Жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № А-7/284 қаулысы. Ақмола облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 6 тамызда № 1-11-160 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № а-5/169 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 19.05.2016 № а-5/169 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшасына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыздағы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыздағы мөлшерінде интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      3. Есіл ауданы әкімдігінің "Кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдардың түлектері және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі № А-7/191 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-11-138 тіркелген, 2011 жылғы 26 тамызда аудандық "Жаңа Есіл" газетінде жарияланған) қаулысы күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.
      5. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Есіл ауданының әкімі Қ.Рахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады