөлшерде жабдықталады, сайлау бюллетеньдерiн беретiн орындар айқындалады және дауыс беруге арналған тұрақты жәшiк дауыс беретiн адамдар оған жасырын дауыс беруге арналған кабиналар арқылы өтiп келетiндей етіп, ал сайлау комиссиясының мүшелеріне, байқаушыларға, сенім білдірілген адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерiне сайлау жәшігін, жасырын дауыс беру кабиналарына кіру мен шығуды байқау мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей етіп қойылады.
      Дауыс беруге арналған үй-жайдағы (пункттегі) дауыстарды санау жүргiзiлетiн столдар сайлау комиссиясы мүшелерiнiң iс-әрекетiн дауыстарды санау кезінде қатысушы барлық адамдардың толығымен көрiп отыруы қамтамасыз етiлетіндей етiп орналастырылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Столдарда «Учаскелік (аумақтық) сайлау комиссиясының төрағасы», «Учаскелік (аумақтық) сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары», «Учаскелік (аумақтық) сайлау комиссиясының хатшысы» деген жазулары, сондай-ақ әліпби әріптері немесе көше атаулары мен үйлердің нөмірлері бар көрсеткіштер, куверткалар орналастырылады.
      7. Үй-жайларда төмендегі нысандарға сәйкес келетін, дауыс беруге арналған бір тұрақты және екі тасымалданатын сайлау жәшіктері орналастырылады:
      1) тұрақты (үй-жайда (пунктте) дауыс беруге арналған) жәшік – қалыңдығы кемінде 0,5 см, биіктігі 90 см, ені 50х50 см мөлдір материалдан (оргшыныдан), қаңқасы – алюминий профильден (күміс түсті), ұштастырушы бұрышы пластиктен (сұр түсті) жасалады, бет жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының диаметрі 23 см бейнесі орналастырылады, жоғарғы қақпағы жылжымалы, онда (ортасында) ұзындығы 15 см, ені 0,5 см дауыс беруге арналған бюллетеньдерді салатын ойығы болады, жәшік пен қақпақта мөрлеуге немесе пломба салуға арналған металл құлақшалары болады;
      2) тасымалданатын (үй-жайдан тыс дауыс беруге арналған) жәшік – қалыңдығы кемінде 0,5 см, биіктігі 40 см, ені 30х30 см мөлдір материалдан (оргшыныдан), қаңқасы – алюминий профильден (күміс түсті), ұштастырушы бұрышы пластиктен (сұр түсті) жасалады, бет жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының диаметрі 23 см бейнесі орналастырылады, жоғарғы қақпағы жылжымалы, онда (ортасында) ұзындығы 15 см, ені 0,5 см дауыс беруге арналған бюллетеньдерді салатын ойығы болады, жәшік пен қақпақта мөрлеу немесе пломба салуға арналған металл құлақшалары, тасымалдауға арналған тұтқасы болады;
      8. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте):
      1) сайлау комиссиясының мөрі;
      2) дауыс беруге арналған жәшіктерді, сайлау құжаттамасын мөрлеуге немесе пломбалауға арналған құралдар;
      3) кеңселік керек-жарақтар (пакеттер, конверттер, қаптар, кеңселік желім, қайшы, буып-түюге арналған қағаз, жазуға арналған қағаз, сызғыштар, көк сиялы қаламдар, қарындаштар, шпагат, қағаз тескіш құрал, степлер, антистеплер, степлердің тоғындары және өзге де керек-жарақтар);
      4) кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеу журналы, байқаушыларды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеу журналы болуы тиіс.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Дауыс беруге арналған үй-жайларда (пункттерде) сайлау құжаттамасының, жабдықтардың және өзге де материалдардың сақталуы қамтамасыз етіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады