Үйде оқитын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 42 қаулысы. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 ақпанда № 1-6-165 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 213 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2012.06.14 № 213 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Астрахан аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде оқитын мүгедек–балаларға, тоқсан сайын әр мүгедек–балаға алты ай есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету.
      2. Материалдық қамтамасыздандыру төлемдерін тоқтатуға әсер еткен жағдайлар пайда болған кезде (мектепті аяқтауы, мүгедек баланың 18 жасқа жеткені, мүгедек–баланың қайтыс болуы, мүгедектігінің алынуы, тұрғылықты жері өзгеруі, үйде оқытуға қажеттілігінің жоқтығы туралы психико–медициналық–педагогикалық кеңес қорытындысының болуы) тиісті жағдайлар түскен күннен бастап төлем тоқтатылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары М.К.Кожахметке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі                   Р.Әкімов

      «КЕЛІСІЛГЕН»

      «Астрахан ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Л.Забудько

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады