Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 26 наурыздағы № А-4/129 "Ақмола облысы Бурабай ауданында казино мен ойын автоматтарының залдарын орналастыруға арналған аумақты анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № А-12/560 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 5 желтоқсанда № 3510 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № А-7/356 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 21.07.2021 № А-7/356 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 11-бабындағы 1-тармағына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Ақмола облысы Бурабай ауданында казино мен ойын автоматтарының залдарын орналастыруға арналған аумақты анықтау туралы" Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 26 наурыздағы № А-4/129 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3318 болып тіркелген, "Арқа Ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2009 жылдың 11 сәуірінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

      "1. Қоса берілген сызбаға сәйкес, казино мен ойын автоматтарының залдарын орналастыру үшін Бурабай ауданының Щучье көлі жағалауының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан аумақ белгіленсін.".

      2. Облыс әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкімі Қ.Қожамжаров


  Ақмола облысы әкімдігінің
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ А-12/560 қаулысына
қосымша

Бурабай ауданында казино мен ойын автоматтарының
залдарын орналастыруға арналған аумақтың
сызбасы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады